Ғылым тарихы және философиясы



бет107/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

сараптамалық (аналитикалық) философия да таным теориясының ары қарай дамуына өз үлесін қосты. Философиялық мәселелерді шешу үшін, оның жолын қуушылар тілді логикалық және лингвистикалық талдау әдістерін кең қолданды.
Сараптамалық философияның бастапқы мәселелері мен түсініктері неміс философы Готлоб Фрегенің «Мән мен мағына» (1892) мақаласында баяндалған.
г.Фреге (1848-1925) логика құралдары арқылы математика- ны, әсіресе әртүрлі тосын пікірлер мен қарама-қайшылықтарға толы математикалық дәлелдеулерді жетілдіруге ұмтылған көптеген зерттеушілердің бірі болды. Ал ол үшін, оның ойынша, логиканың өзін айтарлықтай жетілдіру, кемшіліктері көп табиғи тілді лайықты ау- ыстыра алатын, бір түрге келтірілген тіл жасау керек.
Бірақ Фреге сараптамалық философияның негізгі идеясын ғана белгілеп берді, ал нақты іске асуы Англияда (Кембридж) орын алды. Оның негізін қалаушылар – Джордж Эдуард мур (1873-1958) және бертран Рассел болды.
Мур сыртқы нысандардың тәуелсіз өмір сүруін және олардың танылатын нысанға тікелей берілуін мойындайтын ағылшындық- американдық неореализмнің негізін қалаушылардың да бірі болды. Неореализм неогегельшілдіктің дара идеализміне және американдық прагматизмнің эмпиризміне қарсы болды. Дж.Мурдың нақ сол
«Идеализмді терістеу» (1903) деген еңбегінде ағылшын неореализмі айқын көрініс тапты.
Ал алдында айтылып кеткен Бертран Рассел де логикалық талдаудың негізін салушы болды. Оның математикалық логика және математика негіздері бойынша жаңашыл идеялары мен еңбектері XX ғасырдың ғылыми ойы мен философиясын дамытуда маңызды мәселеге айналды. Ол – «Батыс философиясының тарихы» деген тама- ша еңбектің де авторы.
Егер Расселдің назары қарапайым логиканың және математика негіздерін зерттеудің сараптамалық мүмкіндіктеріне бағытталса, ал Мурдың көңілі философиялық ұғымдар мен мәселелерді қарапайым тіл және дұрыс мағына құралдары арқылы талдауға ауды.
Сараптамалық философияның барлық өкілдері философияның қандай да бір нақтылық туралы мазмұнды ғылым еместігіне, басты екі мақсатты көздейтін іс-әрекеттің бір түрі екеніне сенімді. Ол іс- әрекеттер:

  • ғылымнан барлық жалған мәселелерді және тілді дұрыс қолдан- баудан немесе идеологиядан шыққан ой-пікірлерді алып тастау;

  • математикалық логика құралы көмегімен жете ойластырылған ой-пікірлердің мақсат-мұратқа сай үлгісін құруды қамтамасыз ету. Жаңа философияның негізі осындай болмақ.

  1. ғасырдың 50 жылдарынан бастап, неопозитивизмнің әдебиетте постпозитивизм деген ат алған соңғы бағыты пайда болды. Оның негізгі өкілдері: карл Раймунд поппер (1902-1994), томас самуэль кун (1922-1996), имре лакатос (1922-1974), пол Фейерабенд (1924-

1994).
Поппер Венада дүниеге келіп, білімді де сонда алды, 1928 жылы
«Ойлау психологиясының әдісі туралы» деген тақырыппен дис- сертация қорғады. Австрия мен Германияның қосылуы (аншлюс) қарсаңында, еврей болуы себепті оған Жаңа Зеландияға, ал кейіннен Англияға қоныс аударуға тура келіп, онда ол «Король қоғамының» мүшелігіне өтті.
Жаңа Зеландияда ол: «Тарихтың қайыршылығы», «Ашық қоғам және оның жаулары» деп аталатын аса көрнекті шығармаларын жазды, бірақ оларды Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, 1945 жылы ғана жарыққа шығара алды.
Ғылым философиясы бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін ол екі томдық «Ұсыныстар және терістеулер» (1963) және «Объективтік таным» (1972) атты еңбектерінде жариялады.
Осы және басқа жұмыстарында Поппер өз философиялық ұстанымын – сыни критицизмді, неопозитивистердің эмпиризміне қарама-қарсылық (антитеза) ретінде ғылыми білімді жетілдіру теория- сын құрды.
Поппер қазіргі заманғы ғылыми білім дамуындағы верификация қағидасының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бір немесе басқа ғылымның дамуы барысында пайда болатын кез келген теория «соңғы кезеңдегі» шындық болып табылмайды. Қайсыбір реті келген күні теория теріске шығарылуы мүмкін. Ал ғылым тарихы ондай мүмкіндікті көрсете ала- ды. Олай болса, ғылыми пікірлердің терең табиғаты – олардың ғылыми болжам бола алатындығында, яғни қателердің жіберілуі мүмкін екендігінде. Оны ол фаллибилизм деп атайды. Сондықтан, ғылым дамуы тұрғысынан алғанда, болжамдардың көп санын және олардың бұрмалануын алға шығару қажет. Жалпы түрде бұл қағида: ғылыми теорияларға олардың әлеуетті бұрмалаушыларын анықтау мүмкін бо- латындарды, яғни оларға қайшы келетін, шынайылығы тәжірибелер жасаудың жалпыға бірдей шаралары көмегімен ғана анықталатын ережелерді жатқызу керек. Бұл мәселені шешу барысында Поппер индуктивизмді теріске шығарды, логикалық позитивистердің тар импиризмінен және білімнің дара айқын негізін іздеуден бас тартты.
Оның теориясына сәйкес, білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлері өзара байланысты; батыл болжамдарды алға тарту және
оларды теріске шығару кезінде кез келген ғылыми білімнің алдын ала болжанатын сипаты болады. Бұл идеяларды Поппер алғаш рет 1934 жылы «Ғылыми жаңалық логикасы» кітабында жария етті. Әрине, олар Поппердің қарсыластарының сыни пікірлерін туғызды. Алайда автор басқаша санайтын. Италиядағы басылымының (1970) алғы сөзінде ол: «Сөздер мен мағыналарды қазбалаудың енді қажеті жоқ, сынға ұшыраған теорияларды, олардың негіздемелері мен құндылықтарын білсек, сол әлдеқайды маңызды болмақ», – деп жазды. Алғаш қарағанда, индукцияға осылай қатқыл көзқарастың болуы, жоқ дегенде, таңданыс тудырады. Бірақ бұл жағдайды Р.Рассел ұтқыр түсіндіріп берді: бір күркетауық жақсы жағдай жасалған фермаға келіп орналасқан бойда жемнің дәл сағат тоғызда берілетінін байқайды. Алғыр индуктивист болғандықтан, ол көптеген әртүрлі жағдайларды есепке алуға ерінбеді: сәрсенбі мен жұмада, ыстықта да, суықта да, жауын-шашын болғанда және ашық күнде де жем беру сағаты өзгермей, тұрақты болды. Алай- да «Мені әрдайым сағат тоғызда жемдейді» деген тұжырым таңертеңгі кепілді жемін күткен құс аспазшыларға боршалауға берілген сочель- ник күні, яғни діни мейрамдардың бірінде күшін жойды.
Сөйтіп, индуктивтік қағиданы әлдеқалай негіздеу үшін жасалған әрекетінің кез келгені іс жүзінде сәтсіз болып, зерттеуші шексіз регрес- ке (шегіну жолына) түсіп кетті.
Осыған сүйеніп, К.Поппер зерттеу бақылаулардан емес, қиын жағдайға тап болған практика мен теория мәселелерінен басталады деп санады. Ғылыми идеялардың артықшылыққа ие бастаулары жоқ және болуы мүмкін емес, дегенмен, әрине, миф, метафизика, түс және елестер жаңалықтар тудыруы мүмкін, бірақ ол кезде олар фактілермен расталуға, негізді болуға тиіс.
Өзінің жалпыдүниетанымдық, онтологиялық құрылымдарында К.Поппер «үш әлем» тұжырымдамасын құрды. Біріншісі – ол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет