Жұмыстың өзектілігі: Заманауи тұрмыстық қалдықтардың жағдайларын және кәдеге жарату әдістерін анықтап тексеру.
Зертеудің мақсаты: Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу.
Міндеті: Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;
Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасау;
Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру;
Зерттеу әдісі: Зерттеуде салыстыру, сәйкестендіру, талдау, тұжырымдау, нақты материалдарды қорытындылау арқылы жасалды. Жұмыс екі бөлімнен тұрады.
Зерттеу объектісі: Қоқыс
Зерттеу болжамы: Егер бұл жұмыс іске асар болса, қоршаған ортамыздың тазалығын сақтау жолдарын, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жолдарын тауып, Қазақстанның экономикасына пайдасы болары сөзсіз. Қазақстанның болашағы біздің қолымызда.
1.1. Кіріспе ескертулер Қазіргі замаңдағы қатты тұрмыстық қалдықтар проблемасы Тарихи "муниципалитет қалдықтары" деп қала басшылардың басшылығымен көмілген қалдықтарды атайды. Ал дамыған елдерде бұндай қалдықтар мен арнайы жеке кәсіпкерлердің басқаруымен жүргізіліп тұрмыс қалдықтары да қарастырылады. Жиналатын қоқыстардың мөлшері ұдайы өсіп келеді. [1] Қазіргі уақытта әрбір азаматқа жылына 150-600 кг қоқыстан келеді. Қоқысты ең көп шығаратын елдер: АҚШ (бір тұрғынға жылына 520кг), Норвегия, Испания, Швеция, Нидерландтар-200-250 кг, Мәскеу қаласы-300-350 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтар негізінен тұрғындардың өмірінде, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет үрдістерінде пайда болған тұтыну саласының қалдықтары болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін металл қалдықтары болып табылады. Бұл қылдықтар тұрғын үйлерде, мекемелерде, жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда пайда болады және жинақталады.
Өнеркәсіп қалдықтарын шығару қажет, өйткені бұл қалдықтар көпшілік жағдайда зиянды заттардан тұрады, ол қоршаған ортаны ластап қана қоймай, сонымен бірге адамның денсаулығына зиян келтіреді. Өндірістер кейін қалған қоқысты шығару осыған арналған арнайы контейнер-жинақтауыштармен жүзеге асырылуы қажет. Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың негізгі тәсілдері – бұл арнайы қоқыс полигондарына апару. Бұдан басқа, өнеркәсіп қалдықтарының шағын бөлігі температурасы жоғары пештерде жағылады.
Хабарова У.И., Панов С.А. Экология в таблицах. 10(11):
Справочное пособие.-2-е изд.-М.: дрофа, 2001.-128 с.