Бастықатыружаттығулары- бұл ұғым Т. Кунның тұжырымдамасында «нормалы ғылым» кезеңіне сипаттау береді, яғни нақты парадигманың шеңберінде сондай жаттығуларды шешу арқылы ғылыми білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.
Парадигмалардың сəйкессіздігі- бір-бірін ауыстыратын теориялардың арасында қандай болса қатынас мүмкін емес деген. Бұл тезис парадигмадан тəуелсіз фактілердің болуы мүмкін еместігін бекітеді, яғни, бақылаудың теориялық орташа тілі жоқ. Керісінше, ғалымдар парадигманың мазмұнын меңгерген соң, оның призмасынан өтіп «дүниені көруге» үйренеді. Теорияны фактілер бағаламайды, теория мағыналы тəжірибеге кіретін фактілерді анықтайды. Осымен Кунның ғылым эволюциясында бірізгіліктік жоққа келтіріледі: алғашқы парадигмамен жиналған білім оның құлдырауымен лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.
Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.
Теорияныңпролиферация(көбею)принципі- бұл қағида бойынша, ғалымдар қазіргі жəне қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостың ұсынылған ғылыми теорияны жоққа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті (фактты жоққа шығаратын куəлік) деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді жəне ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дəйектейді.
Ғылымметодологиясындағыплюрализм- Фейерабендтің методологиялық концепциясына тəрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған жəне бəрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте
плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.