Ғылыми жоба Тақырыбы: «Батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің бүгінгі таңда көрініс табуы»



бет7/9
Дата03.12.2023
өлшемі480,95 Kb.
#133761
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 Ә сынып оқушысы Темиркулова Арай №30 жоббм

Құрбандық шалу – Ибраһим Пайғамбардай (ах.) жалғасып келе жатқан сүннет. Ол Алла жолына арнап шалынатын мал. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла разылығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан.
Қазақ батырлар жырында құрбандық шалу дәстүрі ерекше түрде берілген. Батырлар жырындағы құрбандық шалу рәсімдері:
Айтұяқ шалуТәңірге жалбарынып, құрбандыққа ерекше нышаны бар жылқы сою. Қазақы этномәдени ортада кез келген жылқыны емес, керісінше айрықша нысаны бар жылқыны құрбандыққа шалу дәстүрі болған. Сондай нышаны бар малды, ай тәңірге құрбандыққа шалғанда, құрбандық қабыл болады деп түсінген. Тіршілігінің түп қазығы төрт түлік малдың тұяғы мен мүйізін табиғаттың өзге құбылыстарына емес, тек айға ғана теңеуі қазақ қауымының айды ерекше құрмет тұып, одан мал басының амандығын тілеп, табынуымен байланысты. Мұндай жағдай олардың тыныс-тіршілігінің әр қырынан байқалады. Мәселен, көшпелілер үшін құрбандықтың ең үлкені айтұяқ және боз қасқа. Өзі ақ, тұяғы ай секілді жылқы төрт түлік малдың ішінде тәңірлерге, ата-бабалар аруағына бағышталып союға ең лайықты деп саналған және бұл дәстүр сонау сақтар мен ғұндар заманынан жалғасып келе жатыр. Мысалы, «Бекет батыр» жырында итжеккенге айдалған батырды жұбайының іздеп барған соң аман-есен жеткендігінің шүкіршілігі ретінде айтұяқ шалуға бір бие соятындығы айтылады.
Ақ боз ат шалу – Тәңірге жалбарынып, құрбандыққа шалу. Әсіресе, әлеуметтік мәртебесі аса жоғары уақиғалар кезінде жасалады. Мысалы, боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге отырғызып, ханды көтергенде, ел-жер тағдыры сынға түскен шешуші ұрыстар алдында батырларға, олардың қалың қолына ақ жол тілегенде сойылады. Мысалы, Батырлар жырында осындай үзінділер кездеседі:
Қысылған әскер басының,
Қасына барып тұрғанда.
Ақ боз атты шалғанда,
Мойныңа кісе салғанда
Баба түкті шашты Әзіз,
Содан бата алғанда
Тілеуің қабыл болғанын. «Қобыланды батыр» жырында, Қараман: «Боз ат шалып Құдайға, қырық мың қол алып» Қобыландыға көмекке аттанады. 1726 жылы үш жүздің басы бірігіп, Әбілқайырды бас қолбасшы сайлап, жоңғарға қарсы шыққанда Ақ боз атты шалу рәсімі орындалған.Бұл көріністі бүгінгі таңда Құрбан айт мерекесі кезіндегі Құрбандық шалу рәсімімен дәлелдей аламыз .

ҚҰБЫЛАҒА БАС БЕРУ
Құбыла – мұсылмандардың намаз оқығанда бет бұратын жағы. Қазақ халқында бұл қасиетті орынға байланысты ырым-тыйымдар өте көп. Мысалы, «Қазақ күнге, Айға қарап тұрып, құбыла жаққа,батысқа қараптүзге отырмайды» деген сөз бар. Қазақ халқының ырымдары бойынша Қазақстандағы барлық әулие-әмбие жерлер құбылаға қаратылып қойылған. Мысалы, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі құбылаға қаратылып орнатылған. Құбылаға бас ұру діни наным-сенімі батырлар жырында да көркем бейнеленеді. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында Байбөрінің құбылаға бас ұрып, Аллада перзент сұрайды. Оған жырдан мынандай дәлел келтіре аламын: Құбылаға бас беріп Екі көзге жас беріп, Байбөр Хаққа жалынды: «Жаратқан Жаппар Құдайым Бір баланың жоғынан зорлық қылды маңайым». Қобыланды батыр жырында да «құбыла» сөзі ерекше бейнеленген. Ол қазақ халқының байырғы ырым-тыйымдарының көрінісі болып табылады. Құбыла жақтан жел соқты, Оқпанды сай, жыра екен. Бүгінгі таңда да бұл діни наным-сенім өз жалғасын табуда. Алланың үйі – Меккеде орнатылған Қағба ғимараты да құбылаға қарап орнатылғаннан кейін, «Құбыланы теппе» деген ырым-тыйымдар қазақ халқында көптеп айтылады. Құбылаға қарап бес уақыт намазын оқитын адамдарда бар. Яғни, бұл дәлелдер «Құбылаға бас ұру» дәстүрінің бүгінгі таңда да көрініс табуын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет