Ғылым тарихы және философиясы


Есептеу ғылымының пайда болуы



бет105/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   185
Есептеу ғылымының пайда болуы. Нақты тәжірибелік зерттеулер- ге виртуалдық (шынайы емес) зерттеулер қосылды. Ерекше күрделі құрылымдарды оларда болып жататын үдерістерді «машинаға ұқсату» арқылы зерттеуге жол ашылды.
Ал енді негізгі философиялық мектептер мен бағыттарға талдау жасайтын уақыт келген сияқты.

    1. ғылым философиясы ретіндегі неопозитивизм неопозитивизм (лат. neo – жаңа, positivus – оң, дұрыс) – ғылыми

техникалық ілгерілеу шектерінде пайда болған және қазіргі ғылымның теориялық-танымдық мәселелерін басты санайтын осы заманғы Батыс философиясы бастауын Огюст конт (1798-1857) шығармашылығынан алады. Оның асқан таланты мен ақыл-ой қабілеттері ерте танылды: 14 жасында ол өзінің діни және саяси көзқарастарын қайта қарап, өзін атеист және республикашыл деп жариялауы арқылы католик және роя- лист, яғни монархияны жақтаушылар болып табылатын ата-анасының көңілін қатты қалдырды. Ол 15 жасында институтқа қабылдау ем- тихандарын жоғары бағаларға тапсырғанмен, жас болуы себепті оқуға келесі жылы қабылданды. Алайда онда екі жыл ғана оқып, студенттердің қозғалысына қатысқаны үшін оқудан шығарылды. Оған Огюст оншалықты қапалана қоймады, өйткені екі жылдың ішінде ол бар бағдарламаны игеріп болған-ды. Ары қарай ол білімін өз бетінше жалғастырды.
Дарынды жас жігітке ұлы ойшыл-утопист граф де Сен-Симон на- зар аударып, оны өзіне хатшылық жұмысқа шақырады. Конт Сен- Симонмен жеті жыл бірге жұмыс істейді. Бірақ екі данышпан ұзақ уақыт бірге жұмыс істесе алмайтын болды: Огюстің өне бойы өз көзқарасынан танбауы, өзінікін дұрыс санауы олардың қарым- қатынастарын қиындатып жіберді.
Алайда ол тамаша мектептен өтті, сондықтан Сен-Симоннан кет- кенмен, өз өмірін толықтай ғылымға арнап, 1826 жылдан бастап оған әлемдік даңқ сыйлаған іргелі еңбегі – алты томнан тұратын «Оң фило- софия курсын» жазумен айналысады.

  1. ғасыр ғылымының екі басты қағидасы Конт атымен байланыс- ты:

а) кез келген «оң» (іс жүзіндегі) білімнің салыстырмалылығын тану;
ә) жүйелеу және саралау көмегімен «ғылыми фактілерді» жинақ- тауға және қорытындылауға ұмтылу.
Соңғысы арқылы Конт бақылаудың, тәжірибе жасаудың және өлшеудің ғана деректерін емес, солардың бастауы («жасырын» себептері) ретінде қайта жасалуы мүмкін нәрселерді де, сондай-ақ өзі «табиғаттың орнықты фактілері» деп айқындаған заңдарды да түсінген. «Оңдардың» қатарына ол «сананы қоса алғанда, адамның өзі туралы» білімін де жатқызады.
Басты ғылым деп Конт әлеуметтануды (социология) жариялайды. Конт әлеуметтанудың негізін салушы болып санала ма деген сұрақ дау тудырады және аталған терминді қолданбаса да, көзқарастары, әрине, әлеуметтік болған алдыңғы ойшылдарға (Монтескьё, Сен-Симон, Фер- гюсон және басқалары бар) қалай қарауға байланысты.
Егер Гегельдің панлогизміне Шопенгауэр Әлемдік ерікті, Кьёр- кегор адамның өмір сүруін қарсы қойса, ал Конт жекелеген арнайы ғылымдардың нәтижелеріне негізделген философиялық қағидаларды қарсы қояды. Нәтижесінде, ол философия – нақтылықты өз бетінше зерттейтін, бірақ өмір сүруге құқы жоқ іргелі ғылым деген қорытындыға келеді. Жеке ғылымдардың дамуына байланысты фило- софия банкроттыққа ұшырады, ол бар байлығын үш қызына бөліп беріп, қартайғанда кедей пақырға айналып, жападан-жалғыз қалған король Лирге ұқсайды. Философия өте-мөте жалпы ұғымдармен бай- ланысты болғандықтан, оларды лақтырып тастау керек, олардың ор- нын нақты ғылыми білімді жүйелеу және сипаттау алуға тиіс.
О.Конттың ойынша, адамзаттың рухани дамуы үш сатыдан өткен: а) теологиялық саты – ерте заманнан басталып, Табиғаттың
барлық құпия күштері Құдайдың көріпкелдігімен түсіндірілетін XIV ғасырмен аяқталады;
ә) метафизикалық саты (XIV-XVIII ғғ.) – онда алдыңғы көзқарас- тарды теріске шығару және болмыстың (материя, форма, рух және т.б.) шекті негіздемелерін іздеуде жалпыға ортақ түсініктерді қалыптастыру орын алады;
б) оң саты (XIX ғасырдан басталады) – ол өнеркәсіптік қоғамның дүниеге келуіне және тексерілген фактілерге негізделген, нақтылықты шынайы ғылыми игеруді дамытудың алғышарттарының пайда болуы- на байланысты.
Айтылғандарға орай, О.Конт өз заманының ғылыми білімін жүйелеуді және саралауды жүзеге асырды. Ғылымдағы әрбір жаңа бағыт өз алғышарттары ретінде алдыңғы жетістіктерге сүйенеді. Алай- да оны алдыңғы жинақталған білімдер негізінде толық түсіну қиын, өйткені өзіндік түсінік құралы пайда болады. Осындай қағидаларды
басшылыққа алып, О.Конт ғылыми білімнің келесідей: математи- ка – астрономия – физика – химия – биология – әлеуметтану дейтін сараптамасын (бөлінуін) іске асырады. Осы жіктемеге сәйкес, әлеуметтану биология жетістіктеріне сүйенгенмен, бірақ қоғамдағы адамдардың өзара іс-әрекеттеріне байланысты жаңа заңдылықтарды табады. Әлеуметтанудың негізгі мақсаты – қоғамның ұйымшылдығы мен жаңа-жаңа сатыларға көтерілуін бір-бірімен ұштастыру. Ал ол үшін адамзаттың жаңа біртұтас діні керек, өйткені ескі діндер бір- бірлерімен қарама-қайшылықтарға келіп, адамзатты бөлшектеп, алауыздық тудырады. Ол, Конттың пікірінше, адамзаттың тегінде жатқан ақсүйектер діні болуға тиіс. Сондықтан ол адамдарды құдай- ларға емес, адамзаттың өзіне табынуға шақырады.
О.Конттың замандастары оның соңғы идеясына теріс қарағанмен, ол бүгінгі күні де өзекті, өйткені қазіргі заманның адамзаты мағыналы өмір бағдары дағдарысын бастан кешу үстінде. Бірде-бір әлемдік дін қазіргі заманғы адамзатты толықтай қанағаттандыра алмайды. Осы кездегі діндердің жақсы жақтарын топтастыра алатын біртұтас жаңа Әлемдік дінді іздеу жүріп жатыр.
Конттың ойынша, оң білім – ол «іс жүзінде бар», «шын мәнінде бар» дегендердің барлығының білімі. Сондықтан оң білім – ол «шын мәнінде бар нәрсе туралы білім», құбылыс ретінде «біз үшін» бар, қандай да бір «метафизикалық болжамдарсыз», басқаша айтқанда,
«өзіндік заттар», «дара түпнегіз» немесе «дара субъект» сияқты сурет- телуге тиіс білім.
Конттың пікірінше, шынайы «оң» білім сезімдік қабылдауларға байланысты қашанда салыстырмалы, өйткені қабылдау үдерісінің өзі – ол құбылыстардың уақытша үйлесімі және олардың кеңістіктегі бағытынан басқа ештеңе де емес. Осыдан келіп болмыс фактілердің жиынтығы ретінде «имманенттік» (ішкі түйсікке тән) түрде берілген деген қорытынды шығады. Бұндай ұстаным трансценденттікке, яғни әлемнен тыс жатқан құбылыстарға жету мүмкіндігіне сенетін метафизикаға қарсы бағытталған.
Ғылымдағы жаңадан ашылған жаңалықтар (бәрінен бұрын физи- ка мен психологиядағы) классикалық позитивизм негіздемелерінің дағдарысын тудырды. Ал соның нәтижесінде оның жаңарған формасы
эмпириокритицизм немесе тәжірибені сыни зерттеу пайда болды.
«Бірінші» позитивизмнен айырмашылығы – екінші кезеңнің басты ны- санасы ғылыми тұрғыда ойлаудың өзі және білім құру механизмдері болды. Оның пайда болуы кездейсоқтық емес еді. Нақ осы уақытта
адам даналығының көзге көрінбейтін микроәлемге (электронның, радиоактивтік сәулелердің және т.б. ашылуы) енуі орын алды. Олардың табиғатына физиканың ескі механистік қағидалары жолдары- мен жету мүмкін болмады. Жаратылысты зерттеушілерді электронның тыныштық жиыны болмайтыны таңдандырды. Бұл француз математигі А.Пуанкаренің: «Олай болса, материя жоғалды», – деп мәлімдеуіне се- беп болды. А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының негізгі қағидаларына қалай жетуге болады? Осы және басқа сұрақтарға Эрнст мах пен Рихард авенариус жауап беруге әрекеттенді.
Махтың ойынша, таным үдерісі сезінулерден басталады және сондықтан білімнің барлық құрамы «сезімдік тәжірибеге» келтірілуге тиіс және келтірілуі мүмкін. Таным үдерісінде ещқандай «секіріс» болмауға тиіс (оған «бірінші позитивизмнің» өзі жариялаған «тәжі- рибенің үздіксіздігі ұстанымымен» байланысты «ойлау экономия- сының заңы» тыйым салған).
Мах пен Авенариус жаратылыстанудағы «тәжірибе» түсінігін қайта қарау жолдарында пайда болған қиындықтарды жеңуге бел буды. Олардың ойынша, тәжірибе түсінігі қайтадан қаралып қана қоймай, сонымен қатар метафизикалық табиғаты бардың бәрінен де тазартылуға тиіс. Тәжірибе физикалық және психикалық элементтер- ден тұрады. Егер біріншілері сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсетсе, ал екіншілері ішкі тәжірибенің мазмұнын көрсетеді. Олай болса, олар бір-бірімен ажырамастай байланысқан. Демек, субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ. Объект пен субъектінің танымдағы бұл өзара байланысын олар «маңызды үйлесім» деп атады.
Әлбетте, субъект, яғни сана және танымдық мүмкіндіктер берілген адам бар жерде объект, яғни таным үшін ашық зат та бар. Шындыққа қиын жол жеткізеді. Өзіңді әлемдік мұхиттағы бір тамшы судай сезініп қана, зерттелетін нысанмен ішкі жақындығыңды біліп қана сол зерттелетін нысанды терең тани аласың. Бұның бәрі дұрыс. Алай- да танымның осы жағын ғана даралау бізді субъективтік идеализмге келтіруі мүмкін.
Эмпириокритицизмді жақтаушылардың ойынша, бүкіл танымдық үдерісті оның бастауларына дейін мұқият талдау ғалым ойының қателік кеткен салаларын анықтауға тиіс, өйткені мұнда оң білімге жетудің басты шарты, яғни таным үдерісінің үздіксіз жүруі сақталмаған. Осындай «қателіктердің» салдарынан ғылым құрамына метафизикалық ұйғарымдар еніп кетеді. Сондықтан «тәжірибені тазарту» керек.
Эмпириокритицизмнің негізгі идеяларының бірі – «ойлау үнемділігі» деп аталатын экономияда және ғылымда тек дәл сурет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет