Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші



бет119/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші.
Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған білім және ғылыми деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс - әрекет үстінде, тәжирибе ауқымында жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай етіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттапқана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізінде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былайғы даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді.Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен қайшылықтары мол ізденістең, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Заттардың құбылыстар мен прцесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы, ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективтік шындық. Тарихы тұрғыда ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой енбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезенде пайда болған. Алғашқы ғылыми жүйелі ой – пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египтте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген еді. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе философия болғаны белгілі. Одан әрі практиканың сұранымдарына, өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға байланысты түрлі ғылымдар философия құрамынан жіктеліп шығып, өз алдына дербестік алды.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік, әлеуметтік және логикалық факторлар да әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өңдірістік, техникалық талаптары - әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері – логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Табиғат пен қоғамның объективті, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу – ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым – тарихи – заттық және рухани дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырылып отырған құбылыстарды, процесстерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттары мен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымды техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын – қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті – іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Ғылымдағы тұлғаның тұжырымы нақты болуы қажет. Тек сонда ғана ғылым алдына қойған мақсатына жетеді. Әр нәрсенің тек өзіне тән әдісі бар. Ғылым теорияны мүлтіксіз басшылыққа алып отыруға, ғылыми ізденістің методологиясын бірлікпен қолдануға міндетті. Ғылымда, тарихта да негізі өмірінде де өз ізін қалдыратын тек ғана нағыз тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет