М. Шликтің позициясы. Оның позициясы бір пікірде жиналған: жүйелердің хаосы мен философиялық көзқарастардың анархиясы түбінде алғашқы философияны «нағыз» мәселені қоялмайтын жағдайға әкелді. Философиядағы бұрылыс тек әдіс мәселесімен шешілуі мүмкін; «Бақылау мен эмпириялық ғылымдардан басқа ақиқатты дәлелдейтің тәсілдер жоқ. Әр ғылым танымдық пікірлердің жүйесі, яғни ақиқатты тәжірибенің көрсеткіші. Барлық ғылымдарды тұтас түрде қарапайым өмірдің нәтижелерің қоса танымдық жүйелер деуге болады. Осыған философиялық ақиқаттарды да қосудын қажеті жоқ. Философия бекітілген пікірлер жүйесі емес: бұл ғылым емес».
Философияны алғашқыдағыдай «ғылымның патшасы» деп атауға болады, бірақ оған ғылым болуы міндет емес. Философия пікірлерді шығару мен анықтауға негізделген қызмет. Философия арқылы пікірлер түсіндіріледі, ал ғылым арқылы олар верификацияландырылады. Ғылым пікірлердің ақиқаттылығын тексерсе, ал философия олардың мағынасын біледі. М. Шликтің пікірінше, философияның мақсаты – пікірлерді ұсынып және тексеру емес; философия – ол мағынаны табуға бағыттыалған іс әлде қызмет. Философиядағы бұрылыс дегеніміз философияның индуктивтік қасиетімен келіспеу, философия гипотетикалық ақиқаттан тұратын ұстанымды жоққа шығару. Философияның мағыналық қызметіне ықтималдық және дәлелденбеген анықтамалардың қатысы жоқ. Ол өзінің пікірлерін анық және соңғы деп белгілейді.
Соған қарамай, ғылым мен философия тығыз байланыста, философия фундаменталды негізгі анықтамаларды анықтап, пікірдің мағынасын да анықтайды. Эйнштейіннің уақыт пен кеңістік туралы шығармасы философиялық жетістік деп саналады. Ғылымдағы әр эпохалдық қадамдар «фундаменталды пікірлердің мағынасын анықтауға негізделген, тек философиялық қызметке лайық болатындар жетістікке жетеді». Бұл М. Шликтің аналитикалық философияның шеңберінде жасалған қорытындысы.
Вена ұжымында ақиқат ұғымы өзі ерекшелінген: мағынасының арқасында және тәжірибе арқылы. Осы «идеалдық тіл» және «қарапайым тіл» деген айырмашалақтардың көрсеткіші. Логикалық қатал тілдің моделін ұсынған Эрнст Мах. Ғылыми әлде ғылыми түсіндірілген фактілерді бақылауға жататын феномендер деп айтамыз. Ғылыми білімнің негізінде жалпылау мен сезімнің нәтижелерінің тығыздалуы жатыр. Бүкіл білімінің массивінің сыны верификация принципі арқылы өтеді. Нағыз ғылыми білім сезім белгілеріне редукцияландыру /келтіру/ қажет.
Логика мен математиканың пікірлері – жәй ойлаудың схемалары. Вена ұжымының өкілдері бұны қысаң эмпиризм деп атаған.
Вена ұжымының өкілдері: Отто Нейрат, Курт Гедель, Герберт Фейгл, Ганс Рейхенбах, Карл Густав Гемпель, Филипп Франк, Альфред Айер, Рудольф Карнап т.б. 1929 ж. ұжымның «Дүниенің ғылыми түсінігі. Вена ұжымы» атты манифесті шықты. 1939 ж. бастап «Erkenntnis» деген арнайы журнал шыға бастайды, және «Бәр ғылымға ортақ халықаралық энциклопедия» («International Encyclopedia of Unified Sciences»). Еуропа мемлекеттерінің астаналарында Вена ұжымы бір-неше философиялық конгресс өткізіп, басқа ұжымдармен, арнайы философтармен ғылыми байланыс жасаған. Екінше әлемдік соғыстың басында ол өзінің қызметін тоқтатады; себеп – 1936 ж. нацист-студент Мориц Шликті университеттің баспалдағында өлтіріп кеткен. Саяси және расалық қудаланушылықтан сақтану үшін Еуропаның барлық философтары Америкаға эмиграцияға аттанады. Сөйтіп, олар өзін гуманитарий емес ғалымдар деп санаған, метафизикалық, экзистенциалдық және герменевтикалық мәселелерден алшақтаған.
Австриялық логик Рудольф Карнап (1891-1970 жж.) Вена ұжымынң қызметінде дәрежелі теориялық деңгейге жеткен. Оның ғылыми білімнің өсу моделі субъектің сезімдік үайымы протоколдық пікірлерінің негізінде жатыр деген ойдын көрінісі; «мен қазіргі жағдайда жылу сеземін», әлде «менің тамақ ішкім келеді» т.б. сөзсіз ақиқат.