Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет6/10
Дата30.07.2022
өлшемі82,32 Kb.
#37987
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6. ЗЕРТТЕУ ОРТАСЫ
Жобаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын өтініш берушінің қолында бар материалдық-техникалық база тізімі:

1. Жоба жетекшісінің авторлығында құрылған «Handbook of physics» мобильді қосымшасы, «Physics», «Physics Phenomens» цифрлық білім беру ресурстары: 200 CD дискі.


Қолданыс бағыты: эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруға, оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылады.
2. Жоба жетекшісінің авторлығында жарыққа шыққан «Mechanics», «Мектеп экспериментінің техникасы» оқу құралдары. 300 дана.
Қолданыс бағыты: эксперимент жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қолданылады.
3. Компьютер (Dell OptiPlex 3010, 2013ж). 30 дана.
Қолданыс бағыты: Зерттеу бағыты бойынша күнделікті іс-қағаздарды, құжаттарды дайындау, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
4. 3D принтер Creality Ender-3. 1 дана.
Қолданыс бағыты: Бағдар бойынша модельдеу әдісіне негізделген 3D принтер – робототехника элементтерін, цифрлық білім беру ресурстарын жасауға, істен шыққан құрал-жабдықтардың кішігірім бөлшектерін басып шығаруға пайдаланылады.
5. Күн батареялары элементтерінің жиынтығы. 40 дана.
Қолданыс бағыты: STEAM кабинеттерін жабдықтауға, цифрлық білім беру ресурстарымен байланыстырып, комплексті кешендер жасауға пайдаланылады.
6. Принтер 3 в 1 ( Canon i-SENSYS MF3010, 2015;). 3 дана
Қолданыс бағыты: Сабаққа қажетті көрнекіліктермен білімгерлерді қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік құралдарды баспадан шығару.


Жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Физика» кафедрасымен, Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Әуезоав атындағы ОҚМУ-мен, Туркия Республикасындағы бірнеше университеттермен, атап айтсақ, Гази, Сакарья, Хаджаттепе, Акдениз унверситеттерінің физика кафедраларымен ғылым, білім беру және жоғары білікті жас мамандарды дайындау саласында тығыз қызмет істейді.
Жоба барысында «Сакарья» университетімен, (Сакарья, Туркия) және «Колорадо» Мемлекеттік ғылыми мекемесімен (США) бірлескен жұмыстар жоспарлануда. Осы Жобада шетелдік ғалым-кеңесшілер ретінде Сакарья университетінің профессоры Али Чорух және АҚШ-нан профессор Марк Дорр қатысуы болжанады.
Мобилділігін негіздеу
Жоспарланған дағдыландырулар мен іс-сапарлар STEM-парк жұмыстарымен танысуға, екі жақты қажетті білім беру өнімдерін жасап шығаруға және оны коммерциализациялауға, зерттеу әдістемелері бойынша кеңестер алуға және жоғары импакт-факторы бар ғылыми журналдарда бірлескен басылымдарды дайындауға бағытталатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет