Ғылым тарихы және философиясы


Енді қиын мәселелерден, ғылыми жорамалдардан, теория мен



бет130/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Енді қиын мәселелерден, ғылыми жорамалдардан, теория мен


заңдардан тұратын теориялық білім құрылымын қарау қажет.
Таным үдерісінде зерттеуді әлдебір тежеу, абыржу, түсініксіздік сезімі билейтін жағдайлар туады. Сол уақытта қиындық пайда бола- ды. Оны шешкенше, адамның мазасы кетеді. Сондықтан қиындықты кейбіреулер білмейтінді білу деп айқындайды. Бұл жағдайдың негізінде әртүрлі себептер жатады. Бұл зерттеліп жатқан әлдебір құбылыс бойынша әртүрлі екі пікір немесе ғылымдағы ескі теория мен жаңа ашылған фактілер арасында қарама-қайшылықтар туған кезде орын алуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда шешім көбінесе мәселенің өзінің дұрыс қойылуына байланысты болады. Ол үшін жиналған барлық ғылыми фактілерді, ұсынылып отырған ғылыми болжамдар мен тұжырымдарды қайтадан мұқият қарап шығып, мәселенің өзінің мәнін айқын ұғыну керек. Бірақ шешілген мәселенің зерттелуші нысан туралы көзқарастарға терең бойлауға ғана келтіретінін емес, сондай-ақ жаңа көзқарастарды да тудыратынын әрқашан есте ұстау қажет.
ғылыми болжам зерттеліп жатқан зат немесе құбылыстың себебіне қатысты белгілі бір ғылыми фактілерді зерттеу негізінде жасалған жорамал болып табылады. Ол өзінің дәлелді негізін талап етеді. Алайда кейбір ғылыми болжамдар зерттеліп жатқан нысанның себебін анықтаудың нақ осы мүмкін еместігіне байланысты пайда
болады. Мысалы, ғылымда бірнеше ғана таңданарлық нәрселер бола- ды. Бұл, бәрінен бұрын, – біздің алдымызда жайылып жатқан шексіз Әлемнің, өмірдің, «ақыл берілген адамның» өзінің бар байлығы мен ұлылығының шығу тегіне байланысты мәселелер.
Егер біз аталған мәселелердің діни шешімін жақшаның сырты- на шығарсақ, онда материалистік философияның өмір сүріп жатқан әлемнің мәңгілігін мыңжылдықтар бойы дәлелдеп келгенін көреміз. Алайда мәселенің қиындығы бұл әлемде мәңгі болуы мүмкін бірде- бір заттың немесе құбылыстың жоқтығында жатыр. XX ғасырдың 70 жылдарында астрофизиктер «Үлкен жарылыс» (Grand Explosion) ту- ралы ғылыми болжамды ұсынды. Ол бұл әлемнің вакуумның «үлкен жарылысы» нәтижесінде пайда болғаны жайындағы жорамалды алға тартып, оның мәңгілігін теріске шығарады. Осы ғылыми болжамның көмегімен «инфрақызыл сәуленің орын ауыстыруы» деп аталатын
«ұлғаюшы Ғалам» себебін пайыммен түсіну мүмкін болды. Көп мил- лиард жылдардан кейін ішкі тартылыс күші нәтижесінде бұл әлемнің кері тартылу үдерісі басталады да, ол жоғалады, бірақ кейін жаңа
«Үлкен жарылыс» Ғаламның жаңа үлгісін тудырады. Ең таңғаларлығы, осы көзқарастар пайда болғанның алдында 120 жыл бұрын соларға ұқсас идеяларды орыс теософы Е.Блаватская өзінің «Құпия доктри- на» атты кітабында баяндаған.
Ал өмірге қатысты айтсақ, оның пайда болуы жайындағы көптеген жорамалдардың ішінен біздің көңілімізге қонымдысы – академик В.Опариннің «коацерваттық» ғылыми болжамы. Оның мәні: мұхиттың көптеген тұздар еріген бастапқы «жылы сорпасында» күн сәулелерінің көмегімен есепсіз химиялық реакциялар орын алып, олар ақыр соңында белок қосылыстарының пайда болуына келтірді.
Адамның пайда болуы жайындағы ғылыми болжамдарды кейінірек қарайтын боламыз.
Жоғарыда келтірілген ғылыми болжамдарды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың тамырлары миллиардтаған жылдарға кетеді. Бірақ егер біздің алдымызда жатқан табиғат пен қоғамның әлдебір үдерістері туралы ғылыми болжамдарды алатын болсақ, олардың шынайылығы ерте ме, кеш пе, тексеруге түседі, өйткені өмірдің өзі олардың бірқатарының жалған екенін көрсетеді. Мысалы, флогистон немесе эфир идеясы ғылымның дамуына орай өзінің жетілмегендігін байқатты және санаттық (ұғымдық) мәртебесін жоғалтты.
теория деп шынайы екендігі тәжірибемен дәлелденген, бір-біріне қайшы келмейтін, өзара байланысты ұғымдарда зерттелетін заттың не-
месе құбылыстың ішкі маңызды байланыстарын түсіну керек. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясын», Ч.Дарвиннің
«эволюциялық теориясын», К.Маркстің «қоғамдық-экономикалық құрылымдар теориясын» және т.б. келтіруге болады.
Теорияның негізгі қызметтері – түсіндіру, болжау, тәжірибеде көрсету.
Кез келген теория – нысанның ойша берілген үлгісі, сол себепті адам оның маңызын терең түсіне де, түсіндіре де алады.
Жақсы әзірленген теория нысанның болашақ ахуалын болжауға, осы уақытқа дейін жасырын болып келген сапалары мен қасиеттерін ашуға көмектеседі.
Мысалы, Д.И.Менделеевтің «Химиялық элементтер жүйесі» құрылған соң, ғалымдар соған сүйене отырып, бірқатар жаңа элементтерді ашуға қол жеткізді.
Теория біздің танымдық қызығушылығымызды ғана қанағаттандырып қоймайды. Оның басты мақсаты – іс жүзіндегі әрқилы міндеттерді шешу. Мысалы, ғалымдар құрған ішкі ядролық үдерістер теориясы АЭС құрылысын салуға жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет