Хан ( хан алшы ) Ойынға тек асығы мол 2-4 адам қатыса алады .Сондықтан да оны үй жағдайында ойнай беруге болады .Ойынның мақсаты — асық ұту.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:
Ойнаушылар стол басына жайғасып отырғаннан кейін. Барлығы асықтарың шығарып қосады (айталық 3 адам – 10 асықтан қосса 30 асық болады ). Бір белгілі ачықта <хан> етіп тағайындайды да , кезекпенен барлық асықты қосқолдап алып еден үстіне иіреді. Ойнаушының мақсаты Асық ұту ,ол үшін асықпен ханды атады:айталық асықтың бәрің иірген кезде хан алшы түссе, онда алшы тұрған асықпен ғана ату керек. Атқан асығын қалтасына салып, қойыпары әрі қарай жалғастыра береді. Егер ойнаушылардың бірі қолындағы асықпен ханды атайын атқан асығы оған тимесе , ханның тұрғысындағы тұрған асық жоқ болса , онда ойнаушы атауын тоқтатады. Содан кейін асықты жинап алып келесі кезектегі ойыншы иіреді , ол ал асықты атып ала береді. Бұл ойыншы да жоғарыдағы тәртіпті бұзғаны үшін ойынды тоқтатады.Келесі кезектегі ойыншы кіреді. Сөйтіп асық таусылған кейін ойынды қайта бастайды. Бұл жерде ескертетін мынадай бір жағдай бар. Асықты иірген кезде асықтыиіруші ханды Қарабастау деп дауыстайды .Осы сәтте күтіп күтіп бәрін байқап отырған ойыншылар көшедегі асықты бас салып ала бастайды. Кімнің қанша асық алғашында ешкімнің шаруасы болмайды.
Құмар Бұл ойынды бозбалалармен жігіттермен қоса әдетте ересектерде ойнайды. Сондықтан да көпшілік ойнайтын ойын болғандықтан тойдумандарда, кештерде ойнау шарт емес. Мұны 2–4 адам ойнай алады. Күні бұрын ойнаушылардың өзара келісуі бойынша женімпазға арнаулы жүлде тағайындалады. Ойынға өте жақсы жонылған табаны қаралған төтэрт асық керек.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:
Ойыншылар дастарханды жағалап жайғасып отырғаннан кейін кезек кезек төрт асықты иіреді.Егер иіруші: төрт бүк , не төрт шік,не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, әйтеуір кез-келген біреуі түссе жүлденің жартысын алады. Егер иірген кезде төрт асық төрт түрлі түссе онда тігілген жүлде біткен сайын қайтадан тігіліп отырады. Әдетте көнге асық тігіп ойнаса , өткен замандарда қозы , лақ, қой тігіп ие ойнаған.