«тіршілік әлемі» жатыр. Бұл – адамның іс жүзіндегі әрекеттерінің шындығы және оның болашақтағы мүмкіндіктері соның шектерінде айқындалатын, алдын ала беріліп қойған көкжиек. Ол, тегінде, нақтылықтың зерттелетін үдерістері егжей-тегжейлі талданған, қашанда толық болмайтын ғылыми танымынан әлдеқайда бұрын пай- да болады, ал ол кезде тіршілік әлемі айқындығымен ерекшеленеді.
«Тіршілік әлемі» барлық мүмкін болатын мағыналармен толыққан, сондықтан заттарды танып біле отырып, біз оларға осы мағыналарды береміз. Алайда көпшілік адамдардың ойынша, олар өздерінің санасы- на тәуелді болмай өмір сүретін сол нақтылықты танып біліп жатыр. Ал, шындығында, адамдар заттарға өздерінің «тіршілік әлемінен» келіп шығатын мағыналарды телиді. Міне, сондықтан феноменоло- гия санада мағыналардың пайда болуын зерттейді. Ал ол үшін сананың өзінің түпнегізінде жатқан таза формаларына жету керек.
Бұл мақсаттарға жету үшін, Э.Гуссерль құбылыстықредукция (қысқарту, салыстыру) әдісі – «эпохені» пайдаланады. Ол заттардың
«эйдосы», яғни санаға ашылатын таза мағыналары айқындалғанға дейін олардың бір-бірлерімен кеңістіктік-уақыттық байланыстарын ескермеуді жорамалдайды.
Демек, феноменологияның ұраны – үйіліп-төгілген сөздерден тазартылған заттардың өздеріне жүгіну. Ал оның өзі – фактілер жайындағы емес, мән-мағыналар туралы ғылым.
Феноменологияның екі: идеалистік және реалистік тармағы бар. Біріншісін Гуссерль ұсынған, өйткені заттарға қайта орала отырып,
ол, ақырында, жалғыз нақтылық – сананы тапты: трансценденттік сана заттардың, іс-әрекеттердің, институттардың мағыналарын түзеді.
Екінші – реалистік тармақты М.Шелер ұсынды. Ол иерархиялық
тұрғыда ретке келтірілген заттардың: жарық – көз үшін, дыбыс – құлақ және сезімдік түйсік үшін деген сияқты нақтылығына бағытталған.
макс Шелер (1875-1928) жай ғана данышпан емес, данышпан-
«жанартау» болды. Феноменологиямен оны дерексіз құрылымдарға сенімсіздік көзқарасы және мәнге жетудің түйсіктік дарыны байла- ныстырады. Феноменологияны өзінің «пайыммен қарауға келтіру» деп түсінуін, құбылыс фактілерінің табылуы мен ашылуын М.Шелер тартымдылық пен сүйіспеншілік, этикалық ерік беру феноменология- сын әзірлеу үшін қолданды. Ізденістерінің нәтижесінде адам, тұлға, адам бойындағы «мәңгілік» феноменологиясы түпқазық болып шықты.