Орта ғасырда жеті еркін өнерлер болған – тривиум: диалектика, грамматика, риторика; квадриум: арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Әр ғалым осы ғылым-өнерлерді меңгеруін қажет еткен. 12-13 ғғ. Араб ғалымдарының табиғатты зерттеу нәтижелерін қамтитың шығармаларының мәтіндері ашылған; араб сандары қолданған; білақ ғылымда схоластикалық әдіс үстемді болған сон, Табиғат, фюзис кең түрде зерттелмей қалды.
Орта ғасыр мен Жаңа заманның ғылымдарына компаративистік /салыстырмалы/ талдау өткізгенде, негізгі айырмашылықты индукция және дедукциямен байланыстырады. Орта ғасыр ғылымы Аристотельдің ізгілігімен дедукцияны қолдаған, ал Жаңа ғылым /1600 ж./ бастап бақылау өткізілген фактілерден индукция әдісі арқылы жалпы принциптерге жетеді. Дедукцияны түсу, жайылу принципі деп түсінеді, эманацияға теңдейді.
Орта ғасырда ресми докринаның шеңберінде жазылудың ақиқаты мен сенім үстемді. Ақиқат мәселесінде Ақыл өзінің ролінен айырылады, табиғат өзгешелігі мен белсенділігін жоғалтады, Құдай құдіреті арқылы табиғи реттілікке қарамай өз күшімен қызмет жасайды.
Орта ғасырдың теориялық ориентациясы әйгілі ойшылдардың мәтіндерінде анық көрсетілген. Мысалы, К. Тертуллиан /160-220 жж./ былай деген: «философтардың талпыныстары бекер болады, себебі олар өз қызығушылығын Жаратушы мен Жарлық берушіге емес табиғат заттарына аударса». Әлде «философтар тек ақиқатқа тырысады, ал христиандықтар оны меңгерген. Себебі, басынан бастап философтар данышпандықтан бет бұрған, яғни, Құдай үрейінен».
Құдай ақиқаттың билеушісі, солай болса, «христиандықтар дүние стихиясына берілген философиядан алшақтап, жаратушы Құдай бойынша философиялану қажет», - деп Августин жариялаған. Орта ғасырда осыдан басқа көп дәлелдер де келтірілген: ақиқатты таным құдай жариясыз мүмкін емес; ғылымға көшетін білім тек заттарды меңгеретін ақыл танымы; ғылымды құдай ақылана бағындыру қажет. Философтар туралы Августин былай жазған: «Олар маған «ақиқатқа» жетуге үйретті, бірақ оны мен таппадым. Олар тек Сен және жалпы Сенімен жаратылған заттар туралы да өтірік білім берді».
Логика өзгеше орын алды, себебі, Боэцийдің пікірінше, «әр зат табиғаттын зерттеймін деген, әуелі ойлау заңың меңгеру қажет. Сөйтіп, логика туралы керемет ойлар бүкіл біздің ақыл күшімізді осы ғылымға арнау қажет, содан кейін біз заттар туралы нағыз білімге жетеміз». Логика ол рационалды философия деп түсінген, және оны табиғат заттары туралы ақиқатты ашуға қолданатын қару деп санаған.
Пьер Абеляр да пікірді дәлелдейтін ғылым деп логикаға жоғары баға беріп, логиканы әр сұрақты қою процесінде қажетті деп, данышпандық қа ықпал, қойылатын сұраққа бірінші кілт, - деді.
Ал, енді орта ғасырдың кредосын Фома Аквинский тұжырымдады: «ақыл арқылы біліміне жететін философиялық пәндер міндет түрде қасиетті жазудың ғылыммен толықтырылуы қажет. Қасиетті ілім дегеніміз басқа, жоғары ережелерге негізделген жоғары ғылым; соңғысымен меңгеретін тек Құдай, және соның рахатына шомылғандар... Бұл ғылым – теология, басқа ғылымдарды ол өзіне бағынышты деп санайды».
Қорыта айтқанда, орта ғасырда ақиқаттың өзгеше және шешуші өлшемдері қалыптасқан, әсіресе, авторитетке сілтеме жасау, ал орта ғасыр мәдениетіннің шеңберінде ол - Құдай.
Қайта өрлеу кезеңнің басында математикаға үлкен қызығушылық болды. Мысалы, Лука Пачолидің /1445-1509 жж./ «Арифметика, геометрия, пропорция мен пропорционалдылықтың қосындысы» деп аталатын шығармасы. Осы шығармасында автор алғашқы математикалық білімге қорытынды жасайды, антика математигінің Филолайдің «математика бәр заттарға қатысты заңың жалпылығын қамтиды» деген тезисің жаңа күшпен дәлелдейді.
П. Гайденканың пікірінше: орта ғасырдың ғылыми білімінің бір-неше өзгеше қасиеттері бар: ереже түріндегі комментарий; жүйелендіруге және классификациялауға тенденция; канонизацияға айналған шығармалардың барлығы классификацияны қолданады; компиляторлық қасиет, яғни, алғашқы шығармалалардың ойларын қайталап қолдану; ақиқатқа екі ұштастық берілген /теология мен натурфилософияның/, бірінші – ақиқатты құдай жазуымен байланыстырады, ал екіншісі – тәжірибе мен индукцияны қолдайтын табиғи ақылмен.
В. Соколовтің пікірінше, сол кездегі ғылым екі жерде жинақталған: университет пен суретшілер мен мүсіншілер, архитекторлардың тәжірибе—эксперименталды шеберханасында. Өнер заттарың шығару практикасы оларды шеберліктің логикасын математикамен қосуға мәжбүрлейді.
Ұлы суретші Леонардо да Винчи қазіргі жаратылыстанудың пионері саналады. Оның зерттеу кеңістігі математика, механика, физика, астрономия, геология, ботаника, химия, анатомия, физиология т.б. қамтиды. Ол тәжірибенің нақтылығы мен дәлдігіне назар аударып, оны ақиқатты танымның минималды шарты деп санаған; Леонардо спонтандық эксперименттерге бағытталған; «Ғылым – қолбасшы болса, практика -сарбаз» - деген сөзі – ғылымды тәжірибемен, экспериментпен шектеуге болмайды, ол тәжірибенің нәтижелерің жалпылауға бағытталады. Механиканы ол теориялық ғылым сияқты емес, практикалық өнер деп санаған, машина мен құрылыстырды құрастыруға көмекші. Сөйтіп, В. Соколовтің Леонардо экспериментті математикамен біріктіріп, қазіргі табиғаттанудың бастамасын дайындады деген пікіріне қосылуға болады; келесіде ол классикалық ғылымның шығуына ықпал етті.