Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет28/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Рух туралы ғылымдар – универсалды құндылықтар, оның табиғаты мен адам өмірінде көрінісі мен функцияларын, адамдардың индивидуалды және коллективті мінез-құлықтарын зерттейтің гуманитарлық пәндер жуйесі. Рух туралы ғылымдарға қатысты: құндылық теориясы, мәдениет тарихы мен теориясы, жалпы тарих, дін тарихы, философия тарихы, өнер тарихы, саяси және әлеуметтік тарихы, ғылым тарихы, психология, мінез-құлық туралы ғылым.
Мәдениет туралы ғылымдар – адамзат іс-әрекетін негізгі аспектілерінде: пәндік, мақсаттық, процессуалдық және нәтижелік түрде зерттейтің көп-түрлі ғылыми пәндер. Мәдениетті адамның іс-әректінің өнімі бойынша материалды мен рухани деп бөледі; пәндік іс-әрекеті тұрғысында – ол өндіріс, әлеумет, бағдарлама т.б. қамтиды; процесс қасиетіне қарағанда – шығармашылық, репродкутивті, өзгеріс, даму; мақсат тұрғысында – жоғарғы және төмен т.б. болады. Өзінің өзгеше аспкетілерінің біртұтастығында мәдениет адамзат өркениетінің құрылысының негізгі жаратушысы /ежелгі мысыр мәдениеті, Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытай мәдениеті мен өркениеті, орта ғасыр еуропа мәдениеті мен өркениеті т.б./. Мәдениет туралы ғылымдар: археология, мәдениеттану, антропология, тарих.
1. Ғылым өзі көп анықтамалардын иесі, бірақ үш ипостась /қырында/ көрінеді: қызмет түрінде, пәндік сфералардың жүйесі, әлде әлеуметтік институт ретінде. Бірінші түрінде, ол қоршаған ортаның заттары мен құбылыстардың байланысын логикалық тұрғыда тануға бағытталған. Қызмет әлде іс-әрекет түрінде, ғылым мақсаттылық пен шешім қабылдау, тандау, жауапкершілік атқару аланына кіреді. Осы жағдайға В.И. Вернадский назар аударған: «ғылымның негізгі мағынасы тірі адамдардын ғылыми жұмысынан тұрады».
Өзінің екінші мағынасында, ғылым білім жүйесі болып, объективтіліктің өлшеміне сай, шындық пен ақиқаттын көрінісі, автономды позицияны алуға тырысады, саяси және әлеуметтік өмірден өзін босатуға тырысады. Ақиқат – ол ғалымдардын арманы да, мақсаты да, өмірлерінің мәні де, ғылымды құрастыратын элемент және оның негізгі құндылығы.
Үшінші, институционалдық түсінігі бойынша, ғылымды қоғамдық сананың бір түрі деп түсінеді, басқа қоғамдық саналармен /дін, саясат,құқық, өнер т.б. / тығыз қатыста.
Ғылым әлеуметтік институт және қоғамдық сананың түрі ретінде ғылыми-техникалық білімді өндіреді және ғылыми ұжымдар мен ғылыми қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды. Тек 20 ғ. шіркеу мен заңгер кәсібіне тең ғалым кәсібіде дамиды.
Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді:
1) институт ретінде;
2) әдіс;
3) білім дәстүрінің жинағы;
4) өндірістің даму факторы;
5) адамның дүниеге қатысы және сенім тудырудын негізгі факторы.
Американдық этимологиялық сөздікте ғылымды бақылау, құрастыру, суреттеу, эксперимент пен теориялық анықтамаға қарап бағалайды /бұл операционалдық подход/.
Э. Агаццидің пікірінше, ғылымды нақты объектілердің аймағы туралы теория деп түсіну керек; бұл ғылыми және қарапайым білімдерді ажырату болып табылады, теориялық деңгейді талап етеді.
Сөйтіп, ғылым тек фактілер жиынтығы емес, принциптер болмаса ғылым болмас. Бірақ, бұл екі жақты мәселе, себебі, ғылымның көрсеткіші теориялық, концептуалдық деңгейі. Фактілер тек ғылымның бет жағы.
Қазіргі кезде ғылым әлеуметтік-мәдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің әсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына әсер етті, «мәдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мәдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші – қызметтік және технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам және заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде адамзат қытынастарының бүкіл сфераларына қатысты. Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бәрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дәлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мәдениетте қалыптасқан дәстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мәдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мәдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өндеу.
Ғылымның мәдениеттік функциясы тек нәтижеге емес, мәдениеттің потенциалы болып табылады. Ғылымның мәдениеттік функциясы процессуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мәдениетті, қоғамдық түрде өткізіледі. Индивид социализация процесінде дайын әдістер мен құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бәріне ортақ тіл, қарулар мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасы мен көзқарастарын қалыптастырып, сөйтіп қоғамдық ортаның қажетті компоненті, сол ортада тұлғаның қалыптасуы айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет