Ғылыми жұмыс “Асық ойындары ” Орындаған



бет4/4
Дата26.04.2023
өлшемі24,63 Kb.
#87283
1   2   3   4
Байланысты:
Ғасыр,Елқанат.

Көтеріспек ( Aтбақыл )
Халық арасында атбақыл деп аталып кеткен бұл,ойынға екi бала қатысады . Олар бұл ойынды өздері келiсiп алып ұнатқан жерiнде ойнай береді . Ойыншылардың әрқайсында тек сиырдың асығы болу керек.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ .
Ойыншылардың екеуі өзара келiсуiмен бiреуi сақасын алысырақ иiредi, екiншiсi сол сақа иiрiлген орыннан тұрып иiрiлген сақаны атады. Бiрiншi атқан бала қарсыласының сақасына тигiзсе , онда қарсыласы сол атқан жерден оның сақасынын жатқан жеріне дейін көтеріп апарады да, сол жерден сақасын қайта иіреді . Ал қарсыласының сақасына тигiзе алмаса қарсыласы өз сақасын алып сол орыннан бiрiншi ойыншының сақасын атады , егер атқан сақасына дәл тигізсе ол да соны істейдi , тигiзе алмаса қарсыласы қайта атады . Сөйтiп , бiрiнiн сақасын бірі атып екi бала алдыға қарай жылжи береді . Ойынды канша уақытқа созса да балалардың өз еркiнде .
Асық ойындарының басқа да көптеген түрделі бар. Мысалы « Аламан хан », « Кетсін бір » жәнеде XX ғасырдың 60-70 жылында пайда болған ойындарда аз емес, көз жүгіртсек мына ойында « Алматинка », « Өріс », « Табан », тағыда басқалары.
Қорытынды
Қорытындылай кетсек, қазіргі мына заманда асыққа деген қызығушылық төмендеп бара жатқандай-мыс, оған дәлел қаракөз қазақтың балаларының екіден бірі асықтың қалай жасалып, қалай ойналатынын білмейді.Бұл мәселені мән бермей, жай қалдыра салуға болмайды. Себебі, қазіргі ұрпағымыз ұлтық құндылықтарымыздың бірі ұлтық ойындарымызды ұмытса, кейін не болмақ? Қалған құндылықтарымызға да мән бермеді ме? Біз қазірден бастап болашағымызды ойлап, болашаққа көз жүгіртуіміз қажет. Ал болашақ жастардың қолында, сол себеп біз жастарды жақсылап тәрбиелеуіміз қажет. Жастарды ұмтылып бара жатқан пайдалы ұлтық ойындарға шақыру. Мысалы: қазақтың ұлтық ойыны « асық » ойынына. Бұл ойынды жиі ойнауға кеңес беретіндей, бұл ойынның пайдалы қырлары өте көп. Асық ойыны адам баласын шапшандыққа, ептілікке, айналаға назар аударуға , тағы да бұдан бөлек пайдалары жетерлік. Бұл ойынды кез келген жерде, кез келген уақытта ойнауға , тек асықтар болса болғаны. Асық ойыны жайлы қазіргі жастар өте көп ақпараттарды білмейді. Оның қатарында асық ойынының техникасы. Асық ойындарының өзіндік бір техникалары болады. Мысалы,асықты қалай дұрыс иіру, сақамен асықтарға тигізу үшін белгілі бір жылдамдық және дәлдік керек тағы да басқалары. Осының бәрі асық ойынының техникаларының бірі болып саналады. Егерде сен епті әрі ойын ережелерін жасқы білсен және де ойын техникасын түсынсен, онда асық ойының да жеңу қиындық тудырмайды.
Қазір мәдениет және спорт министрлігі осы және өзге ақпараттарды еске отырып, өзіміздің төл ойындарымызды дәріптеу мақсатында көптеген қалалық, облыстық, республикалық жарыстар өткізілуде. Соған байланысты көптеген мектептерде осы асық ату үйірмелері ашылып жатыр. Сонын қатарында біздің Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп- интернатта да, асық ату үйірмесі ашылды. Мектебімізде ашылған үйірме өз жемісін берді. Мысалы, мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жұман Бекарыс жақында Жетіқара қаласында өткен облыстық жатырта топ жарып 3-інші орынды қанжығасына майлады. Осындай немесе бұдан да басқа ұлтық ойындарды дамытып, басқа қырларынан танытатын жарыстар, бағдарламалар, сайыстар болса нұр үстінен нұр болар ма еді.
Қазір бәрі де заман талабына сәйкес болуы керек, әйтпесе қолданыстан шығып қалуы ықтимал, сондықтан да осындай маңызды ойындарды, құндылықтарымызды, балаларға жастайынан гаджет, смартфондардан гөрі осы асыққа баулуымыз қажет деген ойдамыз. Еліміздің болашағы жастардың қолында, сондықтан да біз қазірден бастап болашақ ұрпақты жақсы жаққа баулуымыз керек,яғни, олардың өздеріне пайдалы іспен айналысуына көніл бөлуіміз қажет. Гаджет, сматфондардың дұрыс қолданса пайдасы бар, бірақтан зияндарыда аз емес.Көзімізге дасыл бермей қолдансақ, көзіміз нашарлайды. Бірінші байлық денсаулық демекші біз денсаулыққа пайдалы нәрселермен айналысуымыз қажет. Сол үшін біз ата-бабаларымыз салған жолмен жүруіміз тиіс. Біз атадан қалған мұраларымызды жылдар өте әрдайым жаңартып отыруымыз керек, егерде ол қолымыздан келмесе ол бізге сын. Ата-бабаларымыз ұрпағына не пайдалы екендігін білген сондықтан бізге асық ойнатқан. Біздің еш уақытта атадан қалған аманатқа қиянат жасамай оны әрі қарай жалғауымыз өзімізге пайдалы.
Қосымша қолданған дирек көздері:

  1. « Ана тілі » газеті №27 (1128) 5 - 11шілде 2012 жыл

  2. « Ана тілі » газеті №29 (1287) 23-29 шілде 2015 жыл

3.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет