Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсінік



бет3/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Ғылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсінік

Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.
Сонда ғылым дегеніміз не? «Ғылым» мен «білім» түсініктерінің мағынасы бір ма?
Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі – күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын және адамның тың білімдер игеруімен байланысты процесс.
Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы дәлелді, нақты мәліметтер жиынтығы.
Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай етіп жатқанын пайымдайды.
Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.


Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің әрі күрделі нәтижесі болып табылады.

Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық.


Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылым жүйелі ой пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе философия болғаны белгілі. Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дәуірімен және Жаңа заман кезеңімен байланысты. Капиталистік өндіріс тәсілінің орнығуы, өндіргіш күштердің күрт дамуы, техника саласындағы табыстар. Орасан зор географиялық ашылымдар жаңа дәуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылды.


Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік және әлеуметтік, логикалық факторлар әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптар - әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторларға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторларға жатады. Сондай-ақ әрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің туындауы. Ғылымның әлеуметтік мәні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет.
Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет