Басты қатыру жаттығулары – бұл ұғым Т. Кунның концепциясында «нормалы ғылым» кезеніне сипаттау береді, яғни нақты парадигманың шеңберінде сондай жаттығуларды шешу арқылы ғылыми білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.
Парадигмалардың салыстырмасыздығы – бір-бірін ауыстыратын теориялардың арасында қандай да болсын қатынас мүмкін емес дейді. Бұл тезис парадигмадан тәуелсіз фактілердің болуы мүмкін еместігін бекітеді, яғни, бақылаудың теориялық нейтралды тілі жоқ. Керісінше, ғалымдар парадигманың мазмұның меңгергенсон, оның призмасынан өтіп «дүниені көруге» үйренеді. Теорияны фактілер бағаламайды, теория мағыналы тәжірибеге кіретін фактілерді анықтайды. Осымен Кунның ғылым эволюциясында бірізгіліктік жоққа келтіріледі: алғашқы парадигмамен жиналған білім оның құлдырауымен лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.
Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм. Теорияның пролиферация /көбею/ принципі – бұл принцип бойынша, ғалымдар қазіргі және қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостын ұсынылған ғылыми теорияны жоқа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті /фактты жоққа шығаратын куәлік/ деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді және ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дәйектейді.
Ғылым методологиясындағы плюрализм –Фейерабендтің методологиялық концепциясына тәрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған және бәрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.
Ғылым методологиясындағы анархизм –бұл ереже бойынша, әр ғалым ешқандай қайшылық пен сыңға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепсиясында анархизімге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы әкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру және ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
Стивен Тулминнің концепциясына келесі ұғымдар қатысты: рационалдылық пен түсінудің стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды популяциялар.