Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық Ғылыми-техникалық сараптама мемлекеттік орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата28.12.2016
өлшемі12,04 Mb.
#633
1   2   3   4   5   6   7   8   9

БИОЛОГИЯЛЫҚ 

ӘРАЛУАНДЫЛЫҚТЫ

ҚОЛДАЙТЫН ЖҮЙЕЛЕР

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРАЛУАНДЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ 

МОНИТОРИНГІ ЖҮЙЕЛЕРІ, ҚОРҒАНЫС, САҚТАУ

Биоалуандылықты сақтау және мониторингілеу бойынша зерттеулер

 Өсімдік түрлерін жасушалық сұрыптау әдісін әзірлеу

Жануарлар түрлерін гендік сұрыптау әдісін әзірлеу

А/ш жабайы дақылдарының өнімділігін өсіру, биотикалық және абиотикалық факторларға бейімділігін арттыру және өнім сапасы бойынша зерттеулер жүргізу қажет

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ 

МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ

КЕҢІСТІКТІ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚҰРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

МҰНАЙДЫ АПАТТЫ ТӨГІЛУІНІҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҮЛГІЛЕУ

Екінші қайта өңдеуге арналған үйінділер мен қоймалардың геоақпараттық мәліметтер базасы

Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды мониторингілеу мен басқарудың инфрақұрылымын жасау бойынша кеңістікті мәліметтер

Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды мониторингілеу мен басқарудың инфрақұрылымын жасау бойынша ақпараттық технологиялар

Мұнайдың төтенше жағдайда төгілуін және одан кейінгі ауа райы жағдайына қарай өзгеруін математикалық моделдеу арқылы әзірлеу

Қоршаған ортаның техногенді ластануын бағалау деңгейінің әзірлемесі

 Табиғи және техногенді апаттар туындаған жағдада оларды болжамды және соған сай қарекет қылу технологиялары

ОС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ 

ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ШЫН ӨМІРДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ НЫСАНДАРЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БОЛЖАМДАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІН ӘЗІРЛЕУ, 

ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН 

АНЫҚТАУ

Шын өмірде қоршаған орта объектілерін мониторингілеу

Экожүйелердің маңызын анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу

Жер қабатын меңгеру барысында аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Минералді шикізаттың және оның өнімдерін өндіру және тасымалдаудың экожүйеге әсерін анықтау бойынша зерттеу жүргізу

Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды мониторингілеу және басқаруға арналған кеңістіктегі мәліметтер инфрақұрылымын жасау бойынша ақпараттық технологиялар

Мұнайдың төтенше жағдайда төгілуін және одан кейінгі ауа райы жағдайына қарай өзгеруін математикалық моделдеу арқылы әзірлеу

Қоршаған ортаның техногенді ластануын бағалау деңгейінің әзірлемесі

Табиғи және техногенді жағдайларды болжамдау және назар аударудың технологиялары

КӨЛІКҚҰРЫЛЫСЫ

АҚПАРАТТЫҚ-

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

53


Жасыл технология негізіндегі экологиялық тұрғыдан таза қоршаған орта

54


Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

55


Жасыл технология негізіндегі экологиялық тұрғыдан таза қоршаған орта

56


Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

57


Жасыл технология негізіндегі экологиялық тұрғыдан таза қоршаған орта

58


Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

59


Жасыл технология негізіндегі экологиялық тұрғыдан таза қоршаған орта

60


Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

61


Жасыл технология негізіндегі экологиялық тұрғыдан таза қоршаған орта

62


Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

63


ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕЙ БІЛЕТІН 

ЖӘНЕ ҚУАТТЫ ТИІМДІ 

ПАЙДАЛАНАТЫН ҚОҒАМ

04

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ



ЖҮЙЕЛІК САРАПТАМА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ

САЛАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 

«ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ 

МЕН ҮНЕМДЕЛУІНІҢ ҚОҒАМЫ»

Саларалық ғылыми зерттеулер мақсаттары-

ның жүзеге асуы:

Өндірісте, тұрмыста энергияны тиімді пай-

далану, оны үнемдеу деңгейін жоғарылату, 

жаңғыртылмалы энергия көздерін қолдану, 

сондай-ақ оны өндіріп, тасымалдаудағы өзін-

дік құнын төмендету. 

Алға қойған мақсаттарға зерттеуші топтар жұ-

мыс жүргізіп жатқан қоршаған орта мен табиғи 

ресурстар, машина жасау кешені,жаңа матери-

алдар жасап шығару, ауылшаруашылығы, био-

технологиялар, ақпараттық – коммуникациялық 

технологиялар аясындағы ғылыми тақырыптар-

ды біріктіру арқылы қол жеткізуге болады.

Осы айтылған салааралық ғылыми зерттеулер 

мен әзірленімдер жасауды жүзеге асыру олар-

ды алты негізгі бағыт бойынша қарастыруды 

қажет етеді: 

1.

  Энергетикалық ресурстар.



2.

  Энергияны өндіру.

3.

  Энергияны тасымалдау.



4.

  Энергияны пайдалану.

5.

 Энергияның үнемделуін қолдау және 



жаңғыртылмалы энергия көздерін ары қа-

рай дамыту (ЖЭК).



Энергетикалық ресурстар

Салаларалық зерттеулердің негізгі өнімдері 

және қызметтері мыналар:

Көмірді, сондай – ақ табиғи газды кешенді 

пайдаланудың энергетикалық тиімділігін 

арттыру;


Жергілікті және «Дәстүрлі емес» көмірсу-

тегі жанармайын пайдалану;

Жаңғыртылмалы энергоресурстарды электр 

және жылу үнемдеуші ресурс ретінде пайда-

лану.

Осы келтірілген өнімдерді алу үшін мына 

бағыттар бойынша зерттеулер нәтижелерін 

пайдаланған маңызды:

Тақтатас пен көмірдің негізінде тұрмыстық 

және өндірістік «таза» энергетикалық жа-

нармай алу үдерісін зерттеу және оның тех-

нологиясын жасау;

Мұнайдың ілеспелі газдарының, металлур-

гияның, мұнай және химия өнеркәсібі қал-

дықтарының және тағы да басқа өндірістік, 

табиғи қалдықтардың, ТБО және биомасса 

негізінде энергетикалық, өндірістік, тұрмы-

стық отынды жасау үдерісіне зерттеу жүр-

гізіп, оның технологияларын жасау;

ЖЭК – ін пайдалану арқылы отындық су-

текті, отындық (сутектік) ұяшықтарды, су-

текті қозғалтқыштарды жасау үдерісіне 

зерттеу жүргізіп, оның технологиясын да-

ярлау;

Жергілікті және бөлінген энергия жүй-



есін жоспарлау бойынша жаңғыртылмалы 

энергия ресурстарын және ЖЭК – нің бола-

шағы бар аймақтарға бейімділігін зерттеу;

ЖЭК негізінде энергия өндіруші тиімді 

құрылғыларды жасап шығару.

Көмір кен орындарындағы қалдықтар не-

гізінде түтінсіз және қатты отын алу мақса-

тында тәжірибелік – өнеркәсіптік сынақтар 

жүргізіліп, тиісті технологиялар жасалып 

шығарылмақ. Жоғары тиімділікті және эколо-

гиялық таза отынды алу мақсатында иннова-

циялық технологиялар әзірлеу жоспарлануда.

Энергетикалық теңгерімге жергілікті және 

«Дәстүрлі емес» көмірсутегі жанармайын 

(мұнайдың ілеспелі газдарының,шахталық газ-

дардың, металлургияның, мұнай, химия өнер-

кәсібінің және тағы да басқа өндірістік қал-

дықтардың, табиғи қалдықтардың, ТБО және 

биомасса негізінде энергетикалық, өндірістік, 

тұрмыстық)қатыстыру технологияларын жасау.

Айтылған бағытта сапалы нәтижелер «Қор-

шаған орта және табиғи ресуртар» облысын-

дағы тақырыптық бағыттарды жүзеге асы-

рғаннан кейін көрінбек. Олар:

Пайдалы қазбалардың (жер үстімен жұмыс 

істеуге бағытталған, ұңғымалы әдістер, алыс 

қашықтықтан анықтайтын әдістер, дәстүр-

лі емес тәсілдер) терең жер астында орна-

ласқан кендерін жоғары тиімділігі бар ке-

шенді іздеу, барлау тәсілдері арқылы табу;

Ашық әдіспен, жер асты әдістерімен және 

тағы да басқа жоғары тиімділігі бар тәсіл-

дер арқылыпайдалы қазбаларды іздеуге 

бағытталған технологияларды әзірлеу.

Іздеу мен барлаудың кешенді әдістерін, яғни 

алыс қашықтықтан жұмыс жасау, жер үсті, 

ұңғымалы геофизикалық әдістерді саналы 

пайдалану жер асты энерготасымалдаушы кен 

орындарындағы ауытқуы бар геологиялық, гео-

физикалық, геохимиялық аймақтарды анықта-

уға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған өнімдерді алу үшін «Ақпа-

раттық және телекоммуникациялық техноло-

гиялар» облысында жүргізілген зерттеулердің 

нәтижелері қажет:

Энергия ағынын басқаратын және түсетін 

салмақты оңтайлы реттеуге бағытталған 

жүйе жасау;



Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

65


«SmartGrid-технологияларын» жасау;

Орталықтандырылған энергия көздерін ин-

теграциялау бойынша зерттеулер жүргізу;

Электр және жылу желілерінің жұмыс 

тәртібін оңтайландыру, диспетчерлеу, мо-

ниторингтеудің зияткерлі жүйесін жасау;

Осы айтылғандармен бірге, «Машина жа-

сау» облысы бойынша пайдалы қазбаларды 

алу, оларды қайта өңдеуден өткізуге қажет 

құрылғыларды жетілдіру бағытындағы ғылы-

ми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері де қа-

жет болмақ. Сонымен қатар, тау – металлургия 

өнеркәсібінде сорғыш құрылығылардың ұзақ 

уақыт қызмет етуіне , жөндеу жұмыстарына 

кететін қаражатты үнемдеуге септігін тигізетін 

тегергіш сорғының жаңа конструкциясын жа-

сау, негізгі элементтерді жинақтау мен дай-

ындау, заманауи әдістерді пайдалана отырып, 

жинақтаудың технологиялық үдерісін өзгер-

ту арқылы бөлшектерді түрлендіру бойынша 

зерттеулер жүргізу қарастырылған.

Энергия өндіру

Осы айтылған бағыт бойынша зерттеулер мен 

әзірлемелердің негізгі өнімі/қызметі мыналар:

Жылу, электр энергиясын өндіргенде, оның 

экологиялық қауіпсіздігі мен энергетика-

лық тиімділігін жоғарылату технологиясы.

Бұл өнімді алу келесі тақырыптық бағыттар 

бойынша салааралық зерттеулер мен әзірле-

мелер жасаудан кейін мүмкін болмақ:

Жылу энергиясын өндіруден қалған қал-

дықтарды кешенді түрде кәдеге жаратудың 

әдістерін жасап шығару, жылу станцияла-

рындағы, электр станцияларындағы негізгі 

және қосалқы үдерістердің экологиялық 

қауіпсіздігі мен энергетикалық тиімділігін 

арттыру үшін қажет болатын технологиялар 

мен құрылғылар жасау;

Энергетикалық, өнеркәсіптік, ауылшару-

ашылығы және тағы да басқа объектілер 

шығаратын газ тәріздес қалдықтарды (бу-

ланып шыққан газдар, көмірқышқылы-

ның қос тотығы және тағы да басқалары)

ұстап қалу, байлау, сақтау, қайта өңдеу 

және осылардың негізінде пайдалы өнім-

дерді алу үшін технологиялар мен жаб-

дықтар жасау.

Қазақстанның жағдайына бейімделген 

жаңғыртылмалы энергия ресурстарын пай-

далану үшін жабдықтар мен технологиялар 

әзірлеу, жылу және жылу энергиясын беру-

ге, бөлуге, сақтауға, қолдануға бағытталған 

«жасыл», зияткерлі, тиімді генерация объек-

тілерін жасау. 

«Жасыл» экономика Қазақстанды «жасыл-

дандыруды» келесі бөлімдер бойынша жүзеге 

асыру қажеттілігін ұсынып отыр:

Жаңғыртылмалы энергия көздерін жетіл-

діру (күн, жел, геотермальды энергия, био-

газ және тағы да басқалары);

ТҮБ секторын «жасылдандыру» (жылумен, 

энергиямен жақсы қамтамасыз етілген 

«жасыл» ғимараттар, құрылыста «жасыл» 

материалдарды пайдалану және тағы да 

басқалары)

Көмірқышқыл газын ұстап қалу, сақтау 

және де кәдеге жарату бойынша техноло-

гияларды енгізу, жетілдіру;

«Таза» көлік мәселесін дамыту (қоғамдық 

көлікті жоспарлау және кеңейту, отынның 

баламалы түрлерін пайдалану, электромо-

бильдерді кең қолданысқа беру және тағы 

да басқа «таза» көлік түрлерін пайдалану, 

автомобильдерді кезекпен пайдаланудың 

арнайы бағдарламасын жасау және жүзеге 

асыру);

Қалдықтарды тиімді басқаруды жетіл-



діру (рециклинг, муниципалды қатты қал-

дықтарды қайта өңдеуден өткізу, жартылай 

салынып, бітпей, бос тұрған өндіріс объ-

ектілері тұрған жерлерді қөайта қалпына 

келтіру, «таза» орауыш материалдарын 

пайдалану):

Су ресурстарын басқару аясындағы «жа-

сылдандыру» (суды тазалау, суды екінші 

мәрте пайдалану жүйесі, жаңбыр суын пай-

далану жүйесі);

Жер ресурстарын басқару аясындағы «жа-

сылдандыру» («таза» ауылшаруашылығы, 

қоршаған ортаны қайта қалпына кел-

тіріп, оны сақтау, қала саябақтарын қайта 

қалпына келтіріп, оны сақтау, көшеттер 

отырғызу, топырақ сапасын көтеріп, оны 

сақтау).

Аталған зерттеулерді жүргізудің және әзірле-

удің нәтижесінде тапсыру шығындарын азай-

татын жылу энергетикалық құрылғылардың 

эксплуатациялық беріктігін көтеретін, ПӘК-ті 

арттыратын, жанар-жағармайдың шығынын 

қысқартатын, экологиялық және жылулық 

ластануды төмендететін, сонымен қатар ай-

мақтың экологиялық ахуалын жақсартатын 

технологиялар дайындалатын болады. Бұдан 

сырт жылу энергетикалық және өнеркәсіптік 

өндірістегі газтектес қалдықтарды кешенді 

түрде қолдануға мүмкіндік беретін технологи-

ялар әзірленеді. 

Ал нақты сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу 

үшін «Қоршаған орта және табиғи ресурстар» 

саласының тақырыптық бағытындағы төмен-

дегідей жұмыстарды жүзеге асырған жөн:

66


Ауылшарушылығының жергілікті нысанда-

рын және кәсіпорындарын қуатты сақтай-

тын және қайта қалпына келетін энергия 

көздерінің жүйесімен қамтамасыз ету;

Органикалық қалдықтарды мұқиятты түр-

де қайта өңдеу және биологиялық жанар-

майды алу;

Баламалы энергия көздерін пайдалануға 

арналған жаңа материалдарды әзірлеу жұ-

мыстары.


Сонымен қатар бұлармен бір уақытта «Ақпа-

раттық-коммуникациялар технологиялары» 

саласында төмендегідей ғылыми зерттеулер 

жүргізу қажет болады, атап айтсақ олар:

Салмақты қалыпты жүйелеудің және энер-

гиялық ағындарды басқарудың жүйесін 

әзірлеу;

«SmartGrid-технологияларды» әзірлеу;

Интеграция бойынша орталықсызданған 

энергия көздерінің жүйесінде зерттеулер 

жүргізу;

Мониторинг, жылу және электр желілерінің 

дисперчерлендіру және оңтайландыру деп 

аталатын интеллектуалдық желілерін жа-

сап шығару..

Бұл ретте көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін 

биогаз өндірісінің технологияларын жетіл-

діру жолдарында «Биотехнология» саласы-

ның ғылыми зерттеулерінің нәтижесін немесе 

көрсеткіштерін қолдану қажет, сонымен қатар 

энергияны генерациялайтын аппараттық жүй-

елерді жетілдіру жолында «Көлікқұрылысы» 

саласының ғылыми зерттеулерін пайдаланған 

жөн. 


Электротасымалдаушылардың транспорты

Аталған бағыт бойынша жүргізілетін ғылыми 

зерттеулер мен бағдарламалардың нәтижесін-

де алынатын негізгі өнім немесе қызмет көр-

сету түрі төмендегідей: 

Тұрақты, әрі берік түрде орталықтанды-

рылған жылу және қуатмен қамтамасыз ету.

Ал аталған өнімге қол жеткізу үшін келесідей 

тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми зерт-

теулер жүргізген жөн:

Интеллектуалды технологиялар мен мо-

ниторинг жүйелерін құрудың, басқару-

дың, жылу жүйелерін, электр желілері мен 

тұрақты және ауыспалы тоқтарды, сымсыз 

электр энергиясын жүргізуді, ыңғайлы, 

үлестірілген, локалы және автомономды 

желілерді және ҚКЭК (қалпына келетін 

энергия көздері) – ны қолдана отырып жү-

зеге асатын желілерді диспетчеризацияла-

удың барысын зерттеп, зерделеу;

ҚКЭК негізінде сымсыз сенсорлық жүй-

елерді, автоматтандыру және диспетче-

ризация жүйелері мен шағын энергетика 

нысандардың қабырғасын қалаудың жол-

дарын зерттеу.

Жылу және электрлік желілерді қолданысқа 

тапсырғанда назардан қалыс қалдырмауға 

тиісті желілерге түсетін салмақтың артуы, 

қауіпсіздік және сенімділіктің артуы, энерго-

тиімділік жинақтала келіп жұмыс нәтижесін-

де инновациялық өнімдерді автоматтанды-

рып, қуатты мониторингілеу мен басқаруды 

қамтамасыз ететін ғылыми – зерттеу және 

тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға де-

ген сұранысты арттырады. ҚКЭК – ны қолда-

на отырып жүргізілетін мониторингілеу, жылу 

және электр желілерін басқару, өзара бөлін-

ген, жергілікті және автономды жүйелер және 

желілердің жаңа бағыттары заманауи есеп-

теуіш, өлшеуіш құралдардың елегінен өтетін 

ауқымды мәліметтерді сақтау, жинақтауға, 

сараптау және қайта өңдеуге мүмкіндік береді. 

ҚКЭК-нің негізіндегі аз көлемдегі энергияны 

тұтынатындар негізінен шаруа қожалықта-

ры, таудың етегінде, қаладан жырақта ор-

наласқан ауыл-аймақтар болып табылады 

(яғни электр желілерін жүргізуге қолайсыз, 

қиындық туғызатын жерлер). Біртұтас сымсыз 

сенсорлы желіге біріккен тетіктер ақпаратты 

жинақтайтын, өңдейтін және жіберетін өзді-

гінен құрылатын желіні қалыптастырады. Ал 

сенсорлық жүйелердің ерекшелігі неде де-

сеңіз, олар: құрылғылардың сандық құрамы-

на бейімделген және бір элементтен екінші бір 

элементке хабарлама ретрансляция арқылы 

жіберуге қабілетті деп саналады. 

Тәртіп аралық зерттеулердің шеңберінде 

«Ақпараттық-коммуникациялар технологи-

ялары» саласында келесідей тақырыптық 

бағыттарды жүзеге асыру қажет болады:

Қысымды, салмақты жүйелі түрде реттей-

тін жүйені әзірлеп шығару және де энерги-

ялық толқындарды басқару;

«SmartGrid-технологияларды» әзірлеу;

Орталысызданған энергия көздерінің 

желісінде интеграция бойынша зерттеу 

жүргізу;

Жылу және электрлік желілердің жұмыс 

жүйесін мониторингілеудің, диспетчериза-

циялаудың және оңтайландырудың интел-

лектуалдық жүйесін әзірлеп шығару.

Бұл ретте сапалы өнімге қол жеткізу үшін 

«Қоршаған орта және де табиғи ресурстар» 

саласында жел энергетикалық және өзге де 

ҚКЭК құрылғыларының нақтылы ыңғайлы 

67


жерге орналасқандығын анықтау бойынша 

зерттеулер қажет болады. Сонымен қатар, 

«Көлікқұрылысы» саласында аппараттық ке-

шендер мен жел энергетикалық және өзге де 

ҚКЭК құрылымдарын әзірлеу қажет. 

Энергияны тұтыну

Аталған бағыт бойынша жүргізілетін ғылыми 

зерттеулер мен бағдарламалардың нәтижесін-

де алынатын негізгі өнім немесе қызмет көр-

сету түрі төмендегідей: 

Тұрақты түрде энергия жинақтайтын орта-

лықтандырылған жылу және электрді жи-

нақтау технологиясы. 

Аталған өнімге қол жеткізу үшін «Ақылды», 

қауіпсіз және энергиялық тұрғыдан тиімді» 

деп аталатын жүйесінің негізінде жеке, жер-

гілікті және өзара бөлінген тұрғындардың 

электрлік және жылу энергиясын басқарудың 

интеллектуалдық технологиясының қалай 

құрылатынын зерттеген маңызды. 

Бұл ретте қуатты қолданудың, пайдалану-

дың тиімділігін арттыруға аталған әдістер 

пен құралдарды жасауға мұрындық болатын 

отандық ғылыми жобалардың жоқтығы ке-

дергі келтіріп отыр, соның кесірінен қуаттық 

көрсеткішті арттыру бойынша импорттық ма-

териалдарды, техникаларды және технология-

ларды қолдануға бағытталған шаралар айтар-

лықтай қымбаттап жатыр. 

Әзіргі күні аталған бағыт бойынша зерттеуді 

және соған сай жобаларды әзірлеуді келесі-

дей маңызды объектілерді қажет етеді, олар-

дың қатарына: 

Жергілікті шикізат, басқарылатын жылу физи-

калық және оптикалық ерекшелігі бар матери-

алдардың, энергогенерациялайтын қаптауыш 

және жабындылар негізінде конструкциялы, 

энергиялық тұрғыдан тиімді құрылыс және 

жылуизоляциялық жаңа материалдарды әзір-

леп шығару;

Энергиялық тиімді ғимараттарды жобалау-

дың технологиясын әзірлеп шығару;

Кешенді автономдық қуатжинақтау жүйе-

леріне арналған тиімді энергогенерирую-

щего құрылғыларды әзірлеу;

Орталықтанған жергілікті және автоном-

ды энергия жинақтайтын аймақтарда өмір 

сүруге қолайлы жағдай жасайтын жүйе-

лерге қайта қалпына келетін және екінші 

санатты энергоресурстарды интеграцияла-

удың әдістері мен құралдарын әзірлеу;

Мекемелердегі қуатты тұтынудың қуат 

жинақтайтын және интеллектуалды жүй-

елерді басқарудың тиімді әдістерін жасап 

шығару. 


Автоматтандырылған энерго аудит және энер-

гиямен қамтамасыз ететін паспортизацилау, 

бөлінген энергия көздері мен тұтынушыларды 

сымсыз диспетчеризациялаудың техникалық 

және бағдарламалық тұрғыдан қажетті құрал-

дарын әзірлеп шығару. 

Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бір 

уақытта «Ақпараттық-коммуникациялар тех-

нологиялары» саласында төмендегідей ғылы-

ми зерттеулер жүргізу қажет болады:

Энергиялық ағындарды басқару және 

оларға түсетін салмақты реттеп отыру жүй-

есінде зерттеулер жүргізу қажет;

«SmartGrid-технологияларды» әзірлеу;

Орталықсызданған энергия көздерінің же- 

лісінде интеграция бойынша зерттеу жүргізу;

Жылу және электрлік желілердің жұмыс 

жүйесін мониторингілеудің, диспетчериза-

циялаудың және оңтайландырудың интел-

лектуалдық жүйесін әзірлеп шығару.

Қуатпен жинақтауды жетілдіру және де ҚКЭК 

(қайта қалпына келетін энергия көздері).

Аталған бағыт бойынша жүргізілетін ғылыми 

зерттеулер мен бағдарламалардың нәтижесін-

де алынатын негізгі өнім немесе қызмет көр-

сету түрі төмендегідей:  

Қоршаған ортаны ластайтын зиянды қал-

дықтарды азайту, ҚКЭК -ні кіріктіру не-

гізіндегі энергиялық тиімділік, «жасыл» 

энергетиканы ынталандыруға, қуаттауға 

арналған қаржылық құралдарды шығару 

және айналымға енгізудің технологияла-

рын әзірлеу негізінде ҚКЭК –ні кіріктірудің 

энергиялық тиімділігін ынталандырудың 

экономикалық механизмдері. 

Аталған өнімді келесідей тақырыптық 

бағыттар бойынша жүргізілетін тәртіп ара-

лық ғылыми жұмыстардың негізінде алуға 

болады: 

ҚКЭК-ні кіріктірудің көмегімен энергетика, 

өнеркәсіп, транспорт, ауыл және тұрғын-үй 

шаруашылығындағы энергиялық тұрғы-

дан тиімді «жасыл» және интеллектуалды 

объектілерін дамытуды, көбейтуді заңна-

малық-құқықтық, қаржылық және де ын-

таландыру жолдарының құралдары мен 

технологияларын құрудың және дамыту-

дың процессерін зерттеу.

ЕХРО-2017- ге қатысу мақсатында қа-

зақстандық мазмұндағы ҚКЭК-ні кең 

ауқымда және кешенді түрде қолданудың 

«жасыл» технологияларын әзірлеу. 

68


Қазақстан EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» 

көрмесін өткізу баламалы, «жасыл» энергети-

ка және энергия жинақтау саласындағы инно-

вацияларды жасап шығаруға және сол жоба-

ларды әлемге паш етуге үлкен, үделі мүмкіндік 

туғызады. Бұл ретте аталған тақырып бойын-

ша жан-жақты зерттелетін «жасыл» техноло-

гияларды әзірлеу өз қатарына мынадай техно-

логияларды қосады: 

1)

  Желэнергетикалық технологиялары;



2)

 Күн энергогенерациялайтын технология-

лары;

3)

  Гибридті энергогенерациялайтын құрылғы-



лар;

4)

  Геотермальді технологиялар;



5)

  Шағын гидроэнергогенерациялайтын стан-

циялардың технологиялары;

6)

 Биоэнергетика.



Аталған тақырып бойынша жүргізілетін зерт-

теулер интеллектуалды жекеменшіктің неме-

се дайын өнімнің құрылуына жол ашады деп 

күтіліп отыр. Ал дайын технологияларды қол-

дану жергілікті ғана емес, сонымен қатар кең 

ауқымдағы қолданысқа ие болуы мүмкін. 

Аталған өнімге қол жеткізу «Биотехнология» 

саласының, оның ішінде биогаз өндірісі ба-

рысында ферментациясы жұмысын жетіл-

діруде және «Көлікқұрылысы» саласының, 

оның ішінде шағын ГЭС-терге арналған 

аппараттық кешендер, биогазды энерге-

тикалық құрылғылар әзірлеу бағытындағы 

зерттеулерді жүзеге асырудың нәтижесінде 

мүмкін болады. 

Сонымен бірге «Қоршаған орта және табиғи 

ресурстар» саласында геотермалді бұлақтар-

дың орналасқан жерін анықтау бойынша зерт-

теулер жүргізу қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет