Ғылым тарихы және философиясы



бет61/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

адамның табиғатында бір-біріне қарсы тұратын тәуелсіз жақтар жоқ – ол толығымен материалдық дене болып табылады. Жүйке жүйесінсіз және мисыз ешқандай да идеялар мен сезімдер болмайтын еді. Осы ойларының өздері-ақ Пристлидің орнықты материалист болғанын дәлелдейді.
әлеуметтік-саяси көзқарастарында ол саяси және азаматтық бостандықтардың жақтаушысы ретінде әрекет етеді. Олардың өзара байланыстарын көрсете отырып, ол саяси бостандықтарға басымдық береді. Саяси бостандық болмаған жерде халық өзінің азаматтық құқықтарын қорғай алмайды.
Мемлекет мәселесін қараған кезде Пристли оның пайда болуының келісім-шарттық теориясын ұстанады. Өздерінің өмірге деген құқықтарын, еркіндігі мен меншігін қорғау үшін, адамдар мемлекет құруға келіседі. Өзін демократияның жақтаушысы ретінде көрсете
отырып: «Бірақ егер шарт бұзылатын болса, онда халықтың одан бас тартуға және жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», – деп санайды ойшыл.
Ағылшындық Ағартудың сипаттамасы осы дәуір ойшылдарының адамгершілік ізденістері мен ойларынсыз толық болмас еді. Бұл іске философ, эстетик және моралист Энтони Шефтсбери (1671-1713) өз үлесін қосты. Ол адамгершілік құндылықтарын адамның бастапқы ізгі табиғатынан шығара отырып, әлемде үстемдік етуші үйлесімділік және бастауы Құдай болып табылатын адам туралы ілімді дамытты. Бұл жерде оның көзқарастары Т.Гоббс пен Дж.Локк көзқарастарына тікелей қарама-қайшы келеді. Ойшылдың пікірі бойынша, ізгілік пайда іздеу, марапат немесе жаза алу жолында пайда бола алмай- ды. Ізгілік өзін-өзі тудырады, өйткені ол адамға орындалған борыш, бақыт сезімін әкеледі. Ізгілікті адам өзі жататын топтың немесе тұтас қоғамның игілігі үшін барлық күш-жігерін салады.
Ізгілік адамның ішкі табиғатынан шығатын болғандықтан, ол Құдайға деген сенімге тікелей байланысты емес. Әлемдік тарих көп жағдайда діннің қоғамның моральдық санасына теріс ықпал ететінін көрсетеді. Құдайдан үміт күтетін немесе оның алдында қорқатын, ізгілік жолымен жүретін адамның моральдық ұстанымдары шын- жырмен байланған арыстанның құлықтылығын, мойынсұнуын еске түсіреді.
Алайда бұл Шефтсбери Құдайды мойындамады дегенді білдірмесе керек. Құдай – бұл әлемнің сұлулығы мен үйлесімділігінің бастауы. Ол осы тамаша, ұлы және ретке келтірілген Әлемді жаратты. Олай бол- са, адамның рухани өміріндегі көкорай шалғындар мен әсем бақтар да Әлемнің осы сұлулығына сай болуға тиіс.
Ағылшын жазушысы бернард мандевиль (1670-1733), керісінше, тікелей қарама-қарсы ұстанымдарға сүйенеді. «Аралар туралы хи- кая» атты сатирасында ол араның ұясында байлық пен кедейшілік, сауық-сайран мен ауыр еңбек қатар жүріп жатқанын әңгімелейді. Бұл жерде бәрі де сатылады. Алдау, көреалмаушылық, тәкаппарлық, тойымсыздық және басқа да күнәлар барлық жерде кең тараған, барлығы да байлыққа жетуге ұмтылады. Нәтижесінде, ара ұясында ала-құла өмір құлаш жайған.
Бірақ бір ғажап күнде барлық аралар ізгілікті өмір жолына түсуге бел байлайды. Сол мезетте-ақ араның ұясында таңғаларлық нәрселер бола бастайды: байлық пен сауық-сайран жоғалып, көп ұзамай тіршілік тоқтайды.
Сол арқылы Б.Мандевиль бір мезгілде бай да, кедей де болудың мүмкін еместігін көрсетеді. Бұның негізгі себебі адамның жойыл- майтын өзімшілдігіне тікелей байланысты оның бастапқы зұлым табиғатында жатыр. Бұл туралы басқалар да (Н.Макиавелли, Т.Гоббс) айтқан. Бірақ олардан айырмашылығы – Б.Мандевильдің ойынша, адамның теріс қасиеттері қоғамға кедергі келтірмейді, керісінше, оны күшейтеді. Кейіннен Гегель де жамандықтың әлемдік тарихтың қозғаушы серіппесі болып табылатыны туралы айтқан.
Б.Мандевильдің пікірінше, мораль – қоғамды, ал адамгершілік құндылықтар әлем тарихындағы ұлы тұлғаларды тудырушы болып табылады, өйткені нақ солар адамдарды өз құмарлықтарын шектеуге, қоғамдық мүдделерді өз мүдделерінен жоғары қоюға үйретеді. Қоғам үшін жамандықтан әлдебір пайда көруден гөрі, оның жолына тосқауыл қою, оның әрекеттерін шектеу маңызды болуға тиіс.
Б. Мандевильдің идеялары моральдың бірқатар мәселелерін жаңаша қойды және қоғамның өнегелі өміріне жасалатын кейінгі зерттеулерге оң әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет