1.2 Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс.Толық емес отбасы жағдайының баланың эмоционалды – тұлғалық сферасына әсері
Толық емес отбасы жағдайы тек ерлі – зайыптылардың эмоционалды – тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, балалық шақтағы эмоционалды – тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды.Бұл жерде біз баланың бойында қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді.Толық емес көбіне ата-анасының ажырасуы салдарынан туындайтыны анық.Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек,және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай?деген мәселе туындайды.Бала үшін ажырасудың заң түріндігі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ,яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме,жоқ әлде заңсыз түрде ме-ол оған маңызды емес.бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да,заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін.Мысалы,ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.
Ата-ананың ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады.Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады.Мысалы,кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немесе бір жыл бойы асыға күтеді.Олар мұнаяды,бірақ дегенменденсулықтары сау қалпында болады.Ал кейбіреулері ажырасқаннан кейін ертеңінде-ақ бірден өзгеріп,мүлдем басқа болып кетеді,яғни бұл баланың ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты:әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп барама,жоқ әлде қайтадан қайтып келеме деген ойлардың мазалауы.Ажырасу басқа барлық айырылулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе,қайтып келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте бұл жағдай балаға «анасы мен әкесі ажырасады») деп жариялауды естіген кезде пайда болады,яғни балаға әкесі немесе шешесі мәңгі кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т.б деп айтқан уақытта туындайды.Бұл жағдай ажырасушылықты жоғалтып алушылыққа айналдырады.
Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмуіндік беру,ұзақ әңгімелесу кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу,коалация жасауға тырыспау,яғни басқа ата-ананы кінәламау,осыған байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу-бұлардың барлығы бала үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсеткен көмектерінің алғашқы қадамдары болып табылады.
Толық емес отбасы-бұл толық емес,үзілді-кесілді байланыстығы,дәстүрлі қарым-қатынас жүйесі кіші топ:ана-әке,әке-бала,ана-балалары,бала-ата-әже.Толық емес отбасында психологиялық климат бұзылады,оған тән нәрсе шеттетілу,қоғамнан тыс қалу.Көбінесе толық емес отбасы-ананың бір немесе одан да көп балаларының болуы.Мұндай отбасында ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді ажыратуға болады,сонымен қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.
Балалар толық емес отбасында өскендіктен,олар ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың толық үлгісін елестете алмайды.Педагогтар жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей балалардың оқу үлгерімі көбінесе отбасылық қарым-қатынас,отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс ұйымдаспауына тәуелді болады.Шын мәнінде де,толық отбасында баланың мінез-құлқын бақылау сапалы түрде болады.Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң бұзушылардың арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан балалар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |