Ғылыми жобаға ұсынылатын ұсыныстар мен тұжырымдар Өз жұмысыма қорытынды жасай отырып, ғылыми жобамның негізінде төмендегідей ұсыныс жасаймын:
1. Ұрпағымызға ұлттық болмысымызды айқындайтын, қазақ болмысына сай діни наным-сенімдерімізді тандай білгеніміз жөн.
2.Қазіргі кезде мектеп бағдарламасына батырлар жырын және діни сенімін арнайы курс етіп енгізсе.
3. Облыс көлемінде батыр бабаларымыздың ұстанған ұрандары мен діни сенімдеріне байланысты жастар арасында жарыстар өткізіліп тұрса.
4. Оқу құралы етіп батырларымыздың діни наным-сенімдерінің кәзіргі таңғағы қолданысы жөнінде кітаптар шығарылса.
5.Батыр бабаларымыздың қайсарлығы мен дінің берік ұстамдылығы жөнінен бейнефильмдер түсірілсе.
Қазақ батырларының ұстанған ұстанымын, істеген ерліктерін, айтылған даналығын, болашаққа бастау болатын жорамалын, ұрпақ бойына сіңіртсек өсер ұрпақтың көкірегі ояу саналы ұрпақ қалыптасуының негізі деп санаймын
Қорытынды Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген батырлар жырының асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмірдің талабы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев: «Халықтың тарихи зердесін ояту керек, еліміздің өмірінде өшпес із қалдырған қоғам және мемлекет қайраткерлерінің келбетін жұрттың жадында жаңғыртуымыз керек. Бірақ бұл жұмыс жүйелі, зерделі зерттеулердің, білікті сараптамалардың негізінде барынша дәйекті тұрғыда жүргізілуі тиіс» деген.Бұл талаптар орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар» деген ойымен сабақтасып жатыр.Сондықтан да еліміздің болашақ тұтқасын қолдарына ұстағалы отырған бүгінгі жеткіншектерге адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып,ең әуелі, туған елі мен жері дегенде көкірегі қарс айрылатан азамат етіп тәрбиелеу қажет.Тәуелсіздікке қол жеткізген тарихқа көз жүгіртіп, оны ұрпақ санасына сіңіре отырып, өз Отанын сүйетін, мақтан тұтатын және оның қамын жейтін, ол үшін күресе білетін азамат тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз.
Ғылыми жобамды қорытындылай келе, Мен батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің бүгінгі таңда да көрініс табуын дәлелдей отырып өз тарапымнан ғылыми тұжырым жасадым және негізгі мақсатына жетіп, тақырыпты аша білдім деп санаймын.