6-Дәріс.
ХХ ғасырдың философиясында ғылым образдары (1с.)
1. К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі.
2. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарлама туралы концепциясы.
Дәріс мақсаты: Классикалық емес және постклассикалық емес ғылым және ХХ ғ. философиядағы оның бейнелерін көрсету. Ғылыми-техникалық революция және ХХ ғ. бірінші жартысында ғылым философиясының дамуының ерекшелігін көрсету. ХХ ғ. философиясында ғылымның бейнелері: неопотивизм, постпозитивизм. Карл Поппердің сыншыл рационализмы: теориясы, принциптері, ұғымдары. Имре Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарласмасы туралы концепциясы: айырмашылығы, негізгі ұғымдары.
Негізгі терминдер: демаркация мәселесі, фальсификация мәселесі, фаллибилизм принципі, «үш әлем» туралы теория, фальсификация, ғылыми-зерттеу бағдарлама, зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы/», гипотезалардың «қорғау белдігі», «аd hoc» гипотезасы, жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика, парадигма, пәндік матрица, қалыпты /нормалы/ ғылым, басты қатыру жаттығулар, парадигмалардың салыстырмаулыстықтығы, теорияның пролиферация /көбею/ принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм, рационалдылық пен түсінудің стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды популяциялар.
Өзекті ұғымдар:
Карл Поппердің концепциясына тәрізді келесі ұғымдар: демаркация мәселесі; фальсификация мәселесі; фаллибилизм принципі; «үш әлем» туралы теория.
Демаркация мәселесі – Поппердің философиялық концепциясында бұл мәселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның мақсаты ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату әдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация әдісі жатады.
Фальсификация мәселесі – Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация /ажырату/ жасауға ұсынылған принцип. Бұл принцип бойынша ғылымға қатысты әр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |