Ғылым тарихы және философиясы



бет164/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   185
сезімдер қалыптасады, өйткені бозбаланың назарына іліккен қыз қасында емес, басқа тайпада өмір сүреді. Жігіт ол туралы армандай- ды, қиялдайды, қайткенде де, оны көргісі, жанасқысы келеді. Бұл оның бойында шығармашылық шабыт тудырады. Осыдан келіп эпос және т.б. қалыптасады.
Ру-тайпалық ұйымдасу барысында бастапқы моральдық көзқарастар пайда болды. Егер үйірдің ішінде біреуі аяғын сындырып алса, ол өледі. Сол ру-тайпа аясында оған көмек көрсетіледі, тамақ беріледі, сөйтіп ол аман қалады. Өзара көмек, аяушылық, қамқорлық, үлкендерді сыйлау пайда болады.
Қоғамтанудың ең бір күрделі мәселелерінің бірі – үйірден ру- тайпаға жетуді, секіруді қисынды түрде қайта құру болып табыла- ды, өйткені оны көптеген мыңжылдықтар бойындағы «тарих шаңы» басқан. Кезінде Ф.Энгельс гносеологиялық тұжырымдаманы, яғни мәні мыңжылдықтар бойы адамдардың жинақталған тәжірибелерді қорыта келе, қандас-туыс адамдардың арасындағы жыныстық байланыстың әлсіз, кемтар балалардың дүниеге келуіне әкеліп соқтыратынын байқағанында жатқан тұжырымдаманы алға тартты. Соны санамен түйсінген кезден қанның араласуына тыйым салынып, үйір ру-тайпаға айналып өмір сүре бастады. З.Фрейдтің «әкені өлтіру» тұжырымдамасымен бірге, терең қарастыра келгенде, «тотем» және
«тыйым» бұл мәселені гносеологиялық түсінуге жақын, өйткені:
«Біз қайдан пайда болдық?» – деген сұрақтың тууын, сондай-ақ аға- қарындастар арасындағы туыстық қатынастарды табуды қажет етеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, шындыққа «бейбіт өмір қажеттігі» тұжырымдамасы жақын, оның үстіне, ол бірқатар фактілерге негізделген. Археологтар алғашқы тұрғын-жайлардың орнынан бір мәнермен өлтірілген адамдардың бас сүйегін тапқан. Сол заманның адамдары құрбанының ту сыртынан жасырынып келіп, шүйдесінен өткір таспен ұрып өлтіретін болған. Зерттеулер ол бас сүйектерінің барлығы да еркектердікі екенін көрсеткен. Әйелдерді иемдену үшін, еркектер бір-бірлерін өлтірген деген болжам жасалған. Еркектер аң ау- лаушылар болғандықтан, олардың санының азаюы үйірдің өзінің өмір сүруді жалғастыруына қауіп төндіреді. Сол кезде қанның араласуына тыйым салынған.
Тарихи фактілерге сүйене отырып, біз адам мен қоғамның пайда болуын ойша қайта құрып шығуға тырыстық. Әлбетте, бұл жерде әлі танылмаған нәрсе көп. Көптеген ауыспалы формалар әлі де табылған жоқ. Солай болғанмен, жүргізілген талдаудың өміршеңдігіне сенгіміз келеді.
Адамның сана-сезімі пайда болған уақыттан бастап, ол өзін қоршаған ортаға қарсы қойып келді, ол өзіне: «адам деген кім? Оның өмірінің мәні қайдан шықты және неде?» – деген қасиетті сұрақ қойды. Ұлы Сократ өзінің Ғаламнан шыққанын айтты. Адам, – осы әлемдегі басқалары сияқты, тәні бар тіршілік иесі, бірақ оған қоса, ол рух болып табылады, оның мазасыздыққа, мақсат-ниеттерге, қуаныш пен күйзеліске, шабыт пен шығармашылыққа толы ішкі ғаламы бар. Егер оны осы қырынан алып қарасақ, онда ол және қалған әлем арасындағы айырмашылық шексіздікке кетеді. Сондықтан да кез кел- ген дін әлі күнге дейін адамды Құдайдың жаратқаны туралы қағиданы ұстанумен келеді.
Философия адам мәселесін негізгі мәселе ретінде қарайды. Бүгінгі күні гуманитарлық пәндердің өкілдері ғана емес, сонымен бірге жара- тылыстанушылар да 13,7 миллиард жыл бұрын жаратылған Ғаламның: есепсіз көп кездейсоқтықтардың шиеленісуі арқылы өмірді, содан кейін биік гүл – санаға ие адамды туғызуға тиіс болған «Үлкен жары- лыс» нәтижесінде орнағаны туралы «антроптық қағиданы» ұстанады.
Ғасырлар бойы ойшылдар адамға әртүрлі анықтамалар беріп келді. Оның ішінде ең көп тарағаны – «Homo Sapiens», яғни адам ақыл- парасатқа ие. Ол туралы біз кітабымыздың беттерінде көп айттық.
Америка конституциясы әкелерінің бірі Б.Франклин адамға «Homo Faber» – құрал жасаушы адам деп анықтама берген. Іс жүзінде адам ғана еңбек құралдарын жасайды және оны жүйелі түрде пайдаланады. Мысалы, маймыл құрғақ бұтақты немесе тасты ұстап, соны пайдала- на алады. Бірақ содан кейін оларды лақтырады. Бірде-бір маймылдың қолы бірде-бір еңбек құралын жасаған емес. Ф.Энгельстің бұл белгілі ойы әбден әділетті: құралды адам ғана жасай алады.
Кезінде Аристотель адамды «Zoon Politicon», яғни саяси немесе қоғамдық жануар деп анықтаған. Бұл да елеулі маңызы бар анықтама болып табылады, өйткені адам дербес жан сақтап, тірі қала алмайды. Алғашқы қауымдық қоғамда оны «өткір тасқа іліктіру», яғни тайпадан қуып жіберу – ең бір қорқынышты жаза болған. Жеке-дара өмір сүруді білмеген ол жыртқыш аңдардың құрбанына айналатын.
Ұлы И.Кант ішкі адамгершілік заңға таңданып, адамды «Homo Morales» – адамгершілікті тіршілік иесі деп санаған, адамның бұл қасиетін ұлы ақын Абай «нұр сәулелі жүрек» деп бағаласа, Шәкәрім оны «үш шындықтың» біріне жатқызады. Австриялық ғалым В.Франкл Құдайды Ғаламнан іздемеу керектігін немесе соңынан жүрудің
қажетсіздігін, Оның адамның жүрегінде екенін айтады. Құдай – ол адамның ар-ожданы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет