Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы


Гипотезалардың «қорғау белдігі»



бет77/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Гипотезалардың «қорғау белдігі» - бағдарламаның «қатал ұйытқысын» жоққа шығарудан сақтайтын негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылысы. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай немесе толық түрде айырбасталуы мүмкін.


«Аd һос» гипотезасы - «қорғау белдігінен» алынған, тек осы оқиғаға қатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.


Жағымды (позитивті) жəне жағымды емес (негативті) эвристика - зерттеу бағдарламаның келешегінде болашақты («жағымды эвристика») жəне бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтін нормативтік ережелер туралы анықтамалар.
Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді шығаруға болады: прогресивтік жəне азғындаған. Эмпириялық пен теориялық мазмұндарды нығайтатын жəне гипотезалардың ұсынуына белсенді түрде итермелейтін «жағымды эвристика» прогрессивті кезеңде үстемді болады. Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламасының дамуы жедел тоқтала бастайды, оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол себепте «аd һос» гипотезаларының саны өсе бастайды.
Томас Кунның тұжырымдамасына, оның негізгі «Ғылыми революциялардың құрылысы» атты шығармасында ұсынылған келесі ұғымдар: парадигма; пəндік матрица, қалыпты ғылым, басты қатыру жаттығулар, парадигмалардың сəйкессіздігі.


Парадигма - Т. Кунның ғылыми білімнің даму динамикасы туралы тұжырымдамасында ғылыми қоғамдардың қалыптасу негіздерінде ғылым тарихын құрастыратын олардың арасындағы бəсекені ашатын жəне білдіретін орталық ұғым. Сол негіздер ғылыми қоғамның өкілдерімен қабылданған
ғылыми іс-əрекеттің нақты моделі - теориялық стандарттардың жиынтығы, методологиялық нормалар, дүниеге көзқарастардың құндылық белгілері - яғни, парадигмалары деп аталады.


Пəндік матрица - парадигма ұғымына тең ұғым.


Қалыпты ғылым - бір кезеңде парадигманың басымдылығын білдіретін ұғым. Осы кезеңнің соңы «аномалийлердің» (сол шеңберде шешілмейтін мəселелер) қысылымымен парадигма ішінен «жарылғанда» болады. Бір-бірінен жүлдені тартып алу, басқаша дағдарыс, революциялық кезең басталады. Біреуінің жеңісімен дағдарыс шешіледі, сөйтіп, «нормалы» кезеңін бастамасын білдіреді, келесіде, осы процесс қайталанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет