Ғылыми жeтeкшiлерi: a/ш.ғ. к, профессор О. Дүйceнбeкoвa


 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы «Жамбыл» ауылында биогаз алу мен қолданудың биотехнологиясы



бет8/13
Дата26.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#87214
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2.2 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы «Жамбыл» ауылында биогаз алу мен қолданудың биотехнологиясы.

  • Зерттеу барысында дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының «Жамбыл» ауылына қажетті биореактордың көлемі, биогаздың өнімі мен қажетті мөлшері анықталды. Үй жануарларының (малдың) санына қарай шикізаттың (көңнің) тәуліктік дозасы (мөлшері) анықталды. ДШ – шикізат дозасы.
  • Малдың санына қарай ДШ анықтау:
  • Мүйізді ірі қара 1989 х 36 кг = 71604 кг = 71,604 т (тонна)
  • Қой-ешкі 10404 х 4 кг = 41616 кг = 41,616 т
  • Жылқы 459 х 10 кг = 4590 кг = 4,59 т
  • Құс 5355 х 0,16 кг = 856,8 кг = 0,8568 т
  • Барлығы 118666,8 кг немесе 118,6668 т
  • Яғни бір тәулікте түзілетін шикізаттың дозасы ДШ = 118,6668 т құрайды.
  • Зерттеу жұмысы жаз айларында жүргізілуіне байланысты, қажетті ылғалдылыққа жеткізу үшін шикізатпен су мөлшерінің арақатынасы 2:1 құрады. Яғни, шикізатқа қосылатын су дозасы ДС = 59333,4 литр.

Мүйізді ірі қара, жылқы, қой-ешкінің көңінің, құс саңғырығының ашу процесінде биогазды көп мөлшерде 10-15 күнде бөлуіне байланысты, реактордағы ашу процесіне мезофилді режим таңдалды. Ашытудың мезофилді режимінде реактордың айналу уақыты 10-20 тәулік құрайды және шикізатты қолданудың тәуліктік дозасы (Д) реактордағы шикізаттың жалпы көлемінің (ШЖ) 1/20-ден 1/10 құрайды. Қондырғыдағы шикізаттың жалпы көлемі реактордың 2/3 көлемінен (РК) аспауы қажет.

  • Мүйізді ірі қара, жылқы, қой-ешкінің көңінің, құс саңғырығының ашу процесінде биогазды көп мөлшерде 10-15 күнде бөлуіне байланысты, реактордағы ашу процесіне мезофилді режим таңдалды. Ашытудың мезофилді режимінде реактордың айналу уақыты 10-20 тәулік құрайды және шикізатты қолданудың тәуліктік дозасы (Д) реактордағы шикізаттың жалпы көлемінің (ШЖ) 1/20-ден 1/10 құрайды. Қондырғыдағы шикізаттың жалпы көлемі реактордың 2/3 көлемінен (РК) аспауы қажет.
  • Яғни, реактордың көлемі РК = 1,5 х ШЖ тең болады.
  • ШЖ = 10 х Д, ал Д =ДШ+ДС
  • ДШ =118666,8 кг
  • ДС = 59333,4 л
  • Д = 118666,8 кг + 59333,4 л = 178000,2 кг = 178 т.
  • ШЖ = 10 х 178 т = 1780 т.
  • РК = 1,5 х ШЖ = 1,5 х 1780 т = 2670 м³
  • Яғни, «Жамбыл» аулында мал санына байланысты биореактордың көлемі 2670 м³ шамасында биогаз қондырғысын орнатуға болады.
  • Биогаздың өнімі малдың түріне байланысты анықталып, жалпы мөлшері есептелді:
  • Мүйізді ірі қара 71,604 т > 2721 – 3688 м³
  • Қой-ешкі 41,616 т > 1894 – 3912 м³
  • Жылқы 4,59 т > 139 – 209 м³
  • Құс 0,8568 т > 40 – 81 м³
  • Барлығы 4794 – 7890 м³


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет