Ғылым тарихы және философиясы


ғылымның даму заңдылықтары



бет175/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

ғылымның даму заңдылықтары – қолдан жасалу сипаты- на қарамастан, ғылымның жүйе ретінде бірқатар объективтік даму заңдылықтары бар. Олардың аса маңыздылары: 1) үзіліссіз- дискреттік сипат (оның сапалы секірістері, когнитивтік мазмұнының, құрылымының және әлеуметтік-мәдени қызметтерінің революциялық өзгерістері бар дамуында эволюциялық кезеңдердің алмасып отыруы (бұл тұтас ғылымның өзінің де, оның жекелеген салалары мен тео- рияларына да қатысты); 2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен ғылымға жұмсалатын материалдық шығындардың экспоненциалдық өсуі; 3) білімдік және институттік көзқарас бойынша ғылым құры- лымын күрделендіру; 4) ғылымның мәдениет жүйесінде, әсіресе материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының артуы.
ғылым философиясы – 1) өзінің негізгі мәселесі ретінде ғылымды эпистемологиялық (танымдық) және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде таңдайтын философиялық бағыт; 2) нысанасы ғылым болып табылатын арнаулы философиялық пән (бұл термин алғаш рет неміс философы және экономисі Евгений Дюрингтің 1878 жылы шыққан
«Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болған). Дедуктивизм – соған сәйкес ғылыми білімді және оның дұрыс көрсетілуін дәлелдеудің жалғыз әдісі дедукция болып табылатын әдістемелік тұжырымдама; оның түсінілуі: 1) жалпыдан жалқыға көшу деп; 2) немесе ойдың іргелі және қарапайым ұғымдарынан туынды және күрделірек түрлеріне қарай құрылымдық қозғалыс ретінде (құрылымдық-генетикалық әдіс); 3) немесе бастапқы (жалпы- лама, дерексіз), нысанды біржақты көрсететін қарама-қайшылықтан нақты (жан-жақты немесе көпжақты) қарама-қайшылыққа оның жетілген күйінің бейнесі сияқты диалектикалық «өту» (Гегельдің диалектикалық дедукциясы); 4) немесе салдарларға (сондай-ақ ортақтық пен мазмұнның кез келген дәрежесіне) жолдаудан шығатын
кез келген қажетті қисынды қорытынды.
Джастификационизм – растау, бекіту, негіздеу. Эмпириялық тәжірибені ғылыми білімнің бастауы, негізі және белгісі деп санайтын логикалық эмпиризм (позитивизм) философиясы нұсқаларының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет