Ғылым тарихы және философиясы


Сопыларға қатысты айтар болсақ



бет16/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   185
Сопыларға қатысты айтар болсақ, бұл философиялық ағымның пайда болуы Афина полисінің, әсіресе «тура демократияның» гүлдене дамуымен, халық жиындарының, соттардың маңызы арта түскенімен тығыз байланысты. Билікті аңсаған афиналықтар сайлауларда ба- сым көпшілік дауыс алуға тиіс болды. Ал ол үшін шешендік өнеріне (риторика), өз ісінің дұрыстығын негіздей және қарсыластарының
көзқарастарын жоққа шығара (логика мен диалектика) білуге үйрену, жалпы, жақсы білімі (философия) болуы керек еді. Ал осының бәріне де аристократтар мен плутократтарды сопылар – философ-данышпан- дар ақшаға (оның үстіне, аз ақшаға емес!) оқытатын. Бірақ еркін аза- маттар сыйақы үшін еңбектенуден қашатындықтан, олар сопыларға жоғарыдан қарап, оларға «жалған данышпандар» деп (қазіргі заманғы әр тектегі «имиджмейкерлер» мен «политтехнологтар» сияқты) ат қойды.
Сопылыққа философиялық негіздеме берген протагор (481-411 жж.) болды. Заттар қарама-қайшылықты болғандықтан, олардың әрқайсысы туралы бір-біріне тікелей қарама-қайшы екі тұжырым айтуға болады. Ол кезде олардың бірін таңдау керек, ал оны адам істейді. Сондықтан
«адам – барлық заттардың өлшемі» болып шығады. Біреуге бір немесе басқа зат туралы осы тұжырым ұнаса, ал екіншісіне тікелей қарама-қайшы екіншісі ұнайды. Қазақтар айтқандай, «біреу тойып секіреді (күш-қуатын қайда жұмсарын білмейді), біреу тоңып секіреді (үсіп қалмау үшін).
Сопылықтың бейнесін біз Протагордың «Еватлынан» табамыз. Протагордан оқып шыққан Еватл онымен шарт жасасады: соттағы алғашқы жеңісінен кейін, ол оқуы үшін Протагорға ақы төлейтін бо- лады. Бірақ Еватл ақы төлеуге асыға қоймайды. Протагор сотқа арыз- данатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Еватл: «Шарт бойынша мен ақшаны соттағы жеңісімнен кейін төлеуге тиіспін, бірақ мен істе әлі жеңіске жеткен жоқпын», – деп жауап береді. Сонда Протагор: «Егер сотта істі мен жеңсем, сен сот шешімімен төлейсің, ал сен жеңсең, шарт бойынша төлейсің», – деп талап қояды. Ал оған Еватл: «Егер мен жеңілсем, шарт бойынша төлемеймін, ал жеңсем, сот шешімімен төлемеймін», – депті.
Сонымен, Протагордың пікірі бойынша бәрі салыстырмалы, еш жерде барлығы үшін ортақ маңызды болатын шексіз шындық, адамгершілік құндылықтары жоқ. Егер осылай болса, онда өзіңнің шындығыңды дәлелде, қарсыластарыңның пікірлерін жоққа шығара біл. Әлсіз әрекеттерден де күшті дәлелдер, күшті уәждер жасай біл, қарсыластарыңның тас-талқанын шығар. Өз мүдделерін сенімді қорғай және соған жұртшылықты сендіре білген Протагордың шәкірттері саясатта табыстарға жетіп отырды. Сондықтан да Протагорға көзінің тірісінде-ақ даналықтың жемісін тату бұйырды.
Сопылардың философияға сіңірген еңбегі адамдық түсініктердің ішкі қарама-қайшылықтарын, олардың икемділігін, бір-бірлеріне ауы-
сатынын тапқандары болды. Соған орай олар логика мен риторика мәселелерін дамытты. Олар ұсынған сопылықтың (софизмнің) кейбір түрлері әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Мысалы, «Өтірікші» сопылығы: «Егер өтірікші өзінің өтірік айтатынына сендірсе, демек, ол шындықты айтып тұр», – дейді. Ал енді осы сопылықты түсініп көріңіз!?
Парменид болмысы туралы ілім. Зенонның апорийлері. Демо- криттің атомизмі.

Элеядан шыққан парменид (б.з.д. V ғасыр) – грек философиясында алғаш рет болмыс, тіршілік мәселесін көтерген адам. Нәтижесінде, грек философиясында философияның классикалық тарауларының бірі – онтология (болмыс туралы ілім) пайда болды.
Парменидтің ойы бойынша, әлем туралы шындыққа бір ғана жол жеткізеді: бұл – «тек болмыс бар, ал болмыссыздық деген атымен жоқ» дегенді мойындау. Аталған тұжырымнан төмендегі қорытынды шығады:
Бар нәрселердің барлығы өмір сүреді. Жоқ нәрселер өмір сүрмейді.
Бұрын болмағанның пайда болуы, демек, жоғалуы жоқ, болмайды.
Кеңістік (әлдебір сыйымдылық сияқты) және уақыт (оқиғалардың кезектілігі) жоқ, болмайды.
Бар нәрсенің бәрі толған (толық).
Бардың (бар нәрсенің) құрамдас бөліктері жоқ (әйтпесе кеңістікті мойындауға тура келер еді), ол – біртұтас бүтін нәрсе.
Бар (бар нәрсе) – біртұтас бүтін, демек, жетілген. Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ.
Болмыс пайда болмайды және жойылмайды, өйткені болмыссыздық жоқ, демек, болмыс болмыссыздықтан пайда бола алмайды. Бол- мыс тұрақты және қозғалмайды, өйткені қозғалысты мойын- дау болмыссыздықты мойындаумен парапар болар еді. «Осындай қорытындыға мен ойлану-толғану нәтижесінде келдім», – дейді Пар- менид.
Оның пікірінше, жалған жол деген де бар – ол сезімдік таным жолы. Бұл жол бізге өмір мен өлімнің болатыны, заттардың тұрақты өзгеретіні, бірдеңенің пайда болып, жоғалып жататыны туралы ба- яндайды. Қозғалыс, барлығының үздіксіз қалыптасып жататыны ту- ралы айтатын күнделікті өмір тәжірибесіне қарамастан, Парменид оларды мойындамай-ақ қойды, ал оның қарсыластары ұтымды түрде оны жоққа шығара алмады. Негізгі мәселе – қозғалысты адамның ойы
арқылы көрсетудің ерекше қиындық тудырғаны болды. Керісінше, кез келген өзгеріс пен қозғалысты ойша жоққа шығару әлдеқайда оңай көрінді. Ұстазы Парменидтің көзқарасын қорғаудың осындай жолына зенон Элейский (б.з.д. 490-430 жж. шамасы) түскен-ді.
Зенон өз заманының саяси өміріне белсене араласты. Аңыздар бо- йынша ол озбыр билеуші Неархқа қарсы қастандық ұйымдастырған, бірақ қамауға алынған. Қатыгез Неарх оған қарсы шыққандардың аты-жөндерін айтуды талап еткенде, Зенон өзінің тілін қыршып алып, озбырдың бетіне түкірген-міс. Философия тарихына Зенон «апорий- лер» (ойдағы қиындықтар) деп аталатын түсініктері арқылы енді, сол түсініктерінде көптіліктің және қозғалыстың жоқтығын дәлелдеуге тырысты.
Зат жылжи отырып, кеңістіктің әлдебір нүктесіне жетуге тиіс. Бірақ бұл мүмкін емес, демек, дұрыс емес. Неге? Себебі, зат бұл нүктеге жету үшін, алдымен қашықтықтың жартысын, содан соң келесі жартысын жүріп өтуге тиіс, солай шексіз кете береді. Ол кезде зат қозғалмайды. Зенонның белгілі апорийлері – «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе» де осыған ұқсас тәсілмен дәлелденеді.
Зенонның көптілікті (көпшені) жоққа шығаратын апорийлері де соншалықты қызғылықты. Көптілік көп бірліктен тұрады, ал бұл мүмкін емес. Егер әлем көптеген заттардан тұратын болса, онда қажеттілігімен бірге, олардың саны сомаға тең. Бірақ сома шексіздікке кетеді, өйткені екеудің арасына тағы бірді, содан кейін екеуді және т.с.с. орналастыруға болады. Ол кезде бір бар, ал көптілік жоқ.
Өзінің дәлелдемелерімен Зенон Логостың мағынасын жаңа деңгейге көтерді, басқаларды қозғалыстың, кеңістіктің және уақыттың мәні ту- ралы ойлануға мәжбүр етті.
Болмысты түсіну үшін ежелгі грек материалистері – левкипп (б.з.д. V ғасыр) және Демокрит (б.з.д. 460-370 жж.) мүлдем бөлек жол таңдады. Олар философияға атом (atomos – бөлінбейтін) ұғымын енгізді. Атомдар – ары қарай бөлінбейтін, өте ұсақ, адамның көзіне көрінбейтін, бір-бірінен формасы, көлемі және салмағы бойынша ғана ажыратылатын бөлшектер. Бос кеңістікке түсіп, бір-бірімен тізбектеле келе, олар табиғаттың алуан түрлі денелерін құрайды.
Сондықтан да екі ойшыл да болмыссыздықтың бар екенін жоққа шығарды. Әлдебір зат пайда болғанда, ол атомдардың әртүрлі қосылыстарынан құралады, ал зат құрып, жоғалғанда, оны құрайтын атомдар бір-бірінен ажырайды. Әлбетте, атомдардың қозғалуы үшін кеңістік керек. Сол себепті олар әлемді ішінде атом-
дар қозғалып жүретін орасан үлкен бос кеңістік деп қарады. Табиғат денесін құрайтын атомдар шексіз болғандықтан, кеңістік те шексіз. Егер кеңістік шектеулі болса, онда оған атомдардың шексіз саны сыймаған болар еді. Осының барлығы уақыттың үздіксіздігін және қозғалыстың бастаусыздығын жорамалдайды.
Демокриттің ойынша, әлем (дүние) алдымен бейберекет қозғалып жүретін атомдар түрінде (күн сәулелерінде жылтылдап көрінетін тозаң сияқты) болады. Содан кейін соқтығысу арқылы ауыр атомдар жеңіл атомдардан бөліне береді. Нәтижесінде, табиғаттың әртүрлі денелері пайда бола бастайды. Ең кішкентай және дөңгелек атом- дар отты құраса, ал қалғандары текше түрінде болады, олардың ең кішкентайлары – ауаны, орташалары – суды, үлкендері жерді құрайды... Сөйтіп, демокриттік ілімде құдайлар да, рухтар да жоқ, ол барлығын да механика жолымен түсіндірмек болды.
Адам және таным туралы ілімде Демокрит адамның жанын мойындаған. Бірақ оның ойынша, адам жаны дөңгелек жеңіл және жылдам қозғалатын элементтерден тұрады. Егер осылай болса, онда адам өлгеннен кейін оның жаны да жойылады – атомдар бір-бірінен ажырап, жан-жаққа тарайды. Танымға қатысты Демокрит заттардың бетін құрайтын жеңіл атомдар буланған сияқты болып, жанның атом- дарына әсер етеді, нәтижесінде, біздің жанымызда заттардың бейнесі пайда болады деп санаған.
Қоғамның әлеуметтік-саяси өмірі саласында Демокрит демокра- тияны жақтады. Оның мығым болуы үшін, адамдарды тәрбиелеу ке- рек. Табиғаты бойынша адам рақат алуға және күйзелістерден аулақ болуға ұмтылады. Алайда Демокрит рақатты өлшемді табу арқылы анықтайды. Адам үшін ең жақсысы – эутемия – қорқынышты да, зи- янды құмарлық дегендерді де білмей, жақсы көңіл күйін сақтап жүру. Сонда ғана даналыққа – адамның өмір сүруінің ең жоғарғы мақсатына жетуге болады.
Демокриттің атомдық теориясын материалистік бағыттағы ой- шылдар жылы қабылдап, ол теория табиғатты танып білудің дүниетанымдық негізі қызметін XX ғасырға дейін атқарып келді.
Б.з.д. IV ғасырдағы антика қоғамында мәдениет пен философия өз дамуының жоғарғы шегіне жетті. Әлеуметтік-саяси өмірде тоқырау орын алса да, дегенмен рухани өмірде үлкен жетістіктерге қол жет- кен (бұл материалдық және рухани дамудың сәйкессіздігін тағы бір рет дәлелдеп отыр). Философия дамуының ішкі логикасына кел- сек, оның алдындағы табиғи-философиялық идеялар сопылық үлкен
философиялық жүйелерді құруға жақсы негіз болады. Ондай жұмысты ерте замандардың ұлы данышпандары платон (б.з.д. 427-347 жж.) мен аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) атқарды. Сондықтан да олардың шығармашылық кезеңі ерте грек классикасын құрайды, яғни бүкіл адамзат үшін өшпес рухани құндылығы сақталады.
Платонның шын есімі – Аристокл. Иықтарының өзгеше кеңдігіне бола, ол Platos (грекше – кең) деген лақап ат иеленіп, тарихта солай сақталып қалды. Өз заманы тұрғысынан қарағанда, ол керемет білім алған. Жиырма жасында Сократпен кездесіп, оның ыждағатты шәкірті болды, рухани төңкерісті басынан өткеріп, бүкіл өмірін философияға арнады.
Платон шығармашылығының ерекшелігі – ол өзінің барлық еңбектерін сұхбат (әңгімелесу) түрінде жазған, ол сұхбаттарының негізгі кейіпкері көп жағдайда Сократ болатын. Платонның негізгі туындылары: «мемлекет», «заңдар», «сократтың апологиясы»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет