Ғылыми жeтeкшiлерi: a/ш.ғ. к, профессор О. Дүйceнбeкoвa



бет2/13
Дата26.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#87214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Кіріспе

  • Соңғы кезде дәстүрлі емес энергия көздері – күн сәулесі, теңіз ағыстары және толқындары т.б. пайдаланылып жүр. Олардың кейбіреулері, мысалы жел, бұрынғы кездері де қолданылатын, бүгінде де үлкен қолданыста. Ежелгі Қытайда қолданылып «ұмыт болған» және біздің кезімізде тағыда «ашылған» шикізаттардың бірі – биогаз. Биогазды автомобиль жанармайы, электроэнергия, жылу мен буды өндіру үшін жанармай ретінде пайдаланады. Мысалы: Үндістанда, Вьетнамда, Непалда және басқа да елдерде кішігірім биогаз құрылғыларын жасайды. Олардан алынған газ тамақ дайындау үшін қолданылады. Биогазды өндіру атмосфераға метанның бөлінуін тоқтатады.Сондай-ақ, өңделген малдың қиы ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады. Бұл химиялық тыңайтқыштарды қолдануды азайтады, яғни жерасты суларға қысым төмендейді. Метан парниктік эффектке СО2 –ден 21 есе көп ықпал етеді және атмосферада 12 жыл бойы сақталады. Метанды атмосфераға жібермеу - ол атмосферадағы глобальды жылынуды тоқтатудың ең қысқа мерзімді және тиімді жолы.
  • Осы орайда бұл жұмыстағы негізгі мақсатым:
  • дәстүрлі емес альтернативті энергия алу жолдарын қарастыру арқылы ауылшаруашылық өнімдерінен биогаз алудағы жаңа жолдар табу.
  • Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
  • 1.биогаздың құрамын, алыну жолдарын зерттеу;
  • 2.биогазды басқа елдерде , біздің елде қалай пайдаланатынын зерттеу;
  • 3. биогазды алудың тиімді әдістерін іздестіру;
  • 4. оның биохимиялық әдістерін Жамбыл ауылында зерттеу; Химия, микробиология, биотехнология, геоботаника, өсімдіктер физиологиясы, генетика, инженерлік энзимология, молекулярлы биология, микроэлектроника т.б. ғылыми және техникалық пәндердің жетістіктерін қолдана отырып, биоэнергетиканы табысты дамытуға болады.

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1 Биогаз алуды мақсаты мен міндетті

  • Биогаз дегеніміз не? Түрлі органикалық заттарды анаэробты ферментациялау (қайта булау) кезінде, яғни ауа қатынасынсыз жүретін үрдістер нәтижесінде алынған газ тәріздес өнімді осы терминмен атайды. Әрбір шаруа қожалығында жыл ағымында айтарлықтай көлемде қи және өсімдік пәлектері, әртүрлі қалдықтар жиналады. Ол қалдықтар шіріген соң, әдетте органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылады. Бірақ ферментация кезінде қаншама биогаз бен жылу мөлшері бөлінетінін біле бермейді. Ал бұл бөлінген энергия ауыл тұрғындарына жақсы көмегін тигізеді.
  • Биогаз – газдар қоспасы. Оның негізгі компоненттері: метан (СН4) – 55 - 70%, көмірқышқыл газы (СО2) – 28 – 43%, сонымен қатар өте аз мөлшерде басқа газдар, мысалы күкірттісутек (Н2S).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет