Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы



бет75/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81
Хаос теориясы - сызықты емес динамикалық жүйелердің жағдайын сипаттайтын математикалық аппарат. Жүйе бастаушы шартқа сезімтал болса хаосқа ұрынады. Салдары ретінде жүйенің мінез-құлығын детерминистік сипаттау моделіне қарамай оның мінез-құлығы кездейсоқтыққа ұқсас. Мысалы, атмосфера, турбуленттік ағымдар, коммуникативті қоғам, биологиялық популяциялар т.б.
Хаос теориясы бойынша, қиын жүйелер алғашқы шарттарға тəуелді жəне қоршаған ортадағы кішкентай өзгерістер күтпеген салдарға əкелуі мүмкін.
Хаотикалық мінез-құлығына ие математикалық жүйелер детерминацияға бағынады, сол себепте реттелген деп саналады.
Осы теорияның пионерлары: француз физигі, математик Анри Пуанкаре; совет үкіметінің математиктері А.Н. Колмогоров, В.И. Арнольц, Мозер (басқаша Колмогоров, Арнольд, Мозер – КАМ) хаос теориясын құрастырған.


Эвристика (грек. «іздеймін», «ашамын») - жаңа тұжырымдамаларды, идеялар мен объектлердін арасындағы байланысты ашу үшін əдістерді қолдану, қосымша оқыту процестердің тəсілдері туралы шығармашылық іс-əрекетті зерттейтін ғылым. Эвристикалық əдістердің (эвристиканың басқа атауы) шешімдерді жылдамдатуға ықпал жасайтын өзгешелігі бар. Сол жағдайда, эвристика деп, мақсаттарды шешу əдістерінің жиынтығын атайды; немесе Сократикалық майевтикадан бастама алатын оқыту тəсілін атайды.
«Эвристика» сөзі грек тілінен «іздеймін», «табамын». Ежелгі аңыз бойынша,
«Эврика!» («Таптым!») деген сөзді ежелгі грек математигі жəне механик Архимед (б.д.д. 287-212) гидростатика заңын ашқанда айтқан. Осы сөзден антика философиясында «ақиқат іздеу өнері» - эвристика деп аталған.


Демаркация мəселесі - Поппердің философиялық концепциясында бұл мəселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның мақсаты ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату əдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация əдісі жатады.


Фальсификация мəселесі - Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация (ажырату) жасауға ұсынылған қағида. Бұл қағида бойынша ғылымға қатысты əр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет