Ғылыми-зерттеу бағдарламасы. И. Лакатос назарын теорияға емес, зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның құрылымды-динамикалық моделінің бірлігі болып табылады. Ғылыми бағдарламаны іздеуді қалай екенін түсіну үшін, Декарт пен Ньютонның механизімін, Дарвиннің эволюция теориясы еске түсіру қажет. Теориялардың кезектесуі бір ядродан шығады, бағдарлама шеңберінде үздіксіз метологиямен өтеді, өз маңыздылығын, жемістілігін)және басқа бағдарламалардан қарағанда прогрессивтілігін көрсетеді. Өзінің дамуына теория, қалыптасу мен уақыт мезетінде орнықтылықты қажет етеді.
Сонымен Лакатостың ойынша ғылым-зерттеу бағдарламаларының бәсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарас әртүрлі эпистемологиялар мен ғылымның историография арасындағы байланысты және ғылыми эволюциялық ізденіс кезінде де бірінші жолға қояды.
«Кейбір философтар, өздерінің эпистемологиялық және логикалық мәселелердің шешімін іздегенде қатты қамығады, өйткені айқындылық ғылым тарихы өздерін қызықтырған деңгейде бола алмайды. Егер шынымен тарих өз стандартына сәйкес келмесе, онда олар ғылым туралы барлық жұмыстарын тайсалмай қайта бастаулары тиіс», - деп жазады Лакатос.
И. Лакатостың ойынша, барлық методологиялық концепция историографиялық функциялдануы тиіс. Оның ең терең бағасы ғылым тарихының рациональді реконструкциясын арқылы беріледі. Бұл позициясы Лакатостың Кун мен Поппердің теорияларынан ерекшеленеді. Лакатос Попперді тарихшыл емес деп сөгеді, оның фальсифицкациалану принципінде ол тарихты қателестіретін (жоқ қылатын) логикалық екі мағыналылықты көрсетеді.
«Фальсификация және ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» (1970) жұмысында Лакатос Кунның теориясына келісе отырып, ғылыми революция иррационалды, онда материал тек топтың психологиясына икемді. Лакатостың ҒЗП концепциясы рационалды негізімен теориялық және логикалық байланысқан, олар маңызды идеялар мен теория, гепотезалар жиынтығы.
И. Лакатос Кундік көзқарасқа жақын, бірақ өзінің ғылыми танудың методологиялық концепциясын, яғни ғылыми-зерттеу методологиясының бағдарламасы деп аталатын көзқарасын ұсынды. Ол ғылымның дамуындағы ерекшеліктерінің трактовкасында ғана емес, бірақ ғылыми зерттеулердің әртүрлі логикалық бәсекелесуін бағалауда да қолданады.
Лакатостың айтуынша, бір зерттеу бағдарлама екіншісін ығыстырғанда, ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламалардың бәсекесі болып табылады.
Ғылыми революцияның мазмұны, мәні, бұл эмприямен бір ғана жекеленген теорияны ғана емес, бірақ бір-бірімен негізін салатын бірдей принциптермен байланысқан ауысатын теорияларды салыстыру.