Ғылыми жоба: Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату


Пластмастан жасалған өнімдер



бет5/5
Дата13.02.2023
өлшемі23,73 Kb.
#67412
1   2   3   4   5
Пластмастан жасалған өнімдер
Табиғатқа залалы: топарақта және сулы орталарда газ алмасуына кедергі келтіреді. Жануарлармен жұтылып олардың өліміне әкелуі мүмкін.
Адамға зияны: пластмастар ыдырау кезінде улы заттар түзуі мүмкін.
Ыдырау жолдары: ауадағы оттегі арқылы аз-аздап тотығады. Күн сәулелері арқылы баяу жойылады.
Сонғы ыдырау өнімі: көмірқышқыл газ және су.
Ыдырау уақыты: шамамен 100 жыл, одан да көп болуы мүмкін.
Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы және су.
 
Азық-түлік өнімдерге арналған қорабтар
Материал: қағаз және пластмасс түрлері.
Табиғатқа залалы: жануарлар жеп қоюы мүмкін.
Ыдырау жолдары: ауадағы оттегі арқылы аз-аздап тотығады. Күн сәулелері арқылы баяу жойылады.
Ыдырау уақыты: ондаған жылдар, одан да көп болуы мүмкін.
Қайта өндеу әдісі: жоқ.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: көму.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы, су, хлорсутегі және улы қоспалар.
Көрсетілген заттарды жағуға мүлдем тиым салынады себебі: диоксид түзілуі мүмкін. 
Батареялар
Өте улы қоқыс!
Материал: мырыш, көмір, марганец оксиді.
Табиғатқа залалы: көптеген ағзалар үшін улы.
Адамға зияны: адам үшін улы.
Ыдырау жолдары: оттегінің әсерінен тотығады.
Сонғы ыдырау өнімі: марганец және мырыш тұздары.
Ыдырау уақыты: жерде –шамамен 10 жыл, тыныш суда–бірнеше жыл, тұзды суда – шамамен бір жыл.
Қайта өндеу әдісі: мырышты мектеп зертханасында сутекті алу үшін қолдануға болады, ал марганец оксидің –хлорды алу үшін.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: дампқа шығару.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: марганец пен мырыш тұздары.
Олардың топырақта сақталу мерзіміне келетін болсақ:

Қағаз

2-10 жыл

Консерв қалбыры

Шамамен 90 жыл

Шылым сүзгісі

Шамамен 100 жыл

Полиэтилен пакеті

Шамамен 200 жыл

Пластмасса

Шамамен 500 жыл

Әйнек

Шамамен 1000 жыл

Келесі қолданылатын термин - ''қалдықтарды басқару''. ''қайта өңдеу'', ''кәдеге жарату'' тіпті ''қалдықтармен жұмыс жасау'' оның кең ұғымдары болып табылады, себебі ол қалдықтарды ұйымдастыруды, оларды кәдеге жаратуды (қайта өңдеуді, жағуды, көмуді және т.б. қоса есептегенде), сонымен қатар қалдықтардың санын азайтуға арналған шараларды қамтиды. Тұрмыстық қалдықтардың құрамы мен көлемі төтенше алуантүрлі және ол тек қана олардың мемлекеті мен жеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар жыл мезгіліне және басқа да көптеген факторларға байланысты. Картон мен қағаз ТҚҚ-ның аса маңызды бөлігін құрайды (дамыған мемлекеттерде 40% дейін ). Қазақстанда санат бойынша екінші орында органикалық, сонымен қатар тамақ қалдықтары, металл, шыны және пластик қалдықтары жалпы санының 7-9 % құрайды. Шамамен 4 % ағаш, текстиль, резенке және т.б. болып табылады.
Муниципалдық қалдықтар саны Қазақстанда өсуде, ал олардың құрамы, әсіресе үлкен қалаларда ТҚҚ-ның құрамына жақындауда, шығыс елдерінде олардын көп бөлігі қағаз және пластик қалдықтары болып саналады. 
Әр түрлі материалдардың табиғи ыдырау процесі белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, қалдықтар проблемасында өзіндік қиындықтар туады. Табиғатта тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлар бактериалардың қатысуымен ыдырап, топырақ бөлшектеріне айналады. Бірақ адам соңғы уақытта табиғатты бактериалар ыдырата алмайтын көптеген синтетикалық материалдар ойлап тапты. Олардың барлығы дамптарға лақтырылып адам ағзасына зиянды заттар бөледі.
Дамптардың қоршаған ортаға зияны
Қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластау экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет