2. Ғылыми қоғамдардың тарихи типтері: ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар. Қазіргі ғылым философиясы ғылыми танымды әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастырады. Ғылым – ол білімді өндеу, жаңа ғалымдарды даярлау, білімді қолдану түрінде коллективтік іс-әрекет. Өзінің іс-әрекетінің әлеуметтік табиғаты бойынша ғылым әлеуметтік институт ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік институт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, адамдардың әлеуметтік мінез-құлығын анықтайтын әлеуметтік байланыс пен нормалар, әдет пен дәстүрлердің тұрақты жүйесі. Әлеуметтік институттар іс-әрекеттің негізгі сфераларын ретке келтіреді. Әлеуметтік ұжымның ішінде жаңа білім өндіру, коллективтік таным процессті меңгеру, білімді жүйелеу, жас зертеушілер ұрпақтарына жеткізу т.б. іс-әрекетпен айналысатын ғалым топтарынан тұрады. Ғылыми іс-әрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы. Ғылымның институционалды дамуы –дегеніміз жаңа білімді өндіру, тарату және қоғамда қолдану түрінде өткізілетін ғалымдардың коллективтік іс-әрекеті, және ғалымдардың жас ұрпақтарың даярлау. Ғылыми іс-әрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы антикада философиялық-ғылыми мектептерден бастама алды /пифаргоршылдықтар, Платон, Аристотель мектептері т.б./. Ол мектептердің ерекшелігі абыздар емес, светский адамдар білімді шығарып сақтаған, сол себепте сакралдық қасиетіне ие болмаған. Әр-түрлі пікірлер сынау пікір-таластан өтеді, оған арнайы қабілеті бар жастарды оқытқан, үйреткен. Осы арқылы нақты тарихи уақытта көп ғылымдардың негізі қалыптасты /математика, физика, биология, әлеуметтану, психология т.б./. Осы ғылымдар ерекше Аристотель мектебінде ғылыми пән деңгейіне айналды, олардың шеңберінде жүйеленген ізденістер өткізіліп, мәтін саны көбейіп, ғылыми кезек дайындалып тұрды.
Орта ғасыр кезеңінің басында білімді сақтау орталығына монастырлер және шіркеудегі мектептер болған. Олардың ішінде пұтқатабынушылықты жою және христиан құңдылықтарды насихаттау мақсаттары қойылған. Бірақ ғылым туралы айтуға әлі болмайды, көп монастырлік мектептер мен скрипторийлерде кітаптарды көшірумен айналысқан және сол жерде кітапханалар орналасқан. Оларда да оқу процесінде жеткізілетін ғылымның пәндік құрылымы қалыптасқан. Ол «жеті еркін өнерлер» - тривиум және квадривиум. Тривиум грамматика, логика мен диалектикадан тұрады; квадриум – арифметика, геометрия, астрономия және музыкадан тұрады. Орта ғасыр мәдениетінің өркендеу кезінде, 12-13 ғғ. екі функцияларын - жоғары білім беру және ғылыми жұмысты қамсыздандыру – университеттер атқарған. Университеттер еуропалық астналардың барлығында ашылды, және үлкен қалалардың көбісінде /1500 ж. олардың саны 80 жетті/. Еуропада университеттік орталар ұлттан жоғары интеллектуалдардың корпорациясын құрды, осыған білімге қатысты адамдардың интерұлттық тілдің бірі – латынь тілі ықпал етті. Сонымен орта ғасыр университеті ілім өкілінің ұжымына айналды, бірақ әлі қазіргі ғалым деген атқа жеткіліксіз болды, себебі, олар жаңа білімді ашпаған, тек абыз, заңшы және дәрігер мамандары бойынша жастарға сақталған, реттелген білімді жеткізу.
Жаңаеуропалық ғылымның дамуы және оның келесіде үзілмей қалыптасуы Галилейдің уақытынан бастап үш ғасырлық ғылымның саңдық параметрлерінің экспоненциалдық өсу мәселесін қояды. Ол түсініктемені білімнің имманентік даму бейнеснің шеңберінде табамыз. Ғылымның әлеуметтік өлшемінде ескеру қажет, ғылымның дамуы институционалды түрлерінің эволюциясына арқа сүйеген, сол арқылы ғылыми ұжымның финанс және қоғамдық ресурстерге жол ашылды.
Осы эволюцияда ғылым институтының дамуында келесі кезеңдерді шығаруға болады: қызығушылық ғылым, академиялық ғылым, университеттік ғылым және өнеркәсіп, мемлекеттік бағдарламалармен, әскери зерттеулермен байланысты ғылымдар. Ғылымның жаңа типі 16 ғ. аяғында – 17 ғ. басында еуропалық қоғамның әлеуметтік институттарынан тыс әлде аймағында пайда болды. Не мемлекет, не шіркеу, не университеттік орта схоластиканың канондарын сақтап ғылыми зерттеулерге қолдау жасамаған. Осы кезеңде ғылыми іс-әрекет дәулеті жоғары әлде басқа әлеуметтік сфераларда адамдардың қызығушылық жұмысына айналды. Формалды емес ғалымдар тобы үлкен мырзалардан әлде магнаттардан патронаж түрі типикалық болған. Осындай кішкентай интеллектуалдар ұжымы Қайта Өрлеу кезеңінен айқын, антика философиялық мектептері соған қарап өздерін «академия» деп атаған.
Қазіргі мағынаға сай алғашқы академиялық ғылымның институттары – Лондон корольдік қоғамы /1660/, Париж ғылым академиясы /1666/ - эксперименталды ғылымдардың өсуі мен ғылымның әлеуметтік статусы өсу нәтижесінде өзің меңгеретін ғылыми қоғамға айналды. Академия мемлекеттен көмек алды, ал өкілдері әр-түрлі әлеуметтік артықшылықтар. 17-18 ғғ. академиялары ұлттық ғылыми қоғамдардың қалыптасуына ықпал жасаған, себебі, олар ғылыми журналдарын ашып, өз шығармаларын ұлттық тілінде басып шығарған. Академиялық пен бірге орта қласс айналысатын қызығушылық ғылым сақталды / «бюргерлік» деп аталған/.
Осы институттармен негізделген білім массиві 19 ғ. басында қайшы мәселелерге әкелді. Зерттеуге қажетті білім көлемін меңгеру үшін ұзақ кәсіптік дайындық қажет болған. Ғалым әрекет күшін беруге мәжбүр, сол жағдайда ол жәй қызығұшылық болмай, қаржыландыру қажет етеді. Кәсіптікке қажеттілік, ғалым зерттеудің тар аймағына назарын толық беруге және қымбат, қиын эксперименталдық техникаға сұраныс жасайды. Осы мәселелердің шешімі ғылымның институционалдық революциясына әкеліп, нәтижесінде ғылыми ұжым қоғамның институционалдық құрылымында жаңа орын алды, олар ғалымдарға кәсіптік ғылыми іс-әрекетке негіз болатын шарттар мен әдістер ұсынды, олардың экономикалық тұрғыдан әлі өнімі аз болған. Сондай институт университеттің жаңа типін және негізгі принциптерін қалыптастырды – академиялық бостаңдық және зерттеу мен білім беру бірлестігін. Университеттің жаңа типі орта ғасыр университеттік корпорациясына айналды және Ағартушылық кезеңінің университеті мемлекеттік қажет бойынша мамандар мен шинеуніктерді дайындаған. Осы институт нақты түрде 1808 ж. Берлин университетінде жүзеге асырылды. Вильгельм фон Гумболдьттің университет моделі кейбір модификациясымен еуропа және Ақыш мемлекеттерінде таратылған, оларда ғылыми зерттеу мен лабораториялар меңгеруі біріккен.
19 ғ. аяғында университеттік ғылыммен бірге өнеркәсіптік ғылым дамыған, оған дейін индустриалды қажетті технологиялар ғалымнан алшақ адамдардың іс-әрекетінде үстемді болған. Ал ғасырдың аяғында электр, химиялық, басқа құбылыстарды қарапайым ой арқылы түсіну жеткіліксіз болғансон, индустрияның алғы қатарында жұмыс атқаратын үлкен компаниялар өз іс-әрекетіне ғалымдарды шақырып, зерттеу лабораториялар ашқан. Осы бағытта Германия мен Ақыш мемлекеті озған. Мысалы, американдық өнеркәсіпте 1899 ж. 139 зерттеу лаборатория ашылған, ал 1918 ж. 500-ден астам. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалармен және әскери зерттеулермен байланысты ғылымның дамуы алға басты, мысалы, екінше әлем соғысынан кейін бейбітшілік және әскери ядерлық бағдарламалар, ғарышты зерттеу бағдарламалар т.б. қабылданған. Сонымен, ғылымның институционалдық трансформациясы қазіргі білім қоғамындағы «үлкен ғылымды» қалыптастырып, оның өсуіне әкелді.
Қазіргі ғылым пәнаралық деңгейде дамиды. Көп пәндер педагогикалық және институционалдық негізбен қалыптасқан, мысалы, оқытушы ұжымы, бағалау, және оған корпорациялар себеп болған. Қазіргі тірі және жемісті зерттеулер пәнаралық – генетикада, география мен әлеуметтану және психологияда. Мысалы, әлеуметтануда экономикалық әлеуметтану, әлеуметтік психология, саяси әлеуметтану, этносоциология, әлеуметтік антропология т.б. қалыптасқан. Сөйтіп, зерттеулер мәселе емес, пәндік айырмашылақ арқылы жасалады.