Ғылым тарихы және философиясы



бет133/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Бақылау. Зерттелетін құбылыстарды ғылыми бақылау заттар- ды және адамдардың өмірінде күнделікті болып жататын үдерістерді жай ғана бажайлап қараудан мүлдем өзгеше. Ол «tabula rasa» – таза тақта емес, өйткені ғалым зерттелетін затқа белгілі бір ұстанымдар тұрғысынан келеді, оның басында белгілі бір пікірге, зерттелетін зат немесе құбылысқа қатысты идеяға жақын бір нәрсе бар. Нәтижесінде, ол зерттелетін нысанның табиғатына қатысты бір немесе басқа жора- малдарын растау немесе терістеу мақсатында сол затты жүйелі түрде

бақылай бастайды. Бақылау барысында бірте-бірте ғылыми фактілер жинақталып және талданып, содан кейін әлдебір жүйеге келтіріледі.
Ғылыми бақылау жүргізудің алдында төмендегідей қатаң талаптар белгіленеді:
а) зерттеудің айқын мақсатын қою;
ә) зерттеу әдістерін мұқият таңдау және зерттеу жоспарларын
мейлінше нақтылау;
б) бақылауларды алдын ала әзірленген жүйелі формада өткізу;
в) алынған нәтижелердің дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп отыру және қайтадан тексеру;
г) бақылау барысында алынған мағлұматтарды өңдеу, жүйелеу
және терең айқындау және оларды ғылыми фактілерге айналдыру.
Бақылау барысында жасалған қорытындылар, тұжырымдар зерттелетін заттар мен құбылыстардағы әртүрлі қасиеттерді, байла- ныстарды білдіреді, олардың әлдебір мазмұнын анықтайды. Бақылау барысында алынған нәтижелерді қайта-қайта растауға болады. Сол себепті әртүрлі ғылыми қауымдастықтарда зерттеу нәтижелері басы- лымда жарияланған соң, олардың шынайылығын, әлбетте, берілген шарттар мен өлшеу стандарттары бойынша тексеру мүмкіндігі пайда болады.
Ғылыми бақылауда салыстыру, өлшеу және сынақтан өткізу шешуші рөл атқарады. Заттардың ғылыми бақылау нәтижесінде ашылған әртүрлі қасиеттері содан кейін сана арқылы өткізіліп, қорытындыланады, ал бұл біздің қоршаған әлем туралы білімімізді тереңдетуге жеткізеді.

  1. Салыстыру. Салыстыру – ол ғылыми бақылаудың негізгі құралдарының бірі. Көлемдері бойынша бір-біріне ұқсас екі затты көз алдымызға елестетіп көрейік. Олардың қайсысы үлкен екенін анықтау үшін, біз оларды салыстырамыз. Біз «А» және «Б» деген екі затты салыстырғанда, формальды логика тұрғысынан алғанда, екі баламаны көреміз: «А» мен «Б» өзара тең немесе «А» мен «Б» өзара тең емес.

Нақты өмірде заттар мен құбылыстар бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарда және байланыстарда болады. Мысалы, екі зат көлемі жағынан бірдей, бірақ салмақтары бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан біз заттарды салыстырғанда, ғылыми бақылауда олардың қандай қырлары, қасиеттері өзара тең болатынына қатысты мәселені нақтылап алуымыз керек. Олай болмаса, біздің бақылауларымыз мазмұнсыз, дерексіз шығады. Егер екі затты біз салмақтары бойын-
ша салыстырсақ, онда олардың басқа: түстері, жұмсақтығы немесе қаттылығы, көлемі және т.б. қасиеттерін есепке алмауға мәжбүрміз.

  1. Өлшеу. Өлшеу, негізінен, заттар мен үдерістердің белгілерін сан жағынан анықтау кезінде керек. Адамзат өзінің ұзақ тарихын- да ол үшін өлшеудің көптеген әртүрлі өлшемдерін ойлап тапты. Зат- тарды зерттеуде сол өлшемдерді қолдана отырып, біз олардың санға қатысты белгілерін анықтаймыз. Галилей мен Ньютоннан бастап, тәжірибеге негізделген жаратылыстану әртүрлі өлшеу амалдарын кең қолдана бастады. Бүгінгі ғылымды да, өндірісті де түрлі-түрлі өлшеу құралдарынсыз көзге елестету қиын.

  2. Сынақ. Сынақ деген не және тәжірибелік танымда оның маңызы қандай дегенді жоғарыда айттық. Ал қазір нақтылауды іске асыру қажет. Негізінен, сынақтардың екі: зерттеушілік және тексерушілік түрі ажыратылады. Біріншісі заттардың осы уақытқа дейін белгісіз бо- лып келген қасиеттерін, сапалары мен байланыстарын ашуға себеп бол- са, ал екіншісі бір немесе басқа теориядан шығатын қорытындылардың, салдарлардың шынайылығын тексереді.

Кез келген сынақ үшін белгілі бір дайындық жұмыстарының жүргізілуі қажет. Біріншіден, ғалым зерттелуші нысанға тән болуы мүмкін қасиеттер мен қатынастарды алдын ала белгілеп алуға және санаттық тұрғыда сипаттауға тиіс. Екіншіден, тиісті құрал-жабдықтар әзірленуге, ал олардың мүмкіндіктерімен ғалым да, тиісті ғылыми қауымдастықтар да мұқият таныстырылуға тиіс. Содан кейін ғана сынақ зерттеулерін бастауға болады.
Демек, зерттеушінің айқын негізді теориялық білімдерінсіз сынақ өткізудің қандай да бір елеулі нәтижелер бермесі анық. Он- дай жағдайда, сынақ ғалымның күш-қуаты мен уақытын зая кетірген мағынасыз әрекет болып шығады. Тиісті теориялық құрылымдарға сүйенген бақылауларды, осы негізде алдын ала жасалған болжамдар- ды, мақсатты ұстанымдарды сынақ деп есептеуге болады.
Сынақ өткізуде ғылыми қауымдастықта бар құрал-жабдықтардың рөлі орасан үлкен болып табылады. Бастапқыда, егер есіңізде болса, адам қоршаған дүниені ертеде адамның «құралдары» болған өзінің сезінуі арқылы қабылдаған және әлі күнге дейін солай болып қалып отыр. Бірақ прогресс жолымен ілгерілеу шамасына, адамның алдына қойылатын міндеттердің күрделенуіне қарай, ол сезінудің шектеулі екенін білді. Сондықтан әлемдік тарихтың ұзақ жүзжылдықтары ішінде адамдар өздерінің табиғи сезу органдарының «орнын толтыра- тын» аспаптар мен құрал-жабдықтар ойлап тапты.
Сөйтіп, ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар деп ғылыми таным мақсаттарында пайдаланылатын, саналы түрде ойдан шығарылған жасанды денелерді түсіну керек. Таным барысында зерттеуші оларды зерттелуші нысанмен біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуі арқылы белгілі бір ақпаратты алады. Әлбетте, бұл ақпарат адамның сезу ор- гандары жете алатын болуға тиіс.
Ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар екі түрге бөлінеді: біріншісі зерттелуші заттың немесе құбылыстың сапасын айқындайды, екіншісі сан жағын өлшейді.
Адамның сезу органдарының күш-қуатын арттыратын бірінші аспаптар, өз кезегінде, үш топқа: 1. күшейткіштер; 2. талдағыштар;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет