Ғылым тарихы және философиясы


-тарау. ағаРту ДәуіРінің ФилОсОФиЯсы және ғылымы



бет59/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

5-тарау. ағаРту ДәуіРінің ФилОсОФиЯсы және ғылымы




    1. кейіннен ағарту дәуірі деп аталған XVIII ғасыр философиясының ерекшеліктері


XVIII ғасырда Еуропа топырағында «ағарту» деген атқа ие болған зияткерлік (интеллектуалдық) қозғалыс пайда болды. Алғаш рет


«Ағарту» деген термин Вольтердің, Гердердің және басқаларының еңбектерінде кездескенмен, Канттың «Ағарту деген не?» депи аталатын мақаласынан кейін орнықты. Оның идеялары көпшілік зерттеушілер үшін ол кезеңді «Жаңа дәуірдің философиясы мен ғылымы» деген жал- пы түсінікке енгізуге негіздеме берген XVII ғасырдың философиялық және ғылыми мұраларының тікелей жалғасы болғанмен, алайда Ағарту XVII ғасырдың дәстүрлерін айтарлықтай нақтылы етті. Оның үстіне, философиялық ойдың қызықты ерекшеліктері анықталды: ағылшын ойшылдары Бэкон мен Локк есімдерінен шығатын философия Фран- цияда талантты ізбасарларын, атап айтқанда, Дидро мен Гольбахты тапты, ал француз Декарттың идеялары неміс Иммануил Кантқа ша- быт берді.
Неміс философиясындағы Ағартудың бастамасы Лейбниц ілімін жүйеге келтірген атақты Христиан Вольфпен (1679-1754) тығыз байла- нысты. Неміс философтары ғана емес, орыс философтары, мысалы, Ло- моносов та алғаш рет Германияда мәдениет философиясының негізгі салаларын қамтитын жүйе әзірлеген Вольфтан көп нәрсе үйренген.
Сол уақытта Шотландияның ұлы философы және экономисі Адам Смиттің «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерт- теулер» (1776) деп аталатын еңбегі жарық көрді. Онда экономикалық ойдың жүзжылдық дамуын қорытындылау көрініс тапты. Ғалым құн теориясын және табыстарды бөлу, капитал және оның жинақталуы, Батыс Еуропаның экономикалық тарихы, экономикалық саясатқа көзқарас және мемлекеттің қаржысы мәселелерін терең және жан- жақты қарастырды. Бұл еңбек бүкіл ойшыл Еуропаның санасын астан- кестең етті.
Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жетістіктері елеулі рөл атқарды, физика мен химия ары қарай дамыды, органикалық табиғатты зерттеу алға жылжыды. Математика саласында ашылған жаңалықтардың үлкен маңызы болды, өйткені орын алып жатқан үдерістерді олардың нақты сандық мәндерінде түсінуге мүмкіндік берді.
Жанды табиғат дамуының тұтастық тұжырымдамасын құрған француз жаратылыстанушысы Жан Батист Ламарктің (1744-1829) ілімі даму идеясын шындықты танып білу теориясы мен әдісі ретінде алдыңғы орынға шығарды. Ол неміс ғалымы Г.Р.Тревирануспен бір мезгілде «биология» терминін енгізді.
Сөйтіп, Ағарту дәуіріндегі философия қарқын алып келе жатқан ғылыми және көркем ойдың парасатты аясында дамыды.
Неміс классикалық әдебиетінің негізін қалаушы және ағартушылық реализм қағидаларын жақтап күрескен Готхольд Эфраим Лессингтің (1729-1780); неміс философы, сыншы, эстетик Иоган Готфрид Гердердің (1744-1803); философияшыл романтик немістер: мәдениет философы, сыншы, тіл маманы және жазушы Фридрих Шлегель (1772-1829) мен протестанттық теолог және философ, Платон еңбектерін неміс тіліне аударған аудармашы Фридрих Шлейермахердің (1768-1834) неміс философиялық мәдениетінің өркендеуіндегі ерекше рөлін айтпауға болмайды. Ағайынды Александр (1769-1859) және Вильгельм (1767- 1835) Гумбольдтар да (алғашқысы – жаратылыстанушы, географ, екіншісі – филолог, философ, дипломат) бұл салада айтарлықтай еңбек сіңірді.
Неміс гуманистік мәдениетінің шарықтауын көрсеткен Иоганн Вольфганг Гете (1749-1832) мен Иоганн Фридрих Шиллер (1769- 1805) сияқты философиялық ойдың, көркем эстетика мен поэзия алыптарының ғажап туындылары болды. Егер біріншісі, бәріне қоса, жаратылыс зерттеуші болса, ал екіншісі әділетті қоғамдық құрылысқа қол жеткізу тәсілі іспетті «эститикалық тәрбие» теориясын құрушы болды.
Ағарту дәуірі – адамзаттың әлемдік тарихындағы қажетті және аса маңызды саты болып табылады. Оның негізгі міндеті – ғылым мен мәдениеттің дамуы негізінде қоғамның өмір сүруінің бар- лық жақтарын жаңарту, ғылымның озық жетістіктерін бұқара халықтың кең топтарының санасына енгізу және сол арқылы оларды надандық пен қараңғылықтан азат ету. Сол уақытта адамның ақыл- парасатының шығармашылық күш-қуатына деген сенім пайда бол- ды. Ағартушылардың «Sapere aude!» – «Даналыққа ұмтыл!», яғни
«Өз ақылыңмен өмір сүр» деген ұраны – нақ сол адам ақылына сенім дегенді білдіреді. Бізге алдымызда адамзаттың бақытты болашағы – қоршаған дүние мен өздерін талант-дарындары арқылы өзгерте оты- рып, кез келген тәуелділіктен азат адамдар құратын жарқын болашақ күтіп тұрғандай болады.
Өз заманында марксизм Ағартудың кейінгі буржуазиялық революциялардың рухани негіздерін қалыптастырудағы рөлін көрсете отырып, оны өте жоғары бағалаған.
XX ғасырдағы неміс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно
«Ағарту диалектикасы» деп аталатын кітаптарында ағартушыларды ақылдың әрекет шеңберін кеңейту, адамдарды қорқыныш пен надандықтан азат ету және оларды өз тағдырларының шынайы қожайындарына айналдыру қажеттігіне үндеуді атап көрсетті. Олар ғылымның қоғамды түбегейлі өзгерте алатын күшіне сенді.
Ағартудың тағы бір ерекшелігі мынада: бұл жерде орасан үлкен сызбанұсқалар немесе тұжырымдар жасаудан гөрі, басты назар зерттеліп әзірленетін ілімдердің іс жүзіндегі идеологиялық жағына ау- дарылды. Олай болса, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарап көрейік:

  1. Ақыл-парасат үстемдік құратын білімдар адамзаттың жарқын болашағына деген сенім.

  2. Ғылыми негізделген сыннан өткізу арқылы адамдарды ескірген әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бұғауынан азат ету.

  3. Ғылым мен техниканың өркендеуіне кең жол ашу қажеттігі, Ағарту бағдарламасын жасауға ұмтылу, ғылым мен техниканың болашақта бақытты қоғам құрудағы рөлін насихаттау.

  4. Адамның табиғи, бөлінбес және азаматтық құқықтарын қорғау.

  5. Философияны дәлелденбейтін абстрактілік-метафизикалық жүйелерден азат ету.

  6. Дінді сынап-мінеу және материалистік философияны насихаттау арқылы адамдарды соқыр діни наным-сенімдерден азат ету.

Сөйтіп, Ағартудың басты ерекшелігі – феодализмге қарсы бағыттылық, әлеуметтік өзгерістер бағдарламасын жасау және адамның жаңа мақсат-мұратын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатпен ағартушылар Ф.Бэкон сызып берген, әлеуметтік прогресті ғылыми прогреспен байланыстыратын «ғылымдардың данышпандықпен қайта қалпына келуін» жүзеге асыруды жөн көрді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет