Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады: 1) мәдени-көзқарастық; 2) өндіргіш күштер функциясы; 3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты.
Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін.
Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ Философия шешімі жоқ қиындықтарды қарастырады. Ол жауап беруден гөрі сұрақтар қояды. Философия, шын мәнінде, әрқашан бірдей сұрақтар қояды: жалпы әлем туралы, адамның өмірі туралы, оның мәні мен мақсаты туралы, ар - ождан мен парыз туралы және т.б. және бұлар мәңгілік сұрақтар деп аталады және негізсіз емес. Өйткені, бұл сұрақтарға нақты және түпкілікті жауаптар жоқ. Әр түрлі дәуірлерде және әртүрлі қоғамдарда оларға әртүрлі жауаптар беріледі.
Кез-келген ғылым, философиядан айырмашылығы, нақты жауаптар беруге болатын нақты мәселелермен айналысады. Мысалы, биология тірі заттарды сипаттайды және жіктейді, олардың таралуын, өмір салтын, мінез-құлқын, әртүрлі организмдер мен олардың қауымдастықтарының қарым-қатынасын, олардың өмірлік белсенділігінің "механизмдерін", жеке және тарихи даму заңдылықтарын зерттейді.
Алайда, бір қарағанда, философия мен нақты ғылымдар (теориялық және қолданбалы) арасында ортақ нәрсе жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, философия болу мен танымның шекті негіздері туралы ілім бола отырып, сонымен бірге бұл негіздерді ғылыми білімнің негізі ретінде қарастырады. Ғалымдардың нақты ғылыми мәселелерді шешуі оның философиялық идеялардың әсерінен қалыптасатын бастапқы дүниетанымдық және әдіснамалық көзқарастарына байланысты.
Математиктің сандық ұғымдардың мазмұнын және олардың объектілердің бір-бірінен сапалық айырмашылықтарына қатынасын түсінуіне, сондай-ақ абстрактілі математикалық объектілер мен құрылымдарды қолдана отырып, белгілі бір ғылымның тәжірибелік мәліметтерінің жиынтығын неге және қалай модельдеуге болатындығын түсінуіне байланысты.
Ғылымның дамуы
Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар екі бағытқа əкелді:
Экстернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы на сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлармен жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болды.
Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих
Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни, ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б.
Ғылымның дамуы мəселе ретінде Ғылымның пайда болу мəселесі: негізгі бес болжаудан тұрады.
1-болжау. Кейбір ғалымдар антика ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір (мысалы, Евклид геометриясы).
Алғашқы натурфилософтар (Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар») көбінесе философтар емес, ғалымдар болған.
Евклид геометриясы
Алғашқы ежелгі грек натурфилософтары - табиғатты зерттеген Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен жəне Эффестік Гераклит де ғалым болып саналады. Мысалы, Фалес күн тұтынуды болжаған, ай сəулесін түсіндірген, Ай Күннен өз сəулесін шағылыстырады.
Ғылым тарихы мен философиясы Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) алғашқы қоғамның ғылымы
2) антика ғылымы;
3) орта ғасыр ғылымы;
4) жаңа заман ғылымы (классикалық);
5) қазіргі ғылым (постклассикалық)