5 болжам ғылымның тарихи жасын анықтау мәселені талдауда классификацияны қолданып екі сатыға бөледі: ғылымға дейін және ғылымның өзі деген. Қалыптасқан ғылым көбісінде практикалық тәжірибеге, бақылауға, қарапайым білімге т.б. арқа сүйейді. Реалды заттармен шұғылдану танымның идеалды бағдарламасына, идеалды объектілермен іс-әрекет жасауға негіз болды.
Ғылымның өз кезенінде ғылымдар заттардың образдары деп санамайды. Олар өзгеше символикалық объекттер ретінде. Теориялық мүмкүндіктер эмпириялық практикадан жоғары, ал теориялық постулаттың салдары ретінде эмпириялық фактілер болса – осыны таза ғылымның белгісі дейді. Білім практикалық нәтижелердің қосындысы емес, жалпы мен қажеттіліктен басталатын іс-әрекеттің рецепті болған. Білім және білім емес арасындағы демаркация ғылыми-теориялық зерттеу әдісін құрастырудың сызығы бойынша өтеді. Ғылым – математика мен экспериментті біріктіретін ғылыми әдістің пайда болуы. Ғылым емес – эмпириялық жағдайларды сипаттау, практикалық нұсқау. Ғылыми зерттеудің эвристикалық және болжау компоненттері ғылымның туылуының белгісі.
2. XX ғ. ғылым философиясының дамуы (постпозитивистік пен классикалық емес кезеңдері). 20 ғ. үштен екі жартысы – ғылым философиясының дамуында эпистемологиялық мәселелердің өзектілігінің белгісі. Ғасырдың басында ұсынылған ғылыми білімнің унификациясы оның әлеуметтік-мәдени қалыптасу себептерімен жоққа келтірілген, верификация мен фальсификация принциптері бір-бірімен қайшылықта, түбінде логикалық ойлау актуалдығын жоғалтты. Осы ғылым философияның үшінші кезеңінен тіл туралы танымның нейтралдық қаруы деген ұстаным пайда болды; сөйлемдер мен терминдер экспериметтің нәтижелеріне адекватты деп қабылданды. Осы позицияны керемет тұжырымдаған, ғылым философиясының постаналитикалық кезеңінің өкілі Ричард Рорти: «Тілдің ерекшелігі оның тәжірибенің нәтижесін өзгерту де емес, әлде біздің санамызға жаңа перспективаны ашуда емес, әлде бейсаналықты синтездеу де емес, әлде ішкі өзгерістердің жаңа түрін шығару да емес. Тілмен бірге біз бір-бірімен дәлелделген тұжырымдар мен пікірлермен алмасу арқылы қоғамға кіруге рұқсат аламыз».
Ғылым философиясының үшінші кезені оның рефлексивтік анализдеудің жаңа тақырыптары мен
1. ғылымның мағыналық талдаудан А. Пуанкаренің ұсынған конвенциализм принципімен бірге ғылым тілін талдау қадам жасалды, және тілге бір ортақ өлшем – унификация – яғни символикалық логиканың күшімен, физика тіліне негізделіп бәріне лайық тіл қалыптастыру;
2. неопозитивстермен ұсынылған ғылым тілінің анализі ғылым философиясының үшінші кезенінде үстемді болды, сол себепте осы кезең аналитикалық атау алды. Ғылым тілінен «ғылыми емес пікірлер» жойылып, ғылым өзі физика тілінің негізінде қатал нормативті, унификациядан өткен зерттеулер жасайтын болды;
3. Өзекті түрде ғылыми зерттеудің логикасы туралы мәселе қосылған сон, Поппердің ғылыми білімнің өсуі деген концепция маңызды орын алды.
Ғылым тілінің талдау бағдарламасы, әлде «лингвистикалық бұрылыс» Вена ұжымының қызметінде айқын көрсетілген; бұл ұжым 1922 ж. Вена университетінде Мориц Шликпен /1882-1936 жж./ индуктивтік ғылымдардың философиясы атты кафедраның шеңберінде өткізілген ғылыми семинардың негізінде құрылды. Зерттеушілердің пікірінше, Вена ұжымы үшін қасиеттілік аргументке берілген /ағыл. «қатал пікірталас»/. Осыда біз фальсификация принципінің образын табамыз.
Осы кезеңде бақылаудың нәтижелері әлі бірінші орынды сақтап қалды; таным процесі фактілерді жинау мен аңғарудан басталады; ол логикалық позитивизімнің дискурсында протоколдық пікір /ұсыныс/ деп аталған.
Вена ұжымы деген атау М. Шликпен Г. Рейхенбах арасындағы А. Эйнштейннің ықтималды теория туралы дискуссияның нәтижесінде пайда болды. Людвиг Витгенштейіннің «Логикалық-философиялық трактатың» /1921/ талдауы да осыған үлес қосты.