Ғылыми – зерттеу жұмысы жоба тақырыбы: «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс» Дайындаған Үшағаш негізгі орта мектебінің


Толық емес отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы



бет6/9
Дата26.06.2022
өлшемі45,09 Kb.
#37307
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Толық емес отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы
И.Г.Песталоцци:«Бала тәрбиесі,оның дүниеге келген күнінен басталуы керек.Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып,мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт»-деген қағиданы ұсынды.Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте,сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қараса,әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе,мектеп жасына дейінгі бала тәрбиеснің негізгі ортасы-отбасы.Бала отбасында қарапайым білім,іскерлік,дағдыларды меңгеріп,ата-анасынан тәртіп,мінез-құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті.Сонымен бірге,қазақ халқында отбасы тәрбиесіне,ұрпағынығ жан-жақты болып өсуіне айрықша мән берілген.Баланы қайратты,қайырымды,ақылды,өнерлі,әділ адам етіп тәрбиелеу-әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған.Қазақ отбасындағы ата-ана мен баланың кісілік қарым-қатынасы,эмоцияналды сезімдері-олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған.Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптастыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда.Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған.Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзенті үшін өмір сүретін.Ал,қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсеңдеп кеткен сияқты.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетінтнысанасы.Отбасының пейілі-береке ынтымымағы үшін отағасының әділ,ұстамды болуы орасан маңызға ие.Оның тәрбиелік рөлі де зор.
Ер бала әкесімен сырлас,әкесі мен жолдас,дос.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.Ер баланың өсіп,жетіліп,өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына,қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.
Отбасының ұйытқысы,берекесі мейір-шапағат көзі-әке.Әкенің бұл ролі бала-шағаның әкеге,анаға деген сүйіспеншілігімен,қамқорлағымен,ана жанын қас-қабағынан,жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.Әрине,ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда,әсіресе әйелімен қабағы жарасып,тату,сүйіспеншілікке тұрғанда,оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін,өнегелі өміршкң салтын,діни жол-жосығымызды ескергенде ғана оның қадір-қасиеті,бүкіл отбасын,ауылды ағайын-туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет