Математикалық гипотеза – бұл әдістің негізінде нақты математикалық құрылыстан /уравнение жүйесі, математикалық формализм арқылы зерттелген құбылыс аймағынан зерттелмегенге экстраполяция жасау жатыр.
Абстракциялаудан нақтылыққа жету –бұл зерттеу әдісі бойынша, нақты зерттелетін объектің негізгі қайшылығын қайталайтын бастаушы абстракцияны табу, соның теориялық шешімінің процесінде эмпириялық материалды ассимиляцияландыратын нақты қайшылықтардан шығуының мүмкіндігін ескеріп, зерттелетін объект туралы нақты-жалпы анықтама құрастырады.
Тарихшылдық пен логикалықтың бірлестігі –бұл әдістің негізінде объектілердің тарихи эволюциясын зерттеуі мен бір бағытқа салатын тарихи талдау арқылы логикалық тұрғыдан дәлелделген анықтама жүйесін біртұтас зерттеу ұстанымы жатыр.
Магистранттың өзін-өзі тексеруіне арналған сұрақтар: Танымның философиялық методологиясының мазмұны нені қамтиды?
Гносеология, методология және эпистемологияның қатынасын көрсетіңіз.
Ғылыми танымның өзгешелігі.
Ғылыми танымның типологиясы мен әдістер қлассификациясының қатынасын көрсетіңіз.
Жалпылогикалық әдістерді көрсетіңіз.
Эмпириялық танымның әдістеріне не жатады?
Теориялық танымның әдістеріне не жатады?
Эмпириялық пен теориялық танымның айырмашылыға неде?
Метатеориялық таным дегеніміз не?
Метатеориялық әдістерге не жатады?
Қолданылған әдебиеттер: Розин В.М. Философия и методология: традиция и современность // Вопросы философии. 1996. № 11. С. 61.
Гуссерль Э. Философия как строгая наука. Новочеркасск. 1994. С. 173-174.
Касавнн И. Т. Об эпистемологическом статусе ситуационных исследований // Смирновские чтения. М., 1999. С. 197.
Рузавин Г.И. Роль и место абдукции в научном исследовании // Вопросы философии. 1998. № 1.
Швырев B.C. Теоретическое и эмпирическое в научном познании. М., 1978.
Г. фон Вригт. Логико-философские исследования. М., 1986. С. 116-117.