Ғылым тарихы және философиясы


-тарау. Қайта өрлеу дәуірі философиясы



бет40/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

3-тарау. Қайта өрлеу дәуірі философиясы




    1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі




Қайта өрлеу немесе Ренессанс дәуірі (фран. – Renaissance) Еуропа тарихында XIV-XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капита- лизмге өту кезеңіне тап келді. Ренессанс отаны болып Италия сана- лады.
Аталған өтпелі кезеңнің орын алуына қандай жағдайлар се- беп болды? Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кәсіптер мен сауда- саттық, балық шаруашылығы, тоқыма өндірісі қарқынды дами баста- ды. Сауда-саттық пен балық аулау арқылы байып алған шаруалар өз қожайындарынан іргелерін аулақ салып, еркін адамдарға айналды. Олар еркін жалдамалы еңбекті пайдаланып, әртүрлі шеберханалар мен дүкендер салды. Сөйтіп, капиталистік қатынастардың бүршіктері пайда болып, феодализм бірте-бірте шегіне берді. Қалалар жылдам қарқынмен өсіп, тауарлар импорты мен экспорты серпінді жүзеге асы- рыла бастады, сән пайда болып, шетелдерден тәтті-тәрім, жібек мата әкелінетін болды. Феодалдық қоғамның бірсарынды өмірі осындай экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді. Өмір түбегейлі өзгеріске ұшырады. Еуропа жедел адыммен капита- лизмге бет алды.
Әлеуметтік-экономикалық салада орын алған күрт өзгерістер руха- ни өмірде де жаңашылдық үдеріске жеткізді:
а) өндірістік күштерді дамыту қажеттігі схоластиканы кейін ысы- рып тастап, жаратылысты ғылыми тұрғыда тануға, табиғатты зерт- теуге себепкер болды;
ә) бірақ табиғат дегеннің өзі не? – Материя. Бұл, өз кезегінде, ой- шылдарды материализм жағына қарай бағыттады;
б) табиғатқа жүргізілген кез келген зерттеу әртүрлі тәжірибелер жасауға байланысты болады, философия тілінде бұл эмпиризм деп аталады;
в) фактілердің жинақталуына қарай оларды қорытындылау қажет болды, демек, рационализм (лат. – ratio – ақыл, сана) пайда болды;
г) бұл, өз кезегінде, зиялы қауым (интеллигенция) рөлін арттырады. Егер Орта ғасырларда оны, негізінен, діни қайраткерлер көрсетсе,
ал қазір ақсүйектердің зиялы қауымы пайда болды;
д) енді, ақыр соңында, даралық (индивидуализм) үшін жол ашыл- ды: ортағасырлық корпоративизм екінші орынға ығысып, ал алдың-
ғы орынға талантты, жоғары дарынды тұлғалар шықты, олар өз мақсаттарын іске асыра отырып, суретші, мүсінші, сәулетші, музыкант болып қалыптасады;
е) олар, өз кезегінде, «Studia Humanitatis» (гуманитарлық зерт- теулер) деп аталатын үйірмелер ұйымдастырады. Бұл Қайта өрлеу заманының аса маңызды жетістігі болды.
XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап антика дәуіріне, оның мәдениетіне, өнеріне, философиясына қызығушылық артты. Адам- дар антика мәдениеті мен әдебиетін қаншалықты білетініне қарап бағаланатын болды. «Ренессанс» («Қайта өрлеу») деген терминнің өзін антика жетістіктерін игеруге деген құштарлықтан шығаруға болады. Бірақ бұның бәрі ерте заманға жай ғана оралу дегенді білдірмейді. Бұл жерде көне заманды жаңаша өзгерген нақтылық негізінде қайта жаңғырту туралы сөз болып отыр. Сондықтан Қайта өрлеу іс жүзінде ескіні қалпына келтіру емес, жаңаны іздеу дегенді білдіреді. Егер көне заман философиясының қақ ортасында табиғи-ғарыштық өмір, ал Орта ғасырларда «құтқарудың» діни мәселесі болса, ал Қайта өрлеу дәуірінде аксүйектік өмір, адамның осы дүниедегі, осы дүние үшін қызметі алдыңғы орынға шығады. Адам бақытқа осы өмірде, Жер бетінде же- туге тиіс. адамға бетбұрыс қана Қайта өрлеу деген дүниетанымдық дәуірдің ерекше сипаты болып табылады, сол себепті бұл дәуірдің философиялық ойлауын антропологиялық ойлау, яғни адам ғалам орталығы және әлемде болып жататын барлық оқиғалардың мақсаты болып табылатын көзқарас деп сипаттауға болады.
«Ренессанс» деген терминнің өзі алғаш рет италиялық өнер та- рихшысы Джорджо Вазари (XVI ғасыр) еңбектерінде кездескен, бірақ тарихтану санаты ретінде ол XIX ғасырда, Якоб Буркгардтың 1860 жылы жарық көрген «италиядағы Ренессанс мәдениеті» деген еңбегінен бері қарай қолданысқа ене бастады.
Жоғарыда аталып өткен бетбұрысты негіздеуде Джаноццо Манет- тидің (1396-1459) сіңірген еңбегі орасан болды. Құдай жаратқан Табиғаттың сұлулықтары мен салтанаттығы тралы айта келе, ол шың басына адамның өзін қояды. Адамның денесі қандай көркем және оны ештеңемен салыстыру мүмкін емес! Мысалы, кез келген затты жа- сай алатын адамның қолдары не деген ғажап десеңші! Шындығында, дәл солай ғой. Адамның қолы оның ақылынан туған. Егер ғайыптан- ғайып бір күні барлық адамдар жоқ болып шықса және егер әлдеқалай адамның бір қолы болса да қалса, сол қол арқылы жерден тыс пайым жер бетінде ақылдың болғанын түсінер еді. Жануар қоршаған ортаға
біржақты бейімделген, ал ол кезде адам жан-жақты. Егер Құдай Табиғатты жаратса, онда адам мәдениетті туғызады.
Италиялық философ, филолог және тарихшы Лоренцо Валла (1407-1457) адам өмірінің сезімдік қырына тоқталады. Оның этикалық- философиялық шығармаларының бірі дәл солай – «Шынайы игілік іспетті ләззат туралы» (екінші редакциясында «Шынайы және жалған игілік туралы») деп аталады. Ең жоғарғы игіліктің не екенін айқын және сенімдірек көрсету үшін, автор стоиктік, эпикурлік және христи- ан арасындағы әңгімелесу түрін таңдайды. Стоик табиғаттың адамға қас екенін дәлелдеуге тырысады, өйткені оны ізгіліктерге емес, жа- ман қылықтарға бейім етті. Эпикурдың жолын қуушы адамдарға табиғат берген және ләззаттардан тұратын игіліктерге жету мүмкіндігі туралы айтады. Христиан онымен келіспейді. Эпикуршіл сияқты, ол да ләззатты жоғарғы игілік санайды, бірақ адамның пендешілік қуаныштарға жақындығын айыптайды. Ал Валланың өзі оқырманды
«ләззат, сөз жоқ, адамға пайдалы, тек ақылға қонымды шектерде ғана, әйтпесе азап шегу аса зиян» деген сенімге келтіреді.
Валла адам танымының, ойлаумен қатар, әсерлі сезімдерсіз өмір сүре алмайтынына сенімді болды. Табиғаттың өзі: «өзіңнің тәніңді және өміріңді сақта және соған қауіп төндіретіндердің барлығынан аулақ бол» деген өмір заңдылығын беріп отыр – ал бұл адам сезімдерінің қатысуынсыз мүмкін емес. Сондықтан адам өмірден ба- рынша мол ләззат алу үшін туады. «Менің бар-жоғы бес сезімімнің болғаны қандай өкінішті. Олар елу болғанда, қандай рақатқа батар едім!» – деп шаттанады Валла.
Гүлдей жайнаған жастық шағында өмірден кеткен Пико Делла Мирандолланың (1463-1494) ойынша, адам – Құдай мен Ол жаратқан Табиғат арасындағы делдал. Өз бойына бәрін жинай отырып, адам кім болуға да қабілетті. Жер бетінде адамнан биік ештеңе жоқ және адам үшін оның жаны мен рухынан биік тұратын ештеңе жоқ. Құдай адамдарды жан-жақты тіршілік иелері ете отырып, олардың бойына өмірдің алуан түрдегі ұрықтарын енгізді. Адам рухындағы ең тамаша саналатыны – ол еркіндік. Адамдардың өмірдің әр алуан жолдарын таңдайтын мүмкіндіктері бар. Әңгіме таңдаған мүмкіндікті тиісті дәрежеде пайдалану туралы болып отыр. Сөйтіп, егер ортағасырлық философтар адамның ерік-қалауын, таңдау мүмкіндігін күнәға әкеліп соқтыратын жол деп ұқса, ал Мирандолла оны Құдайдың адамға бер- ген баға жетпес сыйы деп түсінеді. Міне, Пико антропологиясының түпқазығында бәрінен бұрын өзінің толыққанды жаратушы ретінде
«Мен» дейтін адамның мәртебесі мен еркіндігі туралы ілім жатыр. Жалпылай айтқанда, Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері осындай.
Егер біз Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктеріне талдау жасаумен ғана шектелсек және бұл кезеңде философия мен ғылымға енген басты жаңалықтар, дәлірек айтқанда, үлестер туралы ештеңе айтпасақ, үлкен қателік жіберген болар едік.
Адам құндылықтары мен мәртебесі, еркіндіктің мұраттары бас- ты, басымдыққа ие болып саналған рухани ахуал табиғаттың жаңа философиясын тудырмай қоймас еді және тудырды да. Ал со- нымен қатарлас жаңа жаратылыстану да дами бастады. Ол бірқатар дәуір жаңалықтарын әкелді және жаңа философияның маңызды бастауларының біріне айналды.
Ғылымдағы жаңа үрдістер Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай Коперник (1473-1543), Иоган Кеплер (1571-1630), Джордано Бруно (1548- 1600) және Галилео Галилей (1546-1642) шығармашылығында көрініс тапты.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет