Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет3/10
Дата30.07.2022
өлшемі82,32 Kb.
#37987
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2 Жоба мақсаты – STEM білім беру негізінде оқушылардың физика пәні бойынша даярлығын жетілдіру, оқушылардың инженериялық және технологиялық салаларда қызмет атқаруға қызығушылықарын арттырып, креативті тұлға ретінде қалыптастыру. Физиканы оқытуда STEM білім беруге көзқарасты дамыту арқылы креативті түлектердің жаңа білімге қарай ұмтылысының өзіндік моделін әзірлеу.
2.3 Жобаның міндеттері:
- STEM білім беру негізінде оқушылардың креативтілігін дамытудың теориялық негіздерін айқындау.
Бұл міндетті іске асырудың нәтижесінде STEM технологияны қолданудың, креативтілікті дамытудың теориялық негіздеріні айқындалады. Жоғары рейтингті журналдарда жарық көркен ғылыми әдебиеттерге, оқы практикаға ие оқу құралдарына талдау жасалынады; Түркістанға қарасты ауылдық және қалалық мектептерде физика пәні мұғалімдерінен, оқушылардан сауалнама және тест сияқты бақылаулар жүргізіледі, STEM технологиясының қажеттілігі және оқушылардың креативтілік көрсеткіштерінің бастапқы деңгейі анықталынады.
- STEM технологиясын пайдаланып оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде оқытудың дидактикалық жүйесін айқындау;
Аталмыш міндет бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижесі – мектеп физика курсын STEM технологиясы негізінде оқытудың әдістері, формалары және құралдары жасалынып, оқу үдерісіне енгізіледі. Оқушылардың креативтілігін дамытуға баса назар аударылып, STEM кабинеттерін ұйымдастыруға және эксперименттік мектептердегі демонстрациялық құрал жабдықтардың кемістігін реттеу бойынша жоспарлар жасалынады;
 Мектеп физика курсын STEAM білім беру негізінде креативтілікті дамытуға оқытудың мазмұнын айқындау;
Физика пәні бойынша оқушылардың креативтілік көрсеткіштері айқындалады; эксперименттік мектептерде STEM кабинетіне қажетті қондырғылар, құрал-жабдықтар оқу үдерісіне ендіріледі; дидактикалық жүйеге сәйкес физика сабақтарын оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде ұйымдастыру және өткізудің мазмұны анықталады. Оқушыларға өндірісте және еңбек нарығында, бизнесте қолдануға болатын қондырғыларды өз қолымен жасап көруге, практика жасауға және жаңа идеяларға өз бетінше жетуіне бағытталады.
- «STEM және Креативтілік» электрондық порталын іске қосу (web сайт); STЕM білім беруге арналған десонстрациялық құрал-жабдықтарды жетілдіру, мини жобаларға қажетті жабдықтарды әзірлеу; «STEM және Креативтілік» саласы бойынша оқу құралдарын шығару, физиканы оқыту үдерісінде қолдану;
Нәтижесінде - оқушыларға шектеулі бюджетпен физикалық кіші жобаларды орындауға және сол арқылы олардың креативтілік көрсеткіштерін дамытуға, қолда бар жарамсыз материалдарды іске қосуға, жаңа идеялар бойынша топтық жұмыстар атқаруға мүмкіндік береді. Роботатехника элементтері, цифрлық оқыту ресурстары зерделенеді; STEM жабдықтарды жасауға және жарамсыз құрал жабдықтарды іске қосуға қажетті 3D негізді бағдарламалар сараланады; STEM кабинеттер құрылады, инновациялық өнімдер жасауға мүмкіндік туады.
- Түркістанның қаласына қарасты мектептерде физика пәні мұғалімдерінің STEM білім беру бойынша біліктілігін арттыру тренингтерін, семинарларын, жәрмеңкелерді ұйымдастыру;
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты мектептердің 40 жасқа дейінгі физика пәні мұғалімдері жоғары практикалық жұмыстармен негізделген тренинг курстарынан өтеді. STEM кабинеттерді қолдануды, веб-сайтпен жұмыс жасауды, сонымен қатар, факультативтік сабақтардың мазмұнымен танысады.
- жалпы физика курсы бойынша жасалған цифрлық білім беру ресурстарын, оқу құралдарын, веб-сайттардың республикалық мектептердің оқыту үдерісіне ендіруге мүмкіндік жасау. Эксперименттік мектептерде тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерінің тиімділігін негіздеу, тесттерді құру, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану.
- Зерттеудің нәтижесінде жасалынған дидактикалық материалдармен тұтынушылар толық қамтамасызданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет