Ғылым тарихы және философиясы



бет89/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Екі ғұлама да қоғамның дамуына тарихтың жүйелі сатыларынан өту үдерісі ретінде қарады. Осы әбден дұрыс көзқарас тұрғысынан алғанда, Кеңес Одағының ыдырауының терең себептерінің бірі – большевиктердің «марксизмнің шығармашылық дамуы» дегенді жа- лаулатып, әлі капитализмнің «қазанында қайнап үлгірмеген» Ресейге социалистік даму жолын таңғаны болды.
Марксистік философияда оның негізін салушылар жоғарыда аталған материализмді табиғи түрде диалектикамен – даму тура- лы іліммен біріктіре алды. Маркс пен Энгельс басты, әрі маңызды және Гегель қисынды талдау жасаған диалектикалық тәуелділіктер мен қатынастардың табиғат пен қоғам өмірінің нақты үдерістеріне, адамдардың тіршілік қарекетіне қатысатынын дәлелді түрде көрсете білді. Егер, Гегель бойынша, бұл «Ай астындағы әлемде» бар-жоғы жүріп өткен баспалдақтар ғана бар болса, ал шынайы даму адам рухы саласында орын алса, онда марксизм тұрақты қозғалыста болатын және ішкі қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы дамитын нақты материалдық дүниенің өзін көрсеткен. Олай болса, қоғамның негізгі қозғаушы күші – ол өндіргіш күштер мен адамдардың өндірістік қатынастары арасындағы қайшылықтар болып табылады.
Материалдық әлемнің диалектикалық сипатын түсінуге ерек- ше үлкен үлес қосқан Энгельс болды. «Анти-дюринг» және «Табиғат диалектикасы» деп аталатын еңбектерінде жансыз және жанды табиғатта, қоғамдық дамуда, адамдардың рухани шығармашылығында және іс жүзіндегі тіршілік қарекеттерінде диалектика заңдары мен санаттарының қалай пайда болатынын ол егжей-тегжейлі, соны- мен қатар жалпыға ұғынықты етіп түсіндіріп берді. Қоғам өмірін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет