«Егемен Қазақстан» газеті. 2001. 15 тамыз. 2,4-б.
229
ҒАЛАМДАНУ жӘНе ҚАЗАҚ МӘДеНиеТі
(2001 жылғы 21-23 қаңтар күндері Стамбулда өткен түркі
халықтарының ІХ құрылтайында сөйлеген сөзі)
Біздің елімізді тәуелсіз дамыған 10 жыл ішінде саяси және
экономикалық жағынан бүкіл әлем танып мойындады.
Ал, рухани-мәдени тұрғыда таныды ма? Қазақстанның
ғылымы мен мәдениеті ел саясаты мен экономикасы деңгейіндей
танылды деп айта аламыз ба?
осы 10 жыл ішінде Қазақстан мәдениеті идеологиялық
бұғаудан, партиялық-мемлекеттік үстемдіктен азат болып, еркін
дамуға мүмкіндік алды.
Сөз бен баспасөз бостандығы, еркін ойлау мен ар-ождан
бостандығы Ата заң-Конституциямен әспеттеліп, кепілдік беріліп
қана қоймай, нақты өмір шындығына айналды.
Рухани мәдениеттің, атап айтқанда, әдебиет пен өнердің да-
муы үшін мүлдем жаңа жағдай қалыптасты, мұның өзі бізден,
қоғамнан, мәдениетті жасаушылар мен оны зерттеушілерден
әдебиет пен өнердің ролі мен мән-мағынасын жаңаша түсінуді,
таланттар туындыларын бағалаудағы жаңаша көзқарасты, олар-
ды ғылыми талдау принциптерін қайта зерделеуді талап етеді.
Қазір әдебиет пен өнер идеологиялық қана емес, көркем де
ойын-сауықтық қызмет атқарып, қандай да бір партияға неме-
се әкімшілікке емес, қатардағы адамға, сол арқылы – қоғамға
қызмет етуді парыз санайды.
Мұның өзі әдебиет пен өнер туындыларының түрлі әлеуметтік
топтардың мүдделері мен сұраныстарын есепке алу арқылы жаса-
лып, түрлі көркемдік-эстетикалық қасиеттері болуы тиіс екендігін
білдіреді.
демек, әдебиет пен өнер туындыларын бағалағанда «өнер
баршаға түсінікті болуы қажет» деген қағидаға қосымша «өнерді
түсіне білу керек» принципіне көшетін мезгіл жетті.
Қазіргі таңда еліміздің мәдени өмірінде өте қызықты проце-
стер жүріп жатыр. Бір жағынан, шығу тегімізге, тарих пен өткен
мұраға деген белсенділік артты. Екінші жағынан, мәдениеттің
батыстануы жүріп жатыр. Батыстың, яғни, бұқаралық деп ата-
латын мәдениеттің ықпал-әсері айқын байқалады. Бұл – бір-
біріне қайшы екі құбылыстың үйлесім тауып қатар өркендеуі
оларға деген қоғамдағы сұраныстың болу салдарынан туындаған
заңдылық.
230
Ғаламдану дәуірі мен біртұтас әлемдік ақпараттар кеңістігі
жағдайында мәдениет те, экономика сияқты, жеке-дара өзі өмір
сүріп дамуы мүмкін емес. Бұл әдебиет пен өнерге және олар-
ды зерттейтін ғылымдарға да қатысты пікір. Бүгінгі нақты өмір
шындығы ғылыми зерттеулер стратегиясын түбегейлі өзгертуді
және құндылықтың иерархиялық шкаласын қалпына келтіруді
талап етеді.
Сондықтан, қазіргі таңда әдебиет пен өнерді тек ұлттық
құбылыс деп қабылдау жеткіліксіз. Этникалық шеңберде қалып
қоюға және болмайды.
Қазақ әдебиеті мен өнері – тек ұлттық немесе этникалық
құбылыс емес. олар – дүниежүзілік көркем мәдениеттің ажы-
рамас бөлігі. Әдебиет пен өнерді осылайша ұғыну бізге мәдениет
проблемаларын әлемдік мәдениет контексінде қарастырып,
зерделеуді міндет етеді. Қазақ фольклоры мен әдебиеті өзінің
классикалық үлгілері арқылы әлемге барынша толық танылуы
қажет.
Біздің мемлекетіміз бен экономикамыздың жалпы әлемдік
интеграциялық процеске неғұрлым тереңдеп енуіне орай
мәдениет те бүкіл дүниежүзілік әдебиетпен және өнермен тығыз
ұштаса жалғасады да, бұл процесте олардың интернационалануы
анағұрлым қарқынды да тұрақты сипатқа ие болмақ.
осы шындықты мойындай отырып, біздің әдебиет пен өнер
қайраткерлері әлемдік мәдениет нарқына белсенді де батыл енуі
қажет.
олардың тәжірибесі мен таланты Қазақстан қоғамы ғана
емес, бүкіл жер шарының шығармашылық әлемінің сұранысын
да қанағаттандыра алатын шығармалар жасауға әбден жетеді.
Егер осындай жағдай қалыптасса, әлем жұртшылығы бізде ежел-
ден рухани-мәдени вакуум болған және бар деп ойламас еді де,
біздің мәдени рыногымызды әр түрлі сапасыз шығармалармен
жайламас еді. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін әлемге жабық
ел болғандығын да естен шығармау керек.
Қазақ әдебиеті мен өнерін әлемге өз мәнінде танытып,
шынайы болмысын биіктен көрсету үшін өнер шеберлерінің
концерттік бағдарламамен бір мәрте шетелге шығып қайтуы
жеткіліксіз. Біздің авторлардың ең үздік туындыларын насихат-
тау мақсатында шет елдерде тұрақты көрмелер, фестивальдар
және түрлі мәдени іс-шараларды жиі өткізіп отырған абзал.
231
Қазір қазақ классиктерін әлем тілдеріне тәржімалау мүлде
ұмыт бола бастады, сондай-ақ әлемдік классиканың төл тілімізге
аударылуы да тоқтап қалды десе де болады.
Алыс шет елдерді айтпағанның өзінде біз тМд елдерінің
мәдениетімен байырғы байланысымызды жоғалтып алдық.
Жалпыәлемдік көркем өнердің дамуында ең басты мәселе
мәдени байланыстар мен қарым-қатынастардың жандануы,
олардың өзара араласуы өмір талабынан туындаған қажеттілік
екені де шындық.
Біздің әдебиетіміз бен өнеріміз – жалпыадамзаттық
құндылықтың бір бөлігі екенін ұғыну өнеріміздің әдебиеттану
және өнертану ғылымдарына біраз міндеттер жүктейді.
ол міндеттердің бастысы – әлемдік көркем мәдениеттің даму
заңдылықтарын таяу уақытта зерттеп, ондағы төл әдебиетіміз бен
өнеріміздің орны мен рөлін анықтау.
Егемендік алған осы жылдар ішінде әдебиетіміз бен мәде-
ниетіміз жаңа туындылармен толықты және республикамыздың
мәдени өмірінде соны тенденциялар пайда болды. Авторлар,
әсіресе, кинематографистер мен суретшілер беделді халықаралық
көрмелер мен кинофорумдарда жеңіске жетіп, бәсекеге түсе ала-
тын ғажап туындыларды дүниеге әкеле бастады.
олардың артықшылықтарын ашып көрсетіп, авторлар
шеберліктерін талдау, үздік өнер туындыларын насихаттау –
жалпы өнер туралы ғылымның кезек күттірмейтін мәселелерінің
бірі.
Қазіргі Қазақстанның өнері мен өнертану ғылымы бүкіл
әлемдік мәдениет пен рухани кеңістікке еркін енуі үшін барлық
өнер түрінің төл тарихын жасап, қазақ өнерінің көне заманнан
осы күнге дейінгі даму үрдісін жан-жақты, әр қырынан зерттеуге
тиісті.
Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша зерделеу – күн
тәртібінде тұрған үлкен мәселе. Әдебиет тарихын ғалымдарымыз
енді тек көркем ойдың даму заңдылықтары тұрғысынан жазуы
керек. Екінші сөзбен айтқанда азаматтық немесе саяси тарихтың
жетегінде жүрмеу керек.
Егер көркемсөз тарихына эстетика заңдылығымен қарасақ,
қазақ әдебиеті өзінің даму барысында: 1) Абайға дейінгі әдебиет;
2) Абай дәуіріндегі әдебиет; 3) Абайдан кейінгі әдебиет атты үш
үлкен кезеңнен өткендігі байқалады.
232
Кеңес өкіметі жылдарында көптеген әдеби және фольклорлық
мәтіндер редакцияланып, қысқартуға ұшырап, тіпті бұрмаланып
басылғаны белгілі. түпнұсқа мәтіндерін қалпына келтіру – қиын
да зәру міндеттердің бірі. Мұндай жұмысты жүзеге асыру тексто-
логия ғылымын жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге тиіс.
осы орайда, қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптардың
сақталу жағдайы мен күйі алаңдатарлық жағдайда екенін айтпасқа
болмас. Қолжазбаларды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану
ісін жақсарту жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізу міндеті тұр.
Бай фольклорлық мұраның 100 томдық жинағын шығару маңызы
зор міндет болып табылады. Бұл – қазақ халқының рухани
әлемін, философиясы мен эстетикасын, этикасы мен педагогика-
сын, болмысын тануда баға жетпес құнды дүние. оның ең озық
үлгілерін әлем тілдеріне тәржімаласа, бұл басылымның маңызы
тіпті арта түсер еді. М.о. Әуезовтің 50 томдық академиялық толық
шығармалық жинағын басып шығару да, әлемдік мәдениетке
қосқан қазақ мәдениетінің әлемдік мәдениетке, интеграция
процесіне қосқан зор үлес болмақ.
Әрине, бұл міндеттердің жүзеге асуы тек қаржы мәселелерін
шешуге ғана тірелмейді. Сонымен қатар бұдан кем емес дәрежеде
мәдениетті жасаушы біздің жасампаз таланттар мен ғалымдардың
нарыққа қалай бейімделетініне, мәдениет менеджерлерінің
өздерін қалай танытатынына да байланысты.
нарыққа тез әрі білгірлікпен бейімделу, сол сияқты көкейкесті
мәселелерді шешу, сөз жоқ, біздің мәдениеттің әлемдік мәдени
дәстүрлермен бәсекеге түсуі үшін және Қазақстан қоғамының
рухани қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар тудырады.
Ғаламдану дамыған еуропалық елдердің өзінде де
алаңдаушылық туғызып отыр. олар өз тілі мен мәдениетінің
тазалығын сақтап қалу үшін әр түрлі шаралар қолданып жатыр.
Мұндай проблема бізде де, яғни әдебиет пен өнер, мәдениет
пен ғылым қайраткерлері алдында да тұр. Бәсекеге түсе ала-
тын шығармалар жасау және бұқаралық мәдениеттің ықпалын
бәсеңдету – қоғамымыздың рухани қауіпсіздігі жолындағы
күрестің басты тәсілдерінің бірі. Республика әдебиеттанушылары
мен өнертанушылары да бұл күреске өз үлестерін қосуы керек.
«ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҰҒА Хабарлары»
журналы.Тіл, әдебиет сериясы. 2002. № 1. 3–5-бб.
233
ҚАТеРЛі ОН жЫЛ еДі
(Елбасының «Сындарлы он жыл» атты кітабын оқығаннан
кейін туған ойлар)
Қазақ елі тәуелсіздік алардан отыз жылдай бұрын Азия
мен Африканың езгіде болған елдері отаршылдықтың бұғауын
талқандап, бірінен соң бірі азаттыққа ұмтылып жатты. Жер
шарының әр тұсында еркіндік әні шырқалған сол шақта біз де
тәуелсіздікті армандадық. Әрине. КСРо – күллі әлемді аузы-
на қаратқан мемлекет, мұндай алып елдің айбынды азаматы
болу да мәртебе, дегенмен, планетаның ең ауқымды мемлекеті,
бір жағынан сан ұлтты елдерді біріктірсе, екінші жағынан бұл
ұлы державалық бірлестіктің мәдени отарлау саясатын жүзеге
асыруға негізделгенін айқын сезінетінбіз. Өткен ғасырдың ал-
пысыншы жылдарында әр түрлі күрес жолымен жеңіске жетіп,
азаттық туын көтерген елдерге қарап, біз тәуелсіздік алсақ, 2050
жылдары ғана алатын шығармыз деп ойлап, алыс көкжиектерден
үміт күтетінбіз. Бір жақсысы – олай болмады. Біз аласапыран
өзгерістермен басталған XXI ғасырды тәуелсіздігінің тоғыз жы-
лын өткізген жас мемлекет ретінде қарсы алдық.
Содан бері өткен он жылды қатерлі деп атайтынымыздай
жөні бар. тәуелсіздікті бірден алған Қазақстан әдепкі кезде
мұхиттың жал-жал толқындары қақпақылдап әкеткен ескексіз
қайыққа ұқсады. Анығын айтсақ, елдің «тәуелсіз жұрт» деген
алтын айдарынан басқа ештеңесі де жоқ еді. Халық егемен ел
болдық деп көңіл тоғайтты. Ақындар тәуелсіздік туралы жарыса
жыр жазды. Жалпы қауым тәуелсіздік әкелген алтынкүректің
лебін сезінді. Бірақ, екінің бірі замана өзгерістерінің байыбы-
на бара бермейтін. осы бір кезең туралы Елбасы «ол кезде бәрі
де кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуінен тым әсерленген,
енді либерализм принциптері бойынша адамзаттың жаһандық
бірігуіне жол ашылғандай емексіген үміт құшағында болатын.
олардың бәрі де енді ешқандай кедергі қалмағандай, енді не нәрсе
де өзінен-өзі орнына келетіндей, балаң үміттің жетегіне ілескен-ді.
Егер бұрынғыдай екі «үлкен ағайынның» теке-тіресі артта қалған
болса, бүкіл елдер қару-жарақ шығынын өзінен-өзі азайтар бол-
са, енді толқып-дүрлігудің қажеті қанша дескен». Алайда, – бұл
мемлекетіміздің тағдыры қыл үстінде тұрған аса қиын уақыт бо-
латын. Шекарамыз аңырайып ашық тұрды. Жапқан күннің өзінде
234
оны қорғайтын әскеріміз жоқ еді. төл ақшамыз тағы болмады. Ал
өзіміз жаратып жүрген Ресей ақшасы күннен-күнге құнсызданып
бара жатты. Кеңестік жүйенің кеудесінен жаны шыққан соң,
оның бұрынғы елдерін байланыстырып тұрған желілер біртіндеп
үзіле бастады. Мұндайда қорғанысы да, қорғанышы да жоқ,
бағыт-бағдарын түзеп үлгермеген жас мемлекет кім-көрінгеннің
қолжаулығы болып кетуі де мүмкін. Сол тұста Президентіміз
сабырлылық танытты. Өтпелі кезеңде толқулар аз болған жоқ.
Батыста казактар қылышын жалаңдатты, шығыста бүлікшілдер
үйіміздің ішінен «үй тігуге» ұмтылды. осындай сәтте тізгінді те-
жеп ұстамаса, халықтың ашу-ызасы қаулаған өрттей бой бермей
кетуі қиын емес. Елбасының салиқалы саясаты есіктен кірмей жа-
тып, төр менікі дегендердің аптығын басып, оларға ашынғандарды
сабасына түсірді. Айналамыздағы мемлекеттер оттың жалынына
бір-бір шарпылып алған тұста, біз мұндай қатерден аман кеттік.
Былайғы жұртқа тап осылай болуға тиіс секілді көрінетін бейбіт
он жылды қатерлі кезең дейтініміз сондықтан.
Қатал сынақтан сүрінбей өтіп, онжылдықты артқа
тастағанымызбен тағы бірқатар күрделі мәселелер алдан
шықты. Соның бірі – қазір бүкіл әлемді ырқына бағындырып
тұрған жаһандану процесі. Елбасы өз кітабында жаһандану ту-
ралы екі түрлі түсінікке баға береді: «Біреулер үшін жаһандану
– халықтарды одан әрі алшақтата түсетін, сәулетшілері мен
инженерлерін өз қаңқасының астына көметін Жаңа Бабыл (вави-
лон). Енді біреулер үшін жаһандану – қоғамдар мен мемлекеттер
қауымдастығының әлеуметтік-мәдени мүдделерін бейнелейтін,
сөйтіп барша күштің мүдделерін жинақтауға және елеп-ескеруге
мүмкіндік беретін әлдеқандай Біртұтас Алаң теориясы». тегінде,
біз қаласақ та, қаламасақ та, жаһанданудан қашып құтыла алмай-
мыз. Мұны ұлттық құндылықтарды қылғытып жұтып жіберетін
аждаһа санатына қосып немесе елдің қағанағын қарқ, сағанағын
сарқ етіп, ұшпаққа шығаратын ұлы күш деп дәріптеудің жөні
жоқ. Біз әдетте не бар, не жоқ деген екі шектік өлшемнің бірінің
жалына жармасып үйренгенбіз. Жаһандану құбылысы да төбе
көрсетпей жатып, жалпы жұртшылықты екіге бөліп таста-
ды. Елбасы бір-біріне ой-пікірлері қарама-қайшы екі жақтың
өзіндік ұстанымдарын былайша аңғартады: «Жаһанданудың
қарсыластары үшін – бұл дегенің бар болғаны баяғы неоколони-
ализм, неовестернизация, неомодернизация (жаңғырту) сияқты
235
ескі құбылыстардың жанғырған атауы ғана. Жаһанданудың
жақтаушылары – бұған дейін бұрын артта калған өңірлердің
ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресіне тек қана
жаһандану ықпал етеді деген елеулі қисындары мен көрнекі
дәлелдерін көлденең тартады». Біздіңше, жас мемлекет жаңа
бағыт ұстап, даму барысында жақсы үлгілерді қабылдап отырғаны
жөн. Ендеше, жаһанданудың да прогрессивтік ролін мойындаған
жөн шығар. Барлық елдің мүддесін бір арнаға тоғыстыратын
жаһандану оған ілескен ұлттардың мәдени-рухани дамуына кері
әсерін тигізетіні де жасырын емес. олай болса, ілгерілеушіліктің
заңдылықтарына мойынсұна отырып, жаппай жұтылу ағынына
ұлттық иммунитетті қарсы қою керек. тарихта мұның мысалда-
ры бар.
Мәселен, үнемі өркениет көшінің басында жүретін Жа-
пония жаһанданудың қақпасына әлдеқашан еніп кетті. Бұдан
соң Күншығыс елінің мәдени-рухани болмысы жалпы әлемдік
дәстүрдің ыңғайына жығылып, жойылып-жұтылып кеткенін
көргеніміз жоқ. Керісінше, бұл ел осы процесс арқылы
мәдениетінің даму деңгейін ілгерілетіп алды. Мұның құпиясы,
біздіңше, жапондардың отбасылық этиканы қаймағын бұзбай
сақтап қалғандығында. Жаһанданудың керуеніне ілесеміз де-
сек, біз де осы үрдісті ұстануымыз керек. Жалпы, осы жаһандану
дегеніміздің өзін қалай түсінуге болады? Мұны әлемге
әмірін жүргізуді мақсат еткен американдық өмір салты деп
қабылдайтындар да бар. Бұл дұрыс емес. Қазақ елі жаһандануға
қосылса, өркениет көшінен қалмайды. тек әлгінде айтқандай,
отбасылық этика түпқазығынан ажырамауға тиіс. Шаңырақтағы
үлкен мен кіші арасындағы жарасымды қарым-қатынас, құда-
құдалық дәстүрлері жаһанданудың көмейіне жұтылып кетпегені
жөн. Бәзбіреулер Америка Құрама Штаттарында ұлттық белгілер
жойылып, бүкіл қоғамға тән әдеп қағидалары орныққанын
көріп, соның жолын құшамыз ба деп қауіптенеді. Мұхиттың
арғы бетіндегі алып елдің ұрпақтары бауырмалдықтан гөрі
безбүйректікке бейім тұратыны рас. Біздің олардан айырмамыз
тап осында болмақ. Ұлы дүрмекке ілесу барысында мәдениет, өнер,
ғылым жаһанданады. Ал халықтық әдеп-ғұрыптың жаһандануына
ешқашан жол бермеу қажет. Біздің жағдайымызда жаһандану
дәуірінде ұлттық отбасының сақталғаны дұрыс. Мұндайда жап-
пай жұтылуға ұлттық иммунитетті қарсы қоя білгенде» ғана
236
ұтып шығады. Президент жаһанданудың елге жағымды немесе
жағымсыз болуы жөніндегі ой-пікірін былайша тұжырымдайды:
«Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуал-
дар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен конструктивті
негізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен
дүниетанымдар дегеннің бәрі демесек те, осы сияқты көптеген
жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен
санасуды қажет етеді». демек, өзгелермен санаса отырып, өз
мүддемізді естен шығармауға тиіспіз.
Елбасының бұл еңбегінде көп тоқталған мәселесі – халық-
аралық терроризм. Бұрыннан бар бұл ұғым әйгілі 11 қыркүйек
оқиғасынан кейін басқаша сипат алды. терроризммен күрес де-
ген ұранды ту етіп көтерген елдер күшіне мінді. Америка Құрама
Штаттары бұл әрекетке қатысы бар екені толық дәлелденбегеніне
қарамастан Ауғанстанды жазықты қылып шығарды. орталық
Азияның бірқатар мемлекеттері АҚШ-тың әскери ұшақтарының
әуежайларынан ұшып-қонып тұруына рұқсат берді. түптеп кел-
генде, терроризммен күрес мәселесі бірқатар мүдделес елдерді
біріктіргенімен, өзіндік қайшылықтарын туындатып отыр.
Елбасының пікіріне ден қойсақ, «терроризм, сепаратизм, экстре-
мизм дегеніміз соғыс. демек, кез келген соғыстағы сияқты, біз,
антитеррорлық коалиция мен ерікті елдер ынтымақтастығының
мүшесі ретінде қару колданбай отыра алмаймыз. Алайда, халықтар
мен мемлекеттердің мүддесіне қайшы келетін байлар мен кедей-
лер әлемінің арасындағы түпсіз шыңырауды, бейбітшілік деклара-
циясына қатыса отырып, қару-жарақ сатушылықты, планетадағы
миллиондаған адамдардың есірткіге кіріптарлығын пайдала-
нып, қыруар қаржы жасаушылықты, геосаяси өркекіректік пен
өзімшіл өлермендікті жоймай тұрып, терроризмді де жою мүмкін
емес». Бұл тұжырым терроризмнің оңайлықпен жойылмайтын,
тамыры тереңге кеткен құбылыс екенін анық аңғартады.
«Сындарлы он жылда» егжей-тегжейлі баяндалған дін
мәселесі қазір баршаның назарында. Біз көп дінді мемлекетпіз.
Бұл, әрине, бір жағынан тыныштық сақтауға ықпалын тигізеді.
Бірақ, солардың біреуі күшейіп, қалған діндерді ырқына
бағындыра бастаса, ол да жақсылықтың белгісі емес. Бүгінгі күні
әлемдік қақтығыстарға белгілі бір дәрежеде діни қақтығыстардың
себеп болып отырғаны рас. Мұндайда барлық халыктар үшін
дін жаулаудың тәсілі мен тәпсірі емес, жан сақтаудың тәсілі
237
мен тәпсірі болғанын еске салудың зияны жоқ. Әр түрлі себеп-
терге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы
дағдарысқа ұшыраған шақта елдің коғамдық және саяси өмірінің
сахнасына бүкіл рухани идеяға ұйытқы болып дін шығады. Көп
жағдайда сенімнің біртұтастығы тарихтың тайғақ кешулерінде
халық тағдырына араша түсіп отырады», – дейді Президент. Көп
ұлтты мемлекетте көп діннің болуы аса қауіп тудырмауы мүмкін,
ал бір ұлттың бірнеше дінге бөлінуі ең сорақылықтың көрінісі.
діни танымның әр алуандығы ұлттың ынтымағын ыдыратуға
әкеп соқтырары хақ. «Үй ішінен үй тігудің» мысалдарын Сер-
бия мен Югославияның, ливан мен Солтүстік Ирландияның
тәжірибесінен көрдік. Бұдан түйетін ойымыз, қазақ бір дінде бо-
луы керек. Соңғы жылдарда өрімдей жастарымыздың өзге діннің
қақпасына еніп кетіп жатқанын естігенде жанымыз түршігеді. Бір
исламның ішінен әр қилы ағымдарға қарай бет бұрып, бір-біріне
көз алартып жүргендер туралы әңгімелерді де кейде құлағымыз
шалып қалады. Мұрат Мөңкеұлының XIX ғасырда «Мен қауіп ет-
кеннен айтамын» деп бүгінгі өмірді болжағаны сияқты, келешек-
те біздің ұлтымыздың өз ішіне іріткі салатын қатердің бірі де осы
болмақ. дін татулыққа қызмет етуге тиіс. нью-Йорктің көкпен
таласқан қос ғимараты опырылып түскеннен ислам дүниесін
құбыжық қылып көрсету белең алды. «Исламдық қауіп», «Ислам
террористер» – деген ұғымдар айыптаушы жақтың лексиконы-
на әбден сіңіп кетті. осыдан соң терроризмді тұзақтау мақсаты
мұсылман дүниесін қаралау ниетіне ойысып бара жатқан жоқ па
деген ой туады. «Мәселен, нәзік иірімдерін жіті аңғарған мемлекет
басшысы: «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды еріннің ұшымен
айта салу оп-оңай болғанмен, оның үрейлі қанатының кеңге жа-
йылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын
мифтік қауіп-қатер туралы емес, исламның өзін нақты қорғаудың
қажеттігін сөз ететін кез келді», – дейді. олай болса, дінімізді
алақол миссионерлерден, исламды өз ішінен жетілдіруге тырыс-
қан әр түрлі ағым өкілдерінен, имандылық ілімін қаралағысы кел-
ген сыртқы күштерден қорғауымыз керек. Себебі, Президенттің
тұжырымдағанындай, «Ислам басқа да әлемдік діндер сияқты тек
теологиялық ілім мен киелі элементтерді қамтитын діни саламен
ғана шектеліп қоймайды. Ислам дегеніміз – мінез-құлық пен
өмір салт кодексін белгілеп не бағдарлап қана қоймайды, соны-
мен бірге моральдық құндылықтар мен психологиялық қалыпты
орнықтырып отыратын тұтас жүйе».
238
Кітапта ұлттық қауіпсіздік мәселесіне де жете мән берілген.
Қазақстан тәуелсіздікті алуын алды, енді бүкіл ой-сана оны
қорғауға бағытталуға тиіс. Әйтпесе, әнұран ойналып, туымыз
желбіреп, теңгеміз айналымнан түспей тұрса, тәуелсіздік сақтала
береді деп ойлау мүлде қате. «Ұлттық қауіпсіздіктің міндеті елдің
негізгі өмірлік аса маңызды мүдделері – ұлттық дербестікті,
аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық
қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе
түрінде танылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің
өзі де жоқ», – дейді Елбасы. Біз ұлт қауіпсіздігі мәселесін
қозғаған кезде рухани қауіпсіздік жайын да ұмытпауымыз ке-
рек. Кітапта бұл мәселеге де орын берілген. Әлемдік ақпарат
ағыны жақсы үлгінің біразын санаға ұялатқанымен, саралап-
сараптап пайдаланбаса, рухани құндылықтарымызды шайып
кетуі мүмкін. Мұндайда бұл ағынға ұлттық өнер қарсы тұрады.
Жаңарып-жасанып келешектегі келбетін айқындай түседі. Ру-
хани қауіпсіздік дегенде, осындай жәйттер ұдайы назарымызда
болса дейміз.
Елбасы кітабын оқып шыққан соң елге қажетті мәселелерге
орай осындай пікірлерімізді білдіруді парыз санадық. Бұған қосып
айтарымыз: күрделіліктің ақжал толқынында аунаған қатерлі он
жыл президент назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде
сындарлы он жыл мазмұнын иеленіп үлгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |