«Анықталмаған білім» аймақ – жеткілікті толық жетілмеген сөз немесе адекватты яғни дәл емес;
«Мәнерсіз» аймақ – бұл терең тұлғалық білім, әлеуметтану процесіне қиын беріледі. Бұл аймақ уайымдау мен өмір қызығушылығына негізделген. Сөйлеу арқылы берілетін білім. «Мәнерсіз» аймақта ойлау компоненті ақпараттану ретінде және тек жақсы түсіндірілген сөз арқылы жүзеге асады;
«Қиын түсіну» аймағы – вербалды емес ойлау мазмұны мен сөйлеу құралдарының арасындағы келіспеушулік.
Принципиалды новациялық концепцияның мәні, ғылымның мазмұны, анықталмаған, жасырын білімге байланысты, «білім ол» өзінің түпкі негізінде инструменталды сипатты қалайды. Адам инструменталды біліммен байланысты және осы білім арқасында артикулярлық емес білімді, артикулярлы білім ретінде қалыптастырып, адам баласына берілген екінші сигналды жүйе арқылы (тіл) білім жүзеге асады.
Шығармашылық ойшылдардың дәстүрлі концепциясын қайта қарастыру гештальт психологияның ашылуына себеп болды. Гештальт бағытының негізгі принципі тұтастықта қарастыру. Мұндай тұтастық ой процесін жан-жақты және тұтастықта қарастыруына мүмкіндік туғызады. Осы тұтастықты негізге ала отырып, таным іс-әрекетіндегі тұлғалық – когнитивті механизімді ескере отырып, М. Полани ғылымдағы жаңа модель білімінің өсуіне әкеледі. Яғни қазірг ғалым зерттеу анализ нәтижесін тіркеу барысында басқа ойдың туындауына саналы түрде дайын болуы керек. Мұндай ойдың туындауы зерттеу мәселесін тереңірек қарастыруға әкеледі.