Ғылыми жұмыс “Асық ойындары ” Орындаған



бет2/4
Дата26.04.2023
өлшемі24,63 Kb.
#87283
1   2   3   4
Жұмыстың мақсаты: Асық ойындары арқылы қазақ жасөспірімдерін қазақтың дәстүрлі ойындарына қызықтыру және жіті таныстыру.
Жұмыстың өзектілігі: Асық ойыны ертеден келе жатқан ойындарының бірі болып келеді және ең танымал. Асық ойыны қазақ дәстүрлерің әлемге көрсетеді.
Жұмыстың жаңашылдығы: Асық ойыны ұмытылып бара жатыр сол себептен біз асық ойының қайта көрсетіп әр адамға қызыұтылығым көрсеткіміз келіп тұр.

Бөлім 2
Асық ойынына тамсанып асық ойындарына, асыққа арнап ақындар өлең жырлайтын, мысалы:


Дәурен Айманбетов мырзамыз айтқандай:
Асық атқан алаңсыз бал шағым-ай
Уақытты артқа біреу кеп қалса бұрай
Асық көрсем , бұл кеуде , неге екенін
Ауылға ауып тұрады аңсары ұдай
Оған тағы мысал:
Сағынып сыздап жүр кеудем,
Елес жоқ бала күндерден …
– Ойнайық омпы, үштапан!
Шеңбер сыз, қане!
– Кiм мерген?
– Ал, иiр, иiр сақаңды!
– Алшы тұр, күнiң тақалды!
– Сен қарау баспа, әйтпесе,
Шақырып келем атамды.
– Жылатпа сараң неменi,
Ыңырси қалу – өнерi…
– Кел, сақа айырбастайық!
– Құлжа ғой маған керегi.
Өлiктен асық жиятын,
Ұятың жоқ қой, ұятың!..
– Ұта алмай жүрмiн, сақама,
Қорғасын бар ма құятын?
…Сақаны сайлап, шымыр ғып,
Сөреден көздеп… жүгiрдiк.
Сәл кейiн өмiр жолына,
Бiз де асық болып тiгiлдiк.
Орнымыз мүлде өзгерiп,
Сыналар сәтке кез келiп,
Тағдырдың өткiр көзiмен,
Көзделiп тұрмыз, көзделiп.
Елес жоқ өткен күндерден,
Шеңберде тұрмыз түрленген.
Жанай кеп тиiп, жығылтпа,
О, тағдыр-еке, сұрмерген!..

3 Бөлім
Асық ол қазақ-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Асық ойынының түр түрі бар оларды айта кетсем: Алшы, көтеріспек, кетсін бір омпы, өріс, құмар , хан алшы ,тасқала , т.б деп аталған ойындары бар.


Алшы асық ойыны.
Бұл ойынды да тек асығы бар балалар ғана ойнай алады. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Әрине, асықты қыз балалар ойнамайды. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:
Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң бір бала ойыншылардың кезектерін аңықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Яғни ,кімнің кімнен киін асықты ататынын аңықтайды. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі - бірінші , тәйке түскен екінші , бүк түскендікі үшінші , шік түскендікі төртінші атады. Осылайша , кім нешінші ататындығын аңықтағаннан кейін , енді осы кезекте бойынша ойыншылар сақаларын тағы иіре бастайды. Иірген кезде сақасы алшыдан түскен ойыншы көндегі асықты жинап алады. Көнге асық қайта тігіледі. Ал тәйке түскен сақаның иесі ойыннан шығып қалады,яғни сақасын, кезегін өзінен кейінгі ойыншы атады, мұндай жағдайда оның сақасы иірілмейді. Ал бүк, шік түскен сақалардың иелері, өзара кезектерімен көндегі ата бастайды. Атқан кезде, айтылған асық пен сақа бір жақты алшы немесе тәйке, бүк, шік түссе асықты алып ары қарай ата береді. Яғни, атқан кезде – сақа алшы түсіп, асық кез келген түрде жатса, егер сақа тәйке түсіп – асық та тәйке түссе, егер сақа да, асық та бүк, немесе шік түссе, мұндай жағдайда асықты алып, әрі қарай ата береді. Қалған басқа жағдайда ешкім де асықты алмайды. Асықты атқан кезде де ойыннан шығып қалатын жағдай болады. Егер асықты атқан кезде, сақа тәйке түсіп, асық бүк немесе шік түссе онда сақа атыладыда әлгі бала ойыннан шығып қалады. Тәйке түскен сақаны өзінен кейінгі кезекте тұрған бала атады. Бұл жерде мына бір жағдайды ескере кеткен жөн. Көндегі асықты сақаның жатқан жерінде тұрып ату керек, ал тәйке түскен сақаны көнде тұрып ату керек, ал тәйкекеге тигізе алмай қалса, онда атқан ойыншы ойыннан шығып қалады, демек көнге тіккен бір асығынан ұтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет