2.3 Жүргізілген зерттеу жұмыстары
Үшағаш негізгі орта мектебінің толық емес отбасының қатарына жататын 7 отбасы жатады оқушыларға және оның ата-анасына сауалнама жұмысын жүргіздім.
Ата-анаға сауалнама
1)Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2)Балаңыздың жасына қарамай,онымен ақылдаса аласыз ба?
3)Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4)Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5)Балаңыздың ісі ашуландырған кезде,өзіңізді ұстап,ашуды жеңе аласыз ба?
6)Балаңыздың орнына өзінізді қоя аласыз ба?
7)Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8)Өзіңіздің басыныздан өткен балалық шағыныздан ескертілетін жағдай айтасыз ба?
9)Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді,сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10)Балаңызға уәде беріп,жақсы мінез-құлқын ескере отырып,уәдеңізді орындайсыз ба?
11)Балаға қалаған ісін жасауға,өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12)Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе,себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13)Балаңыздың көз жасы,дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз,оған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
Әрқашан жасаймын,келісемін-3 ұпай
Кейде ғана келісемін-2 ұпай
Келіспеймін-1 ұпай
0-16-Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен проблема.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандарының көмегіне сүйеніңіз.
17-30-Балаға қамқорлық жасау-бірінші кезектегі маңызды іс.Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар,тәжірибеде әрқашан бір қалыпты,бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз.Кейде қатал,кейде мүлдем жұмақсыз.Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39-Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны.Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай,әрі ойын тануға,сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Ата-ана жауабы:
1)әрқашан жасаймын,келісемін
2)әрқашан жасаймын,келісемін
3)әрқашан жасаймын,келісемін
4)әрқашан жасаймын,келісемін
5)әрқашан жасаймын,келісемін
6)әрқашан жасаймын,келісемін
7)әрқашан жасаймын,келісемін
8)әрқашан жасаймын,келісемін
9)әрқашан жасаймын,келісемін
10)әрқашан жасаймын,келісемін
11)әрқашан жасаймын,келісемін
12)келіспеймін
13)әрқашан жасаймын,келісемін
Нәтижесінде сауалнамаға жауап берген ата-аналар 37ұпай жинады.Ол дегеніміз-бала сіздің өмірініз үшін ең құнды болғаны.Сіз баланызды түсініп қана қоймай,әр ойын тануға жәнеде балаға сыйлы көзбен қарауға тырысатындығыныз байқалды.
Оқушыға арналған сауалнама
Сыныбы 1-9
1.Сен бос уақытыңды қалай өткізесін?
1)спортпен айналысамын
2)достарыммен қыдырамын
3)туыстарыммен бірге боламын
4)үй шаруасымен айналысамын
5)кітап оқимын
2.Сенің ойынша,қазіргі таңда оқушылар арасында қандай өзекті мәселелер бар?
1)нашақорлық,маскүнемдік
2)басқа діни ағымдарға секталарға өту
3)ата-аналармен түсініспеушілік
4)отбасының материалдық жағдайының төмендеуі
5)білім алуға деген немқұрайлылық
3.Сенің басында бопсалау,зорлық-зомбылық (әлімжеттік,қорқыту,ұрып-соғу) т.с.с сияқты мәселелер орын алып жатыр ма?
1)ия,орын алып жатыр
2)ата-анам тарапынан ұрып-соғу
3)сыныптастарымнан әлімжеттік
4)үлкен балалардан,қыздардан қысым
5)ұстаздардан (таяқ жеу,қысым,бөлушілік)
4.Сен ұстаздарыңның сабақ беруіне көңілін толады ма?
1)көңілім толады
2)көңілім толмайды
3)өз пікірін
5.Сыныппен қарым-қатынасын қалай?
1)жақсы
2)жаман
3)қанағаттанарлық
6.Мұғалімдермен қарым-қатынасын қалай?
1)жақсы
2)жаман
3)қанағаттанарлық
4)өз пікірін
7.Саған мүмкіндік берілсе мектептің білім және тәрбие жүйесіне қандай өзгерістер енгізер едің?
1)Өз пікірін
8.Сен қай мұғалімнің сабақ түсіндіргені ұнайды оңай түсінесін? (сабақ беруі ұнайды)
(есмін жаз)
9.Саған қай мұғалімнің сабақ түсіндіргені ұнамайды?
(есмін жаз)
10.Саған мектеп ұнайды ма?
1)ия,ұнайды
2)жоқ,ұнамайды
3)басқа мектепке кеткім келеді
Себебі:
11.Сен мектепке қуанышпен барасын ба,әлде үйде қалғын келе ме?
1)ия,мектепке асыға қуанышпен барамын
2)жоқ барғым келмейді
Себебі:
12.Сен сабақтан көп қаласын ба?
1)ия,себепсіз көп қаламын
Себебі:а.денсаулығыма байланысты көп қаламын
ә.үйдегі мәселелерге байланысты қаламын
б.әлеуметтік жағдайға байланысты (киім,аяқ-киімнің жоқ болуы)
2)жоқ қалмаймын
3)себепсіз ғана қаламын
13.Сен бағалап,үлгі тұтатын мұғалімдеріңнің есімін жаз
Оқушы жауабы:
1)үй шаруасымен айналысамын
2)білім алуға деген немқұрайлылық
3)жоқ,болмайды
4)көңілім толады
5)жақсы
6)жақсы
7)барлығы өз қалпында болса деймін
8)Света Қайдарова
9)барлық мұғалімнің сабақ бергені ұнайды
10)ия,ұнайды
11)ия,мектепке асыға қуанышпен барамын
12)жоқ қалмаймын
13)Света Қайдарова
Ақдонов Бақытжан
Кенжесов Еділ т.б жалпы мектептегі барлық мұғалімдерден үлгі аламын
Нәтижесі:Оқушының берген сауалнамасынан шығатын қорытынды сабақты жақсы оқитындығы,жәнеде үй шаруасымен айналысып анасына көмектесетіндігін көруге болады.Сонымен қатар мектептегі мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болып сабаққа бар ынтасымен қатысатынын түсіндім.
Достарыңызбен бөлісу: |