Монополия– нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі.
Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық – монополия,ал фирма – монополистдеп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары: «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі;
Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды;
Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауыл- дармен) қорғалады.
Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар– бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Монополия жағдайында барлық кедергілер былайша екіге бөлінеді: