Ғылым тарихы және философиясы


Ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда болуының алғышарттары туралы



бет11/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   185

Ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда болуының алғышарттары туралы


Ең бір ежелгі өркениеттердің Шығыста (Месопотамия, Қытай, Үндістан, Парсы елдері, Мысыр және т.б.) пайда болғаны белгілі. Әдебиетте қоғам өмірінің көпшілік салаларында, атап айтқанда, жер өңдеу, кәсіппен айналысу, сауда-саттық, қару жасау және басқа сала- ларда б.з.д. V ғасырдағы Шығыс елдерінің басым рөлі мойындалады. Солай болса да, ғылымның шығу тегіне қатысты көптеген авторлар ғылымның пайда болуын ертедегі грек мәдениетімен байланыстыра келе, бұл жерде ғылымның жоқтығын айтады (қараңыз: Философия на- уки. Академический проект. – М.: 2006. – 37-38-беттер).


Бізге ондай көзқарас негізсіз болып көрінеді. Кез келген танымдық белсенділіктің (оның ішінде ғылымның да) тереңде жатқан тамыр- лары тәжірибеден, қоғам алдында үздіксіз туып отыратын нақты өмірлік мәселелерді шешу қажеттігінен бастау алады емес пе. Үлкен өзендердің жайылуы және кең алқаптарды су басып жататыны адам- дарды бөгеттер салуға мәжбүрледі, ал бұл, өз кезегінде, жердің үстіңгі бетін, оның өлшемдерін мұқият зерттеуді талап етті. геометрия бас- таулары осылай пайда болды. Сауда-саттықтың өркендеуі сол бойда үлкен сандармен шұғылдануға келтірді, сөйтіп, математиканың да- муына себеп болды. Аса үлкен инженерлік жобалар (Вавилон мұнара-
сы, Ұлы Қытай қорғаны, Мысыр пирамидалары, Семирамиданың аспа- лы бақтары және басқалары) математиканың, механиканың, матери- алдар кедергісі мен басқаларының бастау-көздерінің пайда болуына ықпал етті. астрономия туралы алғашқы білімдер де (көшпенділік, сондай-ақ теңіз кемелері үшін жұлдыздар мен планеталардың орнала- суына бағдарланған жолдар салу, кейіннен оларды діни салт-жораларда пайдалану үшін, Күн мен Айдың тұтылатын мерзімдерін анықтау және т.б.) сол уақытта дами бастады.
Мысалы, Мысырда б.з.д. 4241 жылы-ақ адамдар уақытты күнтізбе бойынша есептеуді білген, жазу-сызудың шыққанын да сол кезеңге жатқызуға болады. Мысыр пирамидалары көптеген геометриялық, математикалық ұғымдардың сол кездің өзінде-ақ айтарлықтай дамығанын көрсетеді. Ол пирамидалардың ішіндегі ең биігі – Хеопс пирамидасын алып қараңыз: ол өзінің алдыңғы орнын 1889 жылы, Эйфелев мұнарасы пайда болған кезде ғана беріп отыр. Немесе Ұлы Вавилонды – ежелгі «Әлем астанасын» (басқа атауы – «Баб Эл – Құдай қақпасы») қараңыз. Ол туралы хикаялардың тіпті қазіргі заман адамының да қиялын қобалжытатыны сөзсіз. Сөйтіп, Геродот бойын- ша, ол қаланың жалпы аумағы 60 миль (квадраттың әр бетіне 15 миль- ден келеді) құрайтын. Қабырғаларының үстіне 250 мұнара орнатылған. Қаланың ішіне жезден құйылып салынған жүздеген қақпа арқылы кіруге болады.
Жеті сатыдан тұратын, шығар басына шағын ғибадатхана салынған Вавилон мұнарасының атағы да кем емес. Мұнараның биіктігі қабырғаның бір бетін құрайтын ұзындыққа – тоқсан метрге тең.
Аммизадуги патша (б.з.д. 1646-1626 жж.) билік құрған уақытта Вавилонда Шолпан планетасы фазаларының (белгілі мерзім аралықтарында өзгеруінің) кестелері жасалған. Ол мағлұматтардың дәл болғаны соншалық, бұрыштық өлшемдердегі қателіктер секундтың бір үлесінен аспайтын. Қазіргі заманғы жетілген оптикасыз дәл сондай дәлдікке жетудің мүмкін болғаны әлі күнге дейін беймәлім күйінде қалып отыр. Вавилон астрономдары осы уақытқа шейін мұсылман елдерінде және Исраил мемлекетінде пайдаланылатын ай күнтізбесін жасаған. есептің алпыс еселік жүйесі де – вавилондық математиктердің еңбегі. Олар шеңбер ұзындығының диаметрге (π саны) қатынасын есептеп шығарған. Пифагордың гипотенузаның ква- драты катеттер квадраттарының сомасына тең (c2 = a2 + b2) деген белгілі теоремасына негізделген білімдер вавилондықтарға Пифагорға дейін мың жыл бұрын белгілі болған. Олар сонымен қатар арифметикалық,
геометриялық прогрессияны, сызықтық теңдеулер жүйелерін білген, дәрежеге көбейту және түбір шығару да қолдарынан келген. Оларда көбейту кестесі де, кері шамалар кестелері де болған. Мысалы, Мысыр мен Вавилон математиктері бірінші және екінші дәрежелі теңдеулерді шеше алған, үшбұрыштар мен төртбұрыштардың, параллелепипедтің ауданын анықтай білген, цилиндрдің, конустың, пирамиданың көлемін олардың формулаларын шешу арқылы табуды үйренген. Мысыр мен Парсы елдеріне олардың қол жеткен тәжірибелері мен білімдерін үйрену үшін, ертедедегі грек ғалымдарының сапар шеккендері жалпыға мәлім. Саз балшықтан жасалған шағын кестелер вавилондықтардың терапия, хирургия, фармакология бойынша медицинадан да қомақты білімдері бар болғанын дәлелдейді.
Сөйтіп, ертедегі Шығыс елдері пайда болып отыратын өмірлік мәселелер мен қиындықтарды шешу жолында қомақты білім жинақтаған. Ерте замандардағы қол жеткізілген ең үлкен жетістіктердің бірі үнділіктердің ондық сандарды ойлап тапқаны болды. Олардың римдік сандармен салыстырғандағы артықшылығы бір қарағанда-ақ байқалады. Кезінде оларды арабтар қабылдап, олардан Еуропаға жет- кен. Алайда ең бір таңғаларлығы – ежелгі үнділіктердің жердің өз өсі бойынша және күнді айналып қозғалатынын н.коперникке дейін 1100 жыл бұрын білгендігі. Үнді математиктері Жердің диаметрін есептеп шағарған, ал ол ғылымның қазіргі заманғы деректерінен онша- лықты алшақ емес. Бұл ғажап емес пе? Осыдан кейін біз ғылым бас- тауларының ежелден-ақ Шығыста пайда болмағанын айта аламыз ба?
Алайда қарсыластарымыздың уәждеріне құлақ салайық. Олар жинақталған білімдердің барлығы бірдей ғылымды қалыптастырмайды деген даусыз ойға сендірмек болады. Ғылым жаңа білімдерді туды- ру бойынша арнайы мамандандырылған мақсатты қызмет болып та- былады. Иә, Шығыста ондай арнайы мамандандырылған қызмет болмады. Шығыста білімдер тікелей іс жүзіндегі тәжірибені та- нымал индукциялық (жалқыдан жалпыға қарай тексеру әдісімен) қорытындылау негізінде жасалып, отбасы ішінде мұрагерлік кәсіп- қойлық ұстанымы бойынша ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды (оған қоса, ол білімдер аталған мамандықты қорғаштаушы Құдайдан келіп жетеді деп жорамалданатын).
Ал Батыста басқаша болып па еді? Оның үстіне, ежелгі заман- нан бастап (Аристотель, Ф.Бэкон) осы күнге дейін индукциялық қорытындылау – ғылымның маңызды әдістерінің бірі болып табылады және сондықтан бұл кінәнің неге Шығыстағы ғылымға бағытталатыны
түсініксіз. Білімдердің отбасылық дәстүрмен, цех қағидасымен беріліп отыратыны туралы айтар болсақ, олар Шығыста да, Батыста да солай болған (ортағасырлық Еуропаны еске түсіріңіз). Ғылым мен оның институттарының бүгінгі таңдағы жай-күйін ерте замандарға таңуға болмайды ғой. Ежелгі Грекияда да бір немесе басқа ғылымды қорғаштайтын Құдайлардың санына есеп жетпейтін.
Ары қарай Шығыстағы білімдердің жинақталуының бейберекет сипаты айтылады. Ол туралы төмендегіні айтуға болады. Ғылымның жүйелі, жоспарлы түрде дамуы Жаңа дәуірде ғана басталды. Ал бұлайша даму өте-мөте XX және XXI ғасырлар ғылымына ғана тән.
Әдебиетте айтылатын келесі бір кемшілік – ол Шығыс ғылымының оншалықты орынды емес сипаты, «танымның таным үшін» болма- уы, оның нақты қолданбалы міндеттерді шешуге арналған басым бағыттылығы. Бірақ тіпті Шығыстағы ғылыми ойдың дамуы тарихы- нан келтірілген жоғарыдағы фактілердің өздері, біздің көзқарасымыз бойынша, ертешығыс дінінің тіпті орынды болып табылмайтын сипаты туралы сенімді жоққа шығарады. Таным негізі тәжірибеде, қоғамның өмірлік маңызды мәселелерін шешуде жатыр емес пе. «Таным – таным үшін», «өнер – өнер үшін» және басқадай бағыттар схоластикалық, яғни өмір тәжірибесінен аулақ, көз алдындағыдан басқаны көрмейтін теориялаудың өнімдері ғана еді.
Сөйтіп, бұл мәселені азды-көпті нәтижемен қарастыра келе, біз төмендегідей қорытындыға келеміз:
а) ертешығыстық өркениеттердің көп мыңжылдықтарға созыла- тын тарихы бар. Шығыс әлемге материалдық және рухани тұрғыда көптеген құндылықтар, атап айтқанда, жібек, қағаз, компас, оқ-дәрі, кітап басып шығаратын станок сияқты заттар берді;
ә) Шығыстың ғылыми жетістіктері Батыстікінен әсте төмен болған жоқ. Оның үстіне, олардың бірі-бірлерінің жетістіктерімен тұрақты алмасуы орын алып отырды;
б) философияның бастаулары сияқты, ғылым бастаулары да Шығыста да, Батыста да адамзаттың «өз өсінде айналатын уақыты» деп аталатын уақытта бір мезгілде пайда болған. Әлбетте, екі өркениетте де әлеуметтік-саяси факторлар (Грекиядағы «Афина демократиясы», Шығыс елдеріндегі «азиаттық озбырлық») орасан үлкен рөл атқарды. Алайда бұл Шығыста ғылым болмаған деп сендіру үшін, бізге негіз бола алмайды.
Шығыс ойшылдарының әлем туралы, бұл дүниедегі адам болмы- сының мағынасы жайындағы ой-толғаныстарын айтар болсақ, олар да
бізді өздерінің терең көрегендігімен және даналығымен таңғалдырады. Мысалы, даосизмнің онтологиясын (болмыс туралы ілімін) алсақ, ол төмендегідей болып шығады: Дао (болмыссыздық, яғни болмыстың жоқтығы) болмысты тудырады, ал ол, өз кезегінде, табиғаттың нақты бір денелері мен заттарын (дэ), яғни оларға бөлінген белгілі бір уақытта өмір сүріп, қайтадан болмыссыздыққа оралатындар- ды дүниеге келтіреді. Ертедегі қытайлардың бұл көрегендігі «Әлем вакуумның «Үлкен жарылысы» деп аталатын жарылыстан жаралған, демек, іс жүзінде ештеңеден жаралмаған» деп сендіретін сол заманғы астрофизикамен астасып жатыр. Қазақстандық философ А.Хамидовтің айтуынша, Шығыс философиясында болмыссыздыққа шығармашылық күш берілген. Сондықтан Батыстың «Ex nigilo nigil fit» («жоқтан бар тумайды») деген нақылы Шығыстың ақыл-ой шабытына сай келмейді. Оған «Ex nigilo totum fit» («Барлығы жоқтан пайда болады») деген қағида сай келеді. Болмыстың осындай түсінігінен: егер ерте ме, кеш пе, бәрі де болмыссыздыққа оралатын, ал әлемді Даоның көзге көрінбейтін заңдары билейтін болса, онда табиғат заңымен (у-вэй) өмір сүру ке- рек деген өмір бағдары келіп шығады. Бұл жерде еуропалық санаға тән түрленіп өзгеру, табиғатты бағындыру идеясы жоқ.
Даосизм қарама-қарсылыққа өту арқылы жүзеге асырылатын қозғалысты мойындайды. Ерте көктемде шөп жап-жасыл, жұмсақ, нәзік болса, ал қаракүзде сарғайып, қатайып кетеді. Дүниеге жаңа кел- ген сәби қаншалықты нәзік, әлжуаз, жұп-жұмсақ болса, ал қартайғанда, ол енді икемсіз, мыж-тыж күйге түседі, яғни о дүниеге бет алады. Осыған орай даошылар: орасан зорға жету үшін, кішкентайдан бас- тау керек, қиындықты жеңілден бастап жеңген жөн деген даналық кеңестер береді. Бірдеңені құрту үшін, алдымен оның гүл жаруына жол бер, сонда ол өз ажалын өзі табады. Бақытқа қол жеткізу үшін, бақытсыздықты басыңнан өткер («Әйтпесе бақытты екеніңді қалай білесің?» – деп сұрақ қояды Лао-Цзы). Кім шамадан аспаса – сол өзін бақытсыздықтан құтқарады. Кім өз шекарасын біледі – сол өзін қауіптен сақтайды. Кім оңай жол іздесе – қиындықтарға сол тап бола- ды. Даошылардың жоғарыда келтірілген адамгершілік ұғымдары бізді өздерінің тереңдігімен, даналығымен тамсандырады.
Таным. Сезім мен құмарлық бізді Дао танымынан алыстата түседі. Олар арқылы тек табиғаттың нақты денелерін танып білуге болады. Алыпұшпа құмарлықтан арылғанда ғана жаратылыс құпияларына терең бойлап, танып білуге болады. Жаратылыстағы барлық заттар мен денелер әртүрлі, бірақ олардың барлығы да дамиды және бастапқы
негізіне қайта оралады. Бұны біз тыныштық деп атаймыз. Ол бізді орнықтылыққа жетелейтін мәнге жеткізеді. Тұрақты орнықтылықты танып білген адам кемелдіктің шыңына шығады. Кемелдікке жет- кен адам құмарлық-құштарлықтан арылып, дао – мәңгілікке жетеді. Даошылар осылай деп сендіреді. Даосизм ғажайыптан – құбыжық, жақсылықтан – жамандық, болмыстан – болмыссыздық көріп, өмір диалектикасын керемет көрсетеді. Ол үшін үйлесімділік – қарама- қарсылықтардың осылай қатар өмір сүруі.
Даошылардың ойынша, өзіңді танып білу арқылы басқаларды да та- нып білесің. Егер бір немесе басқа елді танысаң, онда бүкіл адамзатты танып білген болып шығасың. «Дана адам білімді бола отырып, оны көрсетуге ұмтылмайды, ал білімсіз адам әрдайым өзінің білгіштігін көрсетіп қалуға тырысады» деген нақыл жастар үшін ерекше бағалы болып табылады.
Ертедегі қытай даналары тұлғаның ішкі дүниесіне, оның қоғамға көзқарасына үлкен көңіл бөледі. Кон-Фу-Цзы (Конфуций) алғаш рет алтын ереже деп аталатын: «өзіңе қаламағанды басқаға істеме» деген мораль қағидасын құрды. Мән-мағынасы «адамды сүй, оған жақсылық жаса, сонда саған барлығы жақсылық пен сүйіспеншілік бо- лып қайтады» деп ұғынылатын «өзара қарым-қатынас этикасын», сондай-ақ: шектен шығу, ұшқарылық дегендердің барлығы қарама- қарсылыққа айналып кету қаупін туғызады деген «ортаңғы жол» эти- касын қалыптастырды.
Конфуцийдің ойынша, адам: 1. жень – адамды сүю; 2. и – әділеттілік; 3. ли – салт-жоралар; 4. Чжи – ақыл; 5. сань – сенім деп аталатын «бес ізгілікті» (у-Чан) ұстануға тиіс.
Ізгілікті адам – Цзюн-Цзы – осы ізгіліктерді сақтайды, пасық адам – сяо-жень – сақтамайды. Мейірбан адам басқалардың алдын- дағы борышын басшылыққа алса, ал пасық адам пайдакүнемдік ой- лайды; ізгілікті адам басқалармен бейбіт өмір сүруді қалап, бірақ өзіндік өмір жолын іздесе (егер басқаның жолын қайталайтын болсаң, онда бұл дүниеге неге келдің?), пасық адам басқаларсыз күн көре ал- майды, бірақ өсең-аяң, ұрыс-керіс, кикілжің тудырмай жүрмейді. Ізгілікті адамға үлкен істерді сеніп тапсыруға және оның ол істерді (кейде өзіне зиян келтіретін іс болса да) орындайтынына сенім артуға болады. Өресі таяз адамға тіпті ұсақ істерді де сеніп беруге болмайды, өйткені ол ешқашанда алған ісін аяғына дейін жеткізбейді. Осындай қарапайым, түсіну оңай мысалдар арқылы конфуцийліктер өз халқын тәрбиелеп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет