Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет1/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ


«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ


Ғылым тарихы және философиясы
пәні бойынша магистранттарға арналған


ДӘРІСТЕР
Философия ғылымдарының кандидаты Абдрасилова Г.З.
Алматы, 2017

1-Дәріс.

Ғылым тарихы мен философиясы: пәні, функциялары, пәндік аймағы


1. Ғылымның анықтамасы.
2. Ғылым тарихы мен философиясы: статусы мен пәні.


Дәріс мақсаты: Ғылымның анықтамасын және ғылымның әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі әртүрлі анықтамаларын беру. Ғылымның пәнін және нақты ғылымдардың пәндерін көрсету. Ғылымның функцияларын: мәдени-көзқарастық, әлеуметтік, өндірістік күш ретінде ашып көрсету. Ғылым талдамаларының эволюциясына тоқталу. Ғылымның қазіргі концепцияларының классификациясы: неопозитивизм, ғылыми зерттеудің логикасы, ғылымның онтологиясы, ғылымның постпозитивистік бейнесін ашу. Ғылым тарихы мен философиясы пәннің статусы және мәселелерін қарастыру. Ғылым тарихы мен философиясының пән ретінде дамуының бағасын беру. Ғылым философиясы, ғылым тарихының және ғылым методологиясының байланысының өзгешелігін көрсету.


Негізгі терминдер: ғылым, ғылым философиясы, білім, ғылыми білім, ғылым тарихы мен философиясы, экстернализм, интернализм.


Өзекті ұғымдар:


Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет