Ғылым тарихы және философиясы



бет91/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Маркстік философия теориялық емес, бәрінен бұрын практикалық, яғни іс жүзіндегі мәселе болып табылатын шындық мәселесіне де жаңа идеялар енгізеді. Шындық туралы өмірден, тәжірибеден алшақ жатқан, таусылмайтын айтыс-тартыстар тек схоластикалық теориялауға әкеліп соқтырады. Философтар әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге ғана әрекет жасады ғой, ал мәселе оны өзгерту қажеттігінде жатыр. Олар кез келген философиялық қағидалардың келешекте ғылым мен қоғамдық өмірдің дамуы барысында сөзсіз өзгеретініне, нақтыланатынына, байи- тынына сенді.
адам мәселесін қарай келе, Маркс пен Энгельс Фейербахтың биологияға қатысты көзқарасын қатаң сынға алды. Адамның биологиялық-әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, олар бұл мәселеге жүйелі көзқарасты іске асырды. Маркс адамның мәні қоғамдық қатынастардың «ансамблі» болып табылатынын көрсетті. Ол Гегельді адамды тек Дара Идеяны өздігінен танып білу құралына айналдырғаны үшін жазғырды. Маркс пен Энгельстің ойынша, адам тарихты өзінің көпқырлы қызметі, іс-әрекеттері барысында тудырады және соның нәтижесінде өзі де өзгереді. Болашақтағы коммунистік қоғамда зорлық-зомбылық, қылмыс, тойымсыздық, көреалмаушылық және басқа да күнәлар оған жат болатын жаңа адам дүниеге келеді. Ал бұл құқықтық мекемелерге, тіпті қоғам институты саналатын мемлекеттің өзіне де қажеттілік жойылатынына жеткізеді.
Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын алады. Маркстің пікірінше, діннің бастаулары аспанда емес, жерде,
«... дін – ол әлі өзін таппаған немесе өзін енді қайтадан жоғалтқан адамның сана-сезімі және өз-өзін сезуі. Бірақ адам – дерексіз, әлемнен тыс бір жерді паналап жүрген тіршілік иесі емес. Адам – ол адамның әлемі, мемлекет, қоғам. Бұл мемлекет, бұл қоғам дінді, жалған дүниетанымды тудырады, өйткені олардың өздері – жалған әлем» (Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. – 1-том. 414-бет).
Ол «социализм қалай дамыса, діннің солай жоғалатынына, ал оның жоғалуы қоғамдық даму, яғни тәрбиеге үлкен мән берілетін даму нәтижесінде болуға тиіс екеніне» сенімді болды (Маркс К. Энгельс Ф. Шығ. 45-том. 474-бет).
Маркстің барлық ой-пікірлерінің ішінде «күресу» деген сөздің жоқ екенін (қарсыластары оны сол үшін жазғырады) ерекше атап айтқан жөн. Кейіннен: «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл – бүкіл марксизмнің әліпбиі», – дегенді айтқан Ленин еді (В.И.Ленин. Шығ. толық жин. – 17-т. 418-бет). Біздің ойымызша, «Дін – халықты улайтын апиын» деген формуласына Маркс біршама басқадай мағына берсе керек. Маркстің заманында апиын ауруды жазатын дәрі болған және адамды бұзатын, оны құлдырауға жеткізетін есірткі ретінде қабылданбаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет