Ғылым тарихы және философиясы



бет167/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

әлеуметтік дарвинизм «өмір сүру үшін күрес»,
«тұқымқуалаушылық», «іріктеу» сияқты санаттарды қолдануға тыры- сады.

әлеуметтік биология жоғары ұжымдасқан жануарлардың да


«әлеуметтік қасиеттері» бар екеніне сендіреді. Мысалы, жануар- лардың альтруистік (төлін қорғау үшін жануардың өзінің мерт бо- луы; үйір немесе табын ішіндегі өзара қамқорлық, өзара көмек сияқты) ырықсыз сезімдері Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының іргелі қағидаларына қайшы келеді. Іс жүзінде, өмірді сақтап қалу мақсатында дербес организмнің қоршаған ортаға бейімделуінен үйірдегі өзара көмек қажеттіктері тумайды. Оның бұл ойымен келісуге болады. Сондықтан ол тиімді эволюцияның қоршаған ортаға дербес, ұжымдасып және үйір-үйір болып бейімделу арқылы мүмкін бола- тынына сендіреді. Олай болса, әлеуметтіктің бастамасы алдымен алғашқы қауымдық үйірде пайда болады. Ондай идеялар даму тео- риясына қайшы емес, өйткені жаңаның ұрықтары қашанда ескінің қойнауында жатады. Алайда бұдан әлеуметтік туралы алысты болжай- тын, маңызды негіздері биологиялық үдерістерге кететін қорытынды жасаудың қажеті жоқ.
әлеуметтік редукционизмге келсек, онда маркстік философия оның айқын үлгісі болып табылады. Бұл теорияда адамның мәні «нақты тарихи өмір сүретін қоғамның «қоғамдық қатынастар ансамблін» құрайды деп сендіреді, яғни оның әлеуметтік сипаты танылады. Бұл қағида К.Маркстің коммунистік теориясында маңызды фактор ретінде жатыр. Ол: Коммунизм тұсында өндіргіш күштерді өркендетудің жоғары деңгейіне ғана қол жетіп қоймайды, сонымен бірге «жаңа адам» пайда болады, өйткені қоғамдық меншікке негізделген әлеумет оны қажеттілікпен қалыптастырады», – деген тұжырым жасайды. Сондықтан әлеуметтік-саяси салаға (мемлекет, құқық, түрме және т.б.) деген қажеттілік жойылады, ал адамдар арасындағы қатынастар моральдық нормалармен ғана реттеледі.
Бұрынғы кеңестік қоғамда коммунистік тәрбие беруде орасан үлкен жұмыс атқарылды, еңбек ұжымдарында «жаңа адам» қалыптастыру мақсатында миллиондаған дәріс оқылды. Алайда адам соған дейін қалай болса, сондай қалпында қалды.
Бүгінгі күні адамның биоәлеуметтік табиғаты танылды. Адам тәнінің өмір сүруі биологиялық заңдылықтарға бағынады. Күнделікті өмірде адамның табиғат өзгерістеріне (атмосфералық қысымның өзгеруі, геомагниттік толқулар, Күн сәулесінің белсенділігі және басқалары) тәуелділігін көру үшін, дәрігер болудың қажеті жоқ. Адамның өмірлік кезеңдері де биологиялық заңдарға (жарық дүниеге келу, балалық шақ, есею, қарттық, дүниеден өту сияқты) тәуелді. Өмірге келетін әрбір адамның қайталанбастығы да оның ата-анасынан алған генетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Ондай мысалдарды жалғастыра беруге болады.
Сонымен бірге адамның өмір сүруі, қалыптасуы және дамуы ба- рысында әлеуметтік факторлар үлкен рөл атқарады. Егер алғашқы қоғамда адамның орташа өмір сүру жасы 25-ке теңелсе, ал қазіргі дамыған елдерде 75-78 жасқа жетеді! Егер сәби ерекше музыкалық дарыны болып туса, онда оны дамытуға тиісті жағдайлар туғызылса, ол баладан тамаша композитор немесе орындаушы шығады. Бірақ егер ондай жағдайлар туғызылмаса, ол ары кеткенде, кафе музыканты бола алады. Тарихтың мыңжылдықтарында қаншама дарынды адам- дар дүниеге келді десеңші! Қоғамда оларды дамытатын жағдайлар болмағандықтан, «ашылмаған гүл іспетті», олар дарынын көрсете ал- мастан сөніп қалды. Әлі күнге дейін бұл мәселе кез келген қоғамның
«ақтаңдағы» болып келеді.
Қазіргі замандағы адамзаттың әлеуетті ғылыми-техникалық дамуы осы заман адамы үшін әлем тарихында теңдесі жоқ қауіп-қатерлер туғызады. Олардың ішінде бастысы – мәні бойынша қаруланудың құртып-жоятын, адамға жат түрлерін жасау. Еген бұрын бір жерлер- де соғыс жүріп жатса, адамзат сонда да тарихтың жалғасатынына күмәнданбайтын. Бірақ қазір, ядролық соғыстың ғылыми болжамы бастауында жер бетіндегі тіршілік атаулы құрып кетуі мүмкін.
Екінші қауіп – экологиялық апат мүмкіндігі, өйткені ауа мен судың ұлттық шекаралары жоқ. Бір жағынан, адам – біздің арғы анамыз бо- лып табылатын Табиғаттың үзілмейтін бөлшегі. Екінші жағынан, са- налы болғандықтан және әлемді тани отырып, біз көп жағдайда оны өзгертеміз, бірақ жақсы жаққа қарай емес. Жанды табиғат әлсіреді, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері келмеске кетті. Көп ғасыр бойы адамзат: «Табиғат – сарқылмайтын байлық», – деп ойла- ды. Алайда бұл ой жалған болып шықты. табиғат жай ғана «қоршаған орта» емес, – ол барлық элементтері миллиардтаған жылдар бойы бір- бірімен табиғи байланысқан орасан үлкен жүйе, ал адам соның ішінде өмір сүреді. Сол себепті өмірдегі ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану стратегиясын құрмай, адамзат өз-өзін құртуға жетеді.
Үшінші, әлі күнге дейін терең зерттелмеген қатер – адамның биоәлеуметтік табиғатын сақтау мәселесі. Кейбір ғалымдар оны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет