Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі



бет139/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   158
Байланысты:
тарих

155.қ.р қазақ тілінің мәртебесі.Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қ. Респ/дағы мем/тік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қ. Респ-дағы Тіл туралы» Заңында «Қ. Респ/ң мем/тiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мем/тік бағдарламалар жасалды.Қазақ тілі-мем-тік, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі.Алайда осыдан жиырма жыл бұрын мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі әлі іс жүзінде өзінің осы шынайы мәртебесіне толық жете алмай келеді. Қазақ тілінде оқытып, тәрбие беретін мектептер респ-ғы жалпы білім беретін 8 мыңдай орта мектептің жартысына да жетпейді. Бұл орта арнаулы және жоғары оқу орындары жүйесінде де әсер етіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ тіліндегі қазіргі көрсеткіші де мемлекет құраушы ұлтты қанағаттандырып отырған жоқ.Ең бастысы - ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін де ескермеуге болмайды. Өзін ешкімнен артық та, кем де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Әзір тәу/дік рухы баршамызды толыққанды түлете алмай отырғаны шындық. Осы арада бүкіл түркі әлемінің асыл перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәу/гі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» дегенін де еске сала кетсек, артық болмас. Сонымен мем-тік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Шын айтутына келгенде, мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Өркениетті елдерде тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешіледі. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті. Бұған жиырма жылдық жаңа өміріміз де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тәжірибелері де толық дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет